Украинадағы соңғы жағдай

Еуразия тынысы-49

Украинадағы соңғы жағдай

Түркия үні радиосының «Еуразия тынысы» атты бағдарламасын тыңдап отырсыздар. Бүгінгі бағдарламада Украинадағы соңғы жағдай жайлы баяндап береміз.

Украина дағдарысы әлі күнге дейін шешілмей келе жатыр. Дағдарыстың шешімі жайлы ешқандай бір талпыныс байқалмауда. Әсіресе Украина дағдарысымен байланысты соңғы кезеңде болған оқиғаларға бір көз жіберейік.

19 қазан күні Германия, Ресей, Франция және Украина президенттерінің қатысуымен Берлинде төрттік саммиті өткізілді. Саммиттен кейін мәлімдеме жасаған Украина президенті Петр Порошенко Украинаның шығысындағы дағдарыстың шешіміне бағытталған бір жол картасының қалыптастыруы жөнінде келіскендерін білдірді.

Украина Парламенті қазан айында халықаралық ұйымдарға және шет мемлекеттердің ұлттық мәжілістеріне, Ресейдің Қырым Татар Ұлттық Мәжілісіне тыйым салу шешімін айыптау және қабылдамау үндеуін жасаған шақыру тастады.

Варшавада 28 қазан күні Америка Құрама Штаттары сыртқы істер министрлігінің Ресейге қарсы шара қолдану саясаты жөнінде Даняль Фриед  «Орта мерзімді перспективада Қырымның қайтадан Украинаның бақылауы астына өтуі мүмкін емес. Бұл үшін ұзақ мерзім қажет» деген мәлімдеме жасады. Осыған ұқсас бір мәлімдеме 27 қараша күні Украинаның жаулап алынған аймақтары және ішкі келімсектеріне жауапты министр орынбасары Георгий Тука тарапынан жасалды.

 31 қазанда Украина Президенті Петр Порошенко тарапынан 2016 жылы 17 шілде күні қол қойылған Ресейге қарсы кең көлемді шаралар іске қосылды.

Украина Білім беру және ғылым министрлігі Ресей мемлекет символдары болған орыс тіліндегі кітаптарға тыйым салды.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арнайы бақылау бөлімшесі басшысы Александр Хуг 3 қазанда Украинаның шығысындағы қарулы қақтығыстардың тоқтатылу келісімі жасалудан бұрын болған қарулы қақтығыстарда қаза тапқан адам санының көп болғанын білдірді.

Украинаның Одесса қаласында Приморский аудандық соты Қырым мен Түркия арасында қатынаған орыс «Варяг» кеме үшін ұстау үкімін берді. Бір жылдан кейін қазан айында қайтадан қатынай бастаған кеме негізінен көкөніс және жеміс-жидек тасымалдайды.

Украина дағдарысымен байланысты рапорт дайындаған Халықаралық жаза соты бас прокуроры Фату Бенсуда Қырымдағы жағдайды «Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс» деп түсіндірді.

10 қазан күні орыс ұлттық барлау ұйымы Қырымда екі Украина азаматын тыңшы деген сылтаумен ұстады. Күдіктілердің сотталуы Қырымда жалғасуда. Ресейдің осы әрекетіне қарсы 23 қараша күні Украина қауіпсіздік ұйымы тарапынан Қырым шекарасында бақылау астына алынған екі орыс текті әскердің екі айлық мерзіммен ұсталғаны жарияланды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы жалпы кеңесі 15 қарашада Қырым автономиялық республикасы және Севастополь қаласында адам құқықтары жағдайына байланысты шешімді қабылдады. Шешімге 73 ел  қосылса, 23 ел қарсы шықты, 76 делегат қалыс қалды.

Белоруссия Президенті Александр Лукашенко 17 қарашада Украинаның шығысындағы қақтығыстың шешіміне және аймақта әділетті сайлаудың өткізілуіне жәрдем беруге дайын екенін жариялады.

17 қарашада Еуропа Одағы Кеңесі Украинамен байланысты визалардың күшінен қалдырылуы тақырыбында жылы қарағанын және Еуропа парламентімен келіссөздердің басталатынын білдірді.  25 қарашада болса  18-ші Еуропа Одағы-Украина саммиті Брюссельде өткізілді. Еуропа Одағы Кеңесі төрағасы Дональд Туск, Еуропа Одағы Комиссиясы төрағасы Жан-Клод Юнкер және Украина Президенті Петр Порошенко қатысқан саммитте виза еркіндігі, ортақтық келісімі, энергия және Ресей тақырыптары қолға алынды.

Перу астанасы Лимада 20 қараша күні өткен Азия-Тынық Мұхит экономикалық ынтымақтастық саммитінде Ресей Президенті Владимир Путин мен АҚШ Президент Барак Обама Украина дағдарысына орай кездесті.

21 қарашада Украинаның астанасы Киевте болған оқиғалардың үшінші жылдығы тойланды.

Мәскеу соты 21 қарашада Украинаның мемлекеттік ұшақ өндіру фирмасының Ресей Қорғаныс министрлігіне мөлшермен 2,76 миллион доллар өтемақы төлеуіне шешім жасады.

Украина бас прокуроры Юрий Луценко 23 қараша күні басып алынған Қырымға 72 мың 766 орыс азаматының әкелінгенін жариялады.

Ресей әуе тасымалдау агенттігі Росавиация 25 қарашада Украинаның Қырым әуе кеңістігіне жақын бір аймақта зымыран сынағын жасау шешімін жасағанын білдірді.

Украина дағдарысының тоқтайтын түрі жоқ. Соңғы кезеңдерде болған оқиғалар Украина мен Ресей кикілжіңінің жалғасқанын көрсетуде. Өзара жасалған тыңшы мәлімдемелері мәселені ушықтыруда.  Еуропа Одағының Украина азаматтарына визасыз кіру жеңілдігі тағы да кешіктірілді. Кейбір саясатшылар ашық-жарқын түрде Қырымның Украинаға қайтарылуының қысқа мерзімде мүмкін емес екенін айтуда. Сондықтан бұл мәселе дағдарыстың шешіміне қанша үлес қоса алатынын қолға алуымыз керек.

 


Этикеттер: Ресей , Украина , Еуразия

Ұқсас жаңалықтар