Президент Ердоғанның Өзбекстан сапары

Еуразия тынысы-48

Президент Ердоғанның Өзбекстан сапары

 Бүгінгі бағдарламамызда Түркия Республикасы Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Өзбекстан сапарына тоқталамыз.

Президент Режеп Тайып Ердоған қараша айының 17-18 күндері аралығында Өзбекстанға тарихи сапар жасады. Пәкістаннан Самарқандқа барған Президент Ердоғанды Самарқанд әуежайында Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдуллазиз Камилов қарсы алды.

Президент Ердоған Самарқандта алдымен Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің қабіріне гүл шоғын қойды.

Президент Ердоған одан кейін Самарқанд қаласындағы Мемлекеттік қонақ үйінде Өзбекстан Президенті өкілі және премьер-министрі Шавкат Мирзиеевпен оңаша кездесті. Ердоған кездесуде «Өзбекстан жүйелі мемлекет дәстүрі, тарихи мұрағаты және стратегиялық орнымен аймақта тыныштықтың кепілі болып табылады. Өзбекстанның саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамуын жалғастыратынына кәміл сенемін. 4 желтоқсандағы сайлаудың сәтті өтуін тілеймін. Сайлаудан кейін Президент деңгейіндегі алғашқы сапардың Өзбекстаннан елімізге немесе елімізден Өзбекстанға жасалуын күтеміз» деген мәлімдеме жасады. Шавкат Мирзиеев те «Сіздің бірнеше рет айтқаныңыздай бауырластық ауыз жүзінде емес, ынтымақтастық жасауда болуы керек. Ынтымақтастық жасаудың уақыты келді» деген сөздер қолданды.

Президент Ердоған Самарқанд қаласының тарихи орындарын аралады.

Президент Режеп Тайып Ероған тамыз айынан осы таңға дейін ретімен Ресей, Қытай, Белоруссия, Пәкістан және Өзбекстанға ресми сапармен барды. Осы елдердің ортақ ерекшелігі жалпы алғанда шығыс елдері болуы және Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүшесі немесе бақылаушы болуы еді. Президент Ердоғанның Өзбекстаннан қайта оралғанда «Түркияның Шанхай бестігіне қосылуы пайдалы» деген мәлімдемесі осы тұрғыдан алғанда маңызды.

Президент Ердоғанның Өзбекстан сапары тек Түркияның Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысу талабымен ғана байланысты емес. Түркия Өзбекстанмен 1990 жылдарының аяғында бұзылған екі жақты қарым-қатынастарды жақсартқысы келуде.

Ердоған жаңа премьер-министр болып сайланған кезде Өзбекстанға ресми сапар жасаған болатын. Өкінішке орай сол кезде екі жақты қарым-қатынастардың қалыпқа түсуі мүмкін болмады. Самарқандта өткізілген кездесуде Шавкат Мирзиеев бұны тілге тиек етті. Өйткені сол жылдарда Шавкат Мирзиеев те жаңа премьер-министр болып сайланған және Ердоғанды Өзбекстанда күтіп алған еді.

        Түркия 2012 жылы қарым-қатынастарды қайтадан қалыпқа түсіру үшін аттанысқа кірді. Сол кездегі Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлұ Нью-Йоркта Өзбекстан Сыртқы істер министрі Аблуллазиз Камиловпен кездесіп, 2013-2015 жылғы маусымды қамтыған ынтымақтастық жоспарының дайындалуы жөнінде келісімге барды.  2013 жылы қараша айында сол кездегі Мәдениет министрі Ертугрул Гүнай Өзбекстанға ресми сапар жасады.  2014 жылы Сочи Қысқы Олимпиада ойындарының беташар рәсіміне қатысу үшін Ресейге барған Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған осы жерде Өзбекстанның тұңғыш Президентті Ислам Кәрімовпен кездесті. Екі ел сыртқы істер министрлері 2014 жылының мамыр айында Шанхайда өткізілген «Азияда ынтымақтастық пен қауіпсіздікті арттыру шаралары» атты конференцияда бас қосты.  2014 жылының 10-12 шілде күндері аралығында сол кездегі Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлұ, 2014  жылының 13-14 қыркүйек күндері аралығында Спорт министрі Чагатай Кылыч Өзбекстанға зиярат жасады. Осы жаңалықтар болып жатқанда Түркия Ташкентке жаңа өкілетті елші тағайындады.

Ислам Кәрімовтің қайтыс болуынан кейін Президент болатыны айқындалған Шавкат Мирзиеев көршілес елдермен қарым-қатынастарды жақсартатыны жөнінде мәлімдеме жасады. Кәрімовтің науқасымен арпалысқан Өзбекстан 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетімен байланысты мәлімдеме жасамауына қарамай-ақ, Түркия Кәрімовтің жаназасына премьер-министр орынбасары деңгейінде бір делегация жіберіп, екі жақты қарым-қатынастарды жақсартқысы келгендерін қайтадан баяндады.

Өзбекстан мен Түркия байланысының жоғарғы деңгейге көтерілуі, екі жақты және аймақтық қарым-қатынастардың күшейтілуі тұрғысынан өте маңызды. 30 миллион халық саны, күшті армиясы және кемелді мемлекеттік жүйесімен Өзбекстан аймақтың маңызды елі болып саналады.

Екі ел арасында 2015 жылы 1,2 миллиард доллар ретінде жүзеге асырылған сауда көлемі саяси байланыстың дамытылуымен екі есеге көбеюі мүмкін. Экономикалық байланыстардың дамытылуы саяси қарым-қатынастарға зиян тиюіне тосқауыл болады. Ендігі қарымжы зияраттың кезегі Өзбекстанда.

       

 



Ұқсас жаңалықтар