Моро: жарқын күндерге бастау

Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы

Моро: жарқын күндерге бастау

Филиппиннің оңтүстігінде Минданао аралында өмір сүретін Моро мұсылмандары бәлкім адам баласы тарихының ең ұзын қайғысы болған, қайғыдан ең көп шаршаған жері болуы мүмкін. 1500 жылдары басталған қайғымен, қанмен, залымдықпен, қасіретпен шыңдалған үрдіс бүгін үмітке бастау алған секілді.  Моро балаларының көз жасы тыйылатын, түнектер артта қалып,  жетім қалмастан болашаққа жылжитын күндер үшін көкжиекте жарық көрінді.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Кудрет Бүлбүлдің мақаласын ұсынамыз.

Моро – түрік тілінде сөйлесетін жағрафияда күнделікті өмірде дұғаларда Палистина,  Эритрея,  Кашмир секілді езілген жағрафиялармен бірге еске алынатын бір аймақ. Мороны жұртшылық бәлкім көбіне Салих Мирзабейоғлуның «Жарқын күрескерлер – Моро дастаны» атты өлеңінен білетін шығар. Бірақ енді Моро мұсылмандарын енді басқаша болашақ күтіп тұр.

Әңгіменің басын 21 қаңтарда өткізілген референдумға бұрғым келеді.

Мороның қысқа тарихы

Исламның Филиппиндегі аралдарға келуі Қиыр Шығыстағы басқа елдерге келуі мен тарауынан басқаша емес.  Моролықтар да мұсылман саудагерлерден таниды Исламды және мұсылмандық уақыт өте келе тарайды.  Мұсылмандар 1500 жылдарға дейін өз мемлекеттерінде ғасырлар бойы өмір сүреді.

Морода мұсылмандар мен испандар арасында қақтығыс 1521 жылы басталады.  Андулисия құлағаннан кейін қақтығыс Филиппинге жетеді және сол кезден бүгінге дейін түрлі пішінде шамамен 500 жылдан бері жалғасуда.

1900 жылдары Филиппиннің оңтүстігінің барлығына дерлік жерінде өмір сүрсе,  ассимиляция және демографиялық құрылымды өзгерту жұмыстары салдарынан мұсылмандар көптеген аймақта азшылыққа түседі.  Алдымен испандықтар,  20-ғасырдың алғашқы жартысында аймақты басқарған Америка Құрама Штаттары және артынан Филиппиннің саясатымен мұсылмандар өлімге немесе көшке мәжбүр болады.

2016 жылы Котаботоға барғанымда, ел-жұрттарынан айдап көшірілген адамдардың құрлыққа аяқ басуына да рұқсат берілмегенін,  өзенде судың бетінде құрылған баракаларда тұрып жатқанын өз көзіммен көрген едім.

Моролық мұсылмандар 1960 жылдары өзеріне бағытталған жою саясаттарына қарсы ұйымдасқан тойтарыс қозғалысын бастайды.  Осы тойтарыстарын түрлі уақыттарда түрлі есімдермен жалғастырады.  Осындай күрес шеңберінде Ислами Азаттық майданының лидері Селамет Хашим және ол 2003 жылы қайтыс болғаннан кейін Қажы Мұрат Ибрахим Филиппиндермен келіссөз жүргізеді.  40 жыл жалғасқан, 120 мың адамның өліміне және 2 миллион адамның көшіп кетуіне себеп болған азаматтық соғысты доғару үшін Филиппиндер үкіметі мен Моро Ислами Азаттық майданы арасында 2012 жылы бір келісімге қол қойылады. 2014 жылы болса бейбітшілік процесін бақылау үшін Тәуелсіз бақылаушы тобы құрылады.  Филиппиндердің қазіргі мемлекет басшысы Дутерте 2014 жылғы сайлау науқанында Морода бір автономдық құрылатынын айтып, уәде берген болатын.

Референдумның қорытындысы және мағынасы

2019 жылдың 21 қаңтар күні өткен референдумда Моро мұсылмандарының автономдығы 80 пайыз дауыспен қабылданды. Бұдан кейін 80 мүшелі Бангсаморо уақытша билігі қалыптастырылады.  Парламенттің міндетін атқаратын осы билік 2022 жылға дейін Бангсамороның басшылығын өз мойнына алады.

Референдумда оң шешім шыққаннан кейін,  аймақта жиналатын салықтардың 75 пайызы жергілікті үкіметке, 25 пайызы орталық үкіметке беріледі.  Табиғи байлықтардың табысы да 75 пайыз аймақта қалады, 25 пайызы болса орталық үкіметке беріледі.

Бангсамородағы мұсылмандар Филиппиндерден бөлек өз аймағында Ислам құқығын орната алады.  Өз араларында Ислам құқығы жүретін болады. Мородағы христиандар да Филиппин мемлекеттік құқығына бағынатын болады.

 Моро мұсылмандары ішкі істерінде толығымен тәуелсіз,  сыртқы істер және қауіпсіздік тақырыптарында болса Филиппин үкіметіне тәуелді болмақ.

Моро мұсылмандарының мұқтаждығы

Бейбітшілік үрдісіне қолдау беру: Әлемнің қай жерінде болсаңыз да бейбітшілік үрдісін жалғастыру қиын. Өткен оқиғалар әрқашан тараптар арасында жалғасып жатқан бейбітшілік келіссөздерін қайта бастау рискін тудыруы мүмкін. Сондықтан аймақта бейбітшілік пен тыныштықты қалайтындардың, халықаралық қоғамның Филиппиндегі осы үрдіске беретін қолдауы өте маңызды.  Филиппиндер мемлекет басшысы Родриго Дутертенің Бангсамороға жақын аймақта туып өсуі,  балалығын осы аймақта және моролықтармен жақын қатынаста өткізуі бейбітшілік үрдісі үшін таптырмас мүмкіндік.  Осы аяда үрдістің жалғасуы үшін Дутертеге көмек беру, ынталандыру өте маңызды.  Үрдісті ДАИШ террорлық ұйымының бұзбауы үшін абай болу қажет.

Гуманитарлық көмекпен шектелмеу: 500 жылдан бері еркіндікті аңсаған,  бостандық үшін ауыр құн төлеген бір қоғамның гуманитарлық көмекке мұқтаж екені талассыз. Жоғарыда айтылған сапарым барысында аймақта халықаралық 26 мекеме бар екенін, Ислам әлемінен болса тек Түркиядан Гуманитарлық көмек фондының бар екенін көрдім.  Аймаққа бағытталған гуманитарлық көмек арттырылуы қажет.

Сонымен бірге бұдан бұрынғы мақаламда да айтқанымдай, Моро мұсылмандарының автономдық үрдісінде гуманитарлық көмектен басқа нәрселерге мұқтаждығы бар. Көптеген жылдар бойы өлмеу үшін көбіне қақтығысуға шоғырланған қоғамға осы процесте автономдық басшылық қалыптастыру үшін басқару тәжірибесі керек. Саяси жүйе,  мемлекеттік қаржы,  жергілікті биліктер,  орталық бюрократия,  университет білімі, сот секілді салаларда сапалы мамандар мен тәжірибе бөлісу керек болады. Моро мұсылмандарының қате әдіс және сапасыз тұлғалар салдарынан 500 жылдық күресінің босқа кетпеуі үшін бүкіл әлемдегі еріктілерге осы салада міндет жүктеледі.

Университеттердің медицина саласында және автономдық басшылық қалыптасуында қажетті құқық,  мемлекеттік басқару,  жергілікті әкімшіліктер секілді салаларда факультет болмаса да кәсіптік училищелер ашуы көптеген проблеманың шешіміне үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

Түркияның жаһандық көзқарасқа үлесінің құны: Мородағы бейбітшілік келіссөздерін жүргізу үшін арасында Түркия да бар халықаралық бір комитет құрылған болатын.  Осы комитет тысында бір бақылау тобы да құрылды.  Бес кісіден тұратын бақылау тобында да Моро мұсылмандарының талабымен Түркиядан да бір үкіметтік емес ұйым орын алуда.  Гуманитарлық көмек фонды атынан осы топта Хүсейін Оруч міндет атқаруда.  Аталмыш топ бейбітшілік үрдісіне байланысты өз бақылауын,  сараптамасын жүргізуде.

Түркия – өз азаматтары көп байқай бермесе де,  тарихтан келетін тәжірибесі және жаһандық абыройымен ғаламдық бейбітшілік пен тыныштыққа ең көп үлес қоса алатын елдердің бірі.  Осы үлес тек мемлекет арқылы емес,  Филиппиндерде болғаны секілді үкіметтік емес ұйымдар және университеттер арқылы да берілетін үлестер болып саналады.

Морода 500 жылдық күрестің нәтижесінде жететін мәре – өте құнды.  Жеңетіні жоқ қақтығыс атмосферасын артта тастап,  референдум қорытындысының Моро мұсылмандары, Филиппин және адам баласына тыныштық сыйлауы,  моролық балалардың енді болашаққа сеніммен қарауы үшін осы үрдістің жалғасуына барлығымыз бірігіп үлес қосуымыз керек.

 



Ұқсас жаңалықтар