Халебпен бірге адамзат та жойылады

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 49

Халебпен бірге адамзат та жойылады

1990 жылдардың алғашқы жартысы Босниядағы этникалық қырғын бастамасына наразылық ретінде АҚШ-та танымал бір бампер жапсырмасы былай дейді: Босниялықтардың қаны, адамзаттың бетіне жағылған бір дақ. 1991-1995 жылдар арасында жалғасқан Босния қоғамының азаттық күресінде он мыңдаған адам қаза тауып, елді мекенін тастап кеткен және әртүрлі зұлымдықты бастан кешкен болатын. Сол жылдары Ресей әлем саясатынан көбінесе тыс қалды. Осыған қарамастан 1990 жылдардың басында батыстық елдер Босния дағдарысына немқұрайлылықпен қарады. Тұрақты бір ұстаным көрсеткенде, Боснияда төгілген қан мен тапталған адам абыройы созылмай жойылар еді.

Боснияда байқалған немқұрайлылық соңғы бес жылдан бері Сирияда одан көп байқалады. Қазір Шығыс Халебтегі соңғы жағдай батыс елдерінің Сириядағы табыссыз саясаты. Бір бақылаушы атап көрсеткендей «Қазір Шығыс Халеб батыс енжарлығының бас қаласы». Ресей қолдау берген Асад режимі күштері Халебтің оппозиция тарапынан қорғалатын соңғы аймағына қарай ілгерілеуде. Халықаралық қоғам болса алдын алуда табыссыз болған әскери және гуманитарлық апаттың шығындарын есептеуде.

Батыстың Сирияда жолы болмағанының анық екені соншалықты, енді парламенттерінде де тілге тиек етілуде. Неміс федеральды Мәжілісінде Сириямен байланысты өткен отырыс мұны ашық көрсетті. Отырыста сөз алған Неміс федеральды мәжілісінің сыртқы істер комиссиясы төрағасы Норберт Реттген Батыс елдерінің Сирияның Халеб қаласындағы қақтығыстардың алдын алуда шарасыз және қабілетсіз екенін айтудан бас тартқан жоқ. Реттген батыс елдерінің Халебтегі гуманитарлық трагедия алдындағы тұғырын «есінен тану» деп бағалады. Оған қарағанда «Халеб - батыс сыртқы саясатының соңғы жылдардағы ең үлкен апаты» болатын.

Халықаралық қоғам қазіргі таңда тарихқа қолтаңба қалдыратындай үлкен гуманитарлық апатқа куә болуда. Бұл апатқа апарған жолды 2015 жылың сәуір айында Ресейдің әскери күші ашып берді . 2015 жылдың алғашқы ширегінде Асад режимінің Иран, Ирак және Ливан текті Хизбулла берген қолдауға қарамастан мерзімінің аяқталғаны анықталған болатын.

Алайда батыс «Асадсыз Сирия» тақырыбында қос стандарт ұстанды. Сондай-ақ ДАИШ факторының пайда болуы әсіресе АҚШ-ты ДАИШ-ке назар аударуға бағыттады. Бұл жағдай Ресей тұрғысынан бір мүмкіншілік ретінде бағаланды және Асад режимін қорғау үшін үлкен бір әскери күшті іске қосты. Ресей 2015 жылы сәуір айынан бері жазықсыз адамдар, аурухана және мектеп екеніне қарамастан ауыр әуе шабуылдарын жалғастырды. Үздіксіз әуе шабуылдарына қоса, Шығыс Халеб ауыз суынан мақұрым қалып, қалада азық-түлік тапшылығы артты. Бұл әуе шабуылдары бірнеше аптадан бері Сирияның тұрғын саны көп қаласы Халебтің оппозицияның бақылауындағы жерлерін де нысанаға алып отыр.

2015 жылы сәуір айынан бері жасалған орыс әуе шабуылдарында қазірге дейін 2 мың 700-ден астам адам қаза тапты. 26 қараша күнінен бері кем дегенде 25 мың адам қаланы тастап кеткен. Қазір сол аймақта 50 мыңнан астам адамның өмір сүргені болжалады.

Ресей 20 қаңтар күніне дейінгі мерзімде Шығыс Халебті оппозициялық күштерден тазалауға тырысады. Жаңа президенттері ант ішкенше өтпелі бір кезеңде тұрған АҚШ әкімшілігі Ресей басқан қадамдар алдында «қимылсыз болады» деп болжап отыр. Өзінен күтпегенмен Трамп әкімшілігінің қатаң бір ұстанымға көшу ықтималы орыс басшыларын одан көп әскери күш қолдануға итермелейді. Шығыс Халебке қоса, мүмкіндігінше көп аймақтың оппозициядан тазалануының жаңа президентті Сириядағы жаңа шындықты қабылдауға итермелейтіні болжалады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан бері болған ең ауқымды жазықсыз адам қырғындарының бірі Сирияда болды. Дегенмен болып жатқан ондаған қиыншылыққа қарамастан Шығыс Халебте дәрігерлер мен әртүрлі азаматтық қоғамдар зұлымдықтың тоқтатылуы үшін үлкен күш жұмсауда. Қазір Сирияда мыңдаған адамды қырып, қысқа мерзімде әртүрлі жәбірлеуді жасағандар бір күні әр нәрсе қалыпқа түсе бастағанда, соғыс қылмыскері ретінде тарихи әділет алдында сотталады.



Ұқсас жаңалықтар