Өзбекстанның президенттік сайлауы

Еуразия тынысы-50

Өзбекстанның президенттік сайлауы

Ардақты тыңдаушылар, сіздер, Түркия үні радиосының «Еуразия тынысы» атты бағдарламасын тыңдап отырсыздар. Бүгінгі бағдарламада Президент Ердоғанның Өзбекстанның президенттік сайлауы жайлы баяндап береміз.

2016 жылының 4 желтоқсан күні Өзбекстанда президенттік сайлауы болып өтті. Ислам Кәрімов 2 қыркүйекте қайтыс болды. Ислам Кәрімов қайтыс болғаннан кейін Өзбекстанда жаңа президентті сайлауға тура келді. Осылайша президенттік сайлаудың өткізілуіне шешім жасалды. 4 желтоқсан күні Өзбекстанда президенттік сайлауы өткізілді. Өзбекстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының басшысы Мирза-Ұлықбек Абдусаломов  сайлау өткен күні түсте сайлаушылардың жартысынан көбінің сандыққа барып дауыс бергенін және сайлаудың күшіне ие екенін жариялады. Кеште баспасөз мәслихатын ұйымдастырған Өзбекстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Президенттік сайлауына сайлаушылардың 87,83 пайызының, яғни басқа бір сөзбен айтқанда 17 миллион 941 мың  955 сайлаушының қатысқанын хабарлады. Мирза-Ұлықбек Абдусаломов өткізілген сайлаумен байланысты қазірше өзіне ешбір шағымның келмегенін де білдірді.

Өзбекстанда өткізілген Президенттік сайлауда төрт үміткер бағын сынады. Бұлар:  Ұлттық ояну демократ партиясы лидері Сарват Атамұрадов,  Әділет социалистік партиясы лидері Нариман Омаров, Халық демократ партиясы лидері Хотамжон Кетмонов мен Либерал демократ партиясы лидері, Президент өкілі және премьер-министр  Шавкат Мирзиеев.

Төрт үміткерден Кетмонов пен Омаров бұдан бұрынғы Президенттік сайлауында Кәрімовқа қарсы сайлауға қатысқан және біреуі 3 пайыз, енді біреуі 2 пайыз дауыс алған болатын.

Мөлшермен 32 миллион адам саны болған Өзбекстанда  20,5 миллионға тарта тіркеулі сайлаушы бар. Сайлаушылар мемлекет бойынша құрылған 9383 сандықта және шетелде құрылған 44 сандықта дауыс берді.

Сайлауды 50-ге тарта ел және іштерінде Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Әлем сайлау органдары одағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және ТМД елдер қауымдастығы да орын алған 600-ден астам халықаралық ұйымдардың бақылаушылары мен 1300-ден астам жергілікті және шетелдік журналисттер бақылады.

       Сайлаудан кейін Өзбекстанның жаңа президенті белгілі болды. Өзбекстан Президентінің міндетін атқарушы, Премьер-Министр Шавкат Мирзиеев президенттік сайлауда 88,61% дауыспен жеңіске жетті. Басқа үміткерлер 2-5 пайыз аралығында дауыс ала алды. Бұл барша күткен бір қорытынды еді. Мысалы, Өзбекстанның екінші президентінің кім болатыны қыркүйек айында Президент өкілін белгіленген кезде, бәлки де тамыз айының аяғында Ислам Кәрімов қатты науқастанып жатқанда белгіленген болатын. Өзбекстан тез әрекет жасап, әрқандай былықпаның туылуына мүмкіндік бермей, осы процесті табысты түрде тамамдады. Сайлаушылардың сайлауға өте тыныш қатысуы бұның ықпалы деуге болады. Әйтпегенде Өзбекстандағы тыныштық пен тұрақтылықтың орнығуының қиынға түсетіні баршаға аян жағдай еді.

Президент болып сайланған Шавкат Мирзиеев Президент өкілі ретінде болашаққа үміт беретін қадамдар басты. Саяси жағдай салдарынан ұзақ жылдар бойынша түрмеде жатқан кейбір тұлғалар еркін қоя берілді. Бұл жағдай Өзбекстанның, әсіресе Батыс елдерімен болған  қарым-қатынастардың жақсаруына мүмкіндік жаратты. Президенттікке шағым желістеріне айқара ашық болатыны, сондай-ақ жазықсыз және күнәсіз жапа шеккендерге көңіл бөлетіні баяндалды. Ислам Кәрімов  дәуірінде саудамен айналысқан іскерлер, өнерпаз, әнші, спортшы және тағы басқа саладағы әйгілі тұлғалар қайтадан еліне қайтуға немесе мамандығымен айналысу құқығына ие болды. Өткен кезеңде Өзбекстанның көрші елдермен қарым-қатынастары өте нашар еді. Кейбір көрші елдермен болған байланысы үзілуге дейінгі түйінге дейін жетті. Шавкат Мирзиеев Президент өкілі болып тағайындалғаннан кейін көрші елдермен жақсы қарым-қатынаста болатынын баяндады. Осылайша екі жақты байланыстар жақсара бастады. Өзбекстанның болашағы енді жаңа президент Шавкат Мирзиеевтің қолында.

Өзбекстанда соңғы айларда болған болымды жаңалықтардың жалғасуы мемлекеттің 2017 жылы ұстанатын саясатымен тікелей байланысты.

Әбдірасул Исаков пен Гүлдана Мырзакулова дайындаған «Еуразия тынысы» атты бағдарламаны тыңдадыңыздар...    Әуе толқынында келесі кездескенше сау болыңыздар!



Ұқсас жаңалықтар