Алжирдегі экономикалық құлдырау

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 48

Алжирдегі экономикалық құлдырау

1962 жылы тәуелсіздік алған Алжирдің мемлекеттік билігі 1990 жылға дейін бір партиялы республика ретінде болмысын жалғастырды. Ұлт азаттық қозғалысқа басшылық жасаған Ұлттық азаттық майданы (FLN) құрылған жаңа саяси жүйенің орталығында болатын. Екінші дүниежүзілік соғыстың артынан жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттер арасында назар аударатын орталық жобалаушылар социалистік бір экономикалық өркендеу моделі мақұлдаған болатын. Бірақ құрылған экономикалық және саяси жүйе 1980 жылдары жұмыс істемейтін жағдайға жетті. Бұл жағдайдан құтылу үшін сол кездегі елбасы Шадли ибн-Джедид жүйенің саяси және экономикалық ырықтандырылуы бағытында қадамдар басты.

Алайда бұл бастамалар нәтижесіз қалды. 1991 жылғы халық сайлауында Ислами Селамет партиясы жеңіске жеткен соң әскери төңкеріс жасалды. Әскери төңкерістің артынан да Алжирде 10 жылға созылған қанды бір ішкі соғыс басталды. Әскери төңкерістің артынан ел қайтадан бір партиялы жүйеге көшкен жоқ. Бірақ  Ұлттық азаттық майданы  пайда болған көп партиялы жүйенің орталығы болу ерекшелігін сақтап қалды.

Экономикалық ырықтандыру болса мықты бір еркін нарықтық экономиканың орнына саяси элиталармен одақтас бір инвестор табы мен тамыр-таныс капитализмінің ортаға шығуына жол ашты. Соңғы уақытта Алжирдегі экономикалық жағдай одан сайын нашарлай түсті. Экономикалық реформа бастамаларының халықаралық инвесторларда сенімсіздік туғызғаны байқалады. Алжирлік саяси және экономикалық элиталар шетелдік капиталды өздерінің экономикалық және сауда-саттық істері үстіндегі бақылаудың жойылуы ретінде көреді. Инвесторға кері қадам бастыратын себептердің бірі де Алжирдің әлемде заңсыздық кең тараған елдер қатарында болуы.

Соңғы жылдары қаржы және сауда кемшіліктері жалғасуда және елдің халықаралық шетел валютасы резервтері жылдам тауысылуда. Сондай-ақ Алжир валютасы да 30 пайыз төңірегінде құнын жоғалтты. 2015 жылы 3,7 пайыз болған өсу жылдамдығының биыл 1,9 пайызға азаятыны болжалып отыр. Арзандаған мұнай бағалары және азайған көмірсутек экспорты себепті Алжир сауда тапшылығымен бетпе-бет. 2014 жылы сауда теңгерімінің сальдосы 4,3 миллиард долларды құраса, 2015 жылы 13,7 миллиард долларлық сауда кемшілігі тіркелді. 2016 жылы болса бұл кемшілік өсуін жалғастыруда.

Жас тұрғын санының 20 пайыздан астамы жұмыссыз болған елде жұмыспен қамдау міндеті одан жылдам бір экономикалық өсуді қажет қылады. Ағымдағы жылдың ортасында үкімет елдің мұнайға сүйенген экономикалық құрылымын түрлендіруді мақсат ететін жаңа бір өсу моделін қабылдады. Осылайша экономиканы көмірсутекке бағыныштылықтан құтқаруды мақсат етеді. Бұл өнімдер жалпы ұлттық өнімнің үштен бірін, үкімет табыстарының үштен екісін және экспорттың 95 пайызын құрайды.

Бірақ бұл жаңа экономикалық өсу моделінің мақсат еткен нәтижелерге қол жеткізетінін айту қиын.  Басқару сапасы, құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету, заңсыздықпен күрес және басқаруда табысқа жету сияқты ережелер тұрғысынан қарағанда жүзеге асуы онша мүмкін емес секілді. Елде міндетті деп бағаланған әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асуында ең үлкен тосқауыл қазіргі режимнің негізгі элементтерінің қолдарындағы мүдделерді қорғаудағы тұрақтылығы.

Қазірше егжей-тегжейі жарияланбаған бұл жоспар режимнің маңызды мекемелерін тікелей бақылауға алған және бұл мүдделерді қорғау тақырыбында табанды күш иелері тарапынан дайындалып отыр. Бұл күш иелерінің мүдделеріне тиіспейінше де экономикалық-қаржы реформасы іске қосыла алмайды. Өздері дайындаған бір реформа пакетінің бұлардың мүдделеріне зиян келтіретін бір жаңалық келтіруі мүмкін емес. Сондықтан жаңа моделдің шетел капиталын Алжирге бағыттауы да күтілмейді. Жергілікті инвесторларды ынталандыратын жанды бір нарықтық экономиканы құру тұрғысынан да жеткіліксіз қалады.

Үкімет шығындарын шектеу және салықтар мен кеден алымдарының артуымен байланысты инвестиция мен тұтынуға одан көп ықпал етуі мүмкін. Қазірге дейін қабылданған «көз бояушы» шаралар өкінішке орай қажетті радикалды құрылымдық шешімдерді қабылдауды одан сайын кешіктірмек.



Ұқсас жаңалықтар