Ибн Халдунның бізге айтары бар

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калынның мақаласы

Ибн Халдунның бізге айтары бар

Әбу Зейд Әбдіррахман ибн Мухаммад ибн Халдун әль-Хадрами әль-Ашбили (1332-1406) – Ислам философиясының ең ірі тұлғаларының бірі, бас шығармасы Мукаддимемен танымал.  Тарих, мәдениет, қоғам, өркениет және саяси билік жөнінде кез-келген мұсылман ойшылдан көбірек туынды жазған. Өзі бір бөлшегі болып табылатын Солтүстік Африка қоғамдары жөніндегі терең көзқарастары оның ғаламдық тарих және әлем өркениеті ұғымын жетілдіруге бағыттаған.

Ибн Халдун негізгі ілімнің барлық саласын меңгерген, ықылас шеңбері ауқымды, әрі ойшыл, әрі белсенді болатын. Кейбіреулер оны социологияның құрушысы ретінде бағалайды.  Тарихшылар оның ұлы күштердің биіктеуі және құлауы туралы айтқандары арқылы даналығына қайран қалады. Марксисттер оны экономикалық шарттардың жеке адамның ұстанымы және қоғамдық қатынастарға пішін беру күші жөнінде айтқан ойларына байланысты мақтайды. Османлы мемлекет қайраткерлері мен тарихшылары ғасырлар бойы оның «Асаббие» ұғымын империяның табыс пен сәтсіздіктерін түсіндіру үшін оқып, қолданған. Кейбіреулер оны өркениеттің ең жоғары философы ретінде атайды.  Ол - қай тұрғыдан қарасаңыз да керемет көзқарас көкжиегі болған, түбегейлі пікірлер қалдырған ұлы тұлға.

Енді қазіргі сенімсіздік және жаһандық тәртіпсіздік шағында Ибн Халдунның біздің баршамызға айтары бар.  Егер тарих куәгер болатын болса,  Ибн Халдун үшін осылай болатын,  бізге былай дейді: бір қоғамның материалдық және рухани молшылығының кілті  - тұтастық пен ұйымшылдық. Адам баласы ұрпағын сақтау және жалғастыру,  негізгі мұқтаждықтарын қамдау және «мәдени» болу үшін әлеуетін жүзеге асыруға деген мұқтаждығына орай бірге өмір сүруге мәжбүр болғандықтан табиғи түрде «саяси болмыс» болып есептеледі.

Адам табиғатындағы қиратушы күштер адамдар қалай бірге тұруды және бір-бірлеріне қалай көмектесуді үйренген кезде тізгінделеді.  Ал бұл бір шаңырақ астында бірлесетін бірсыпыра моральдық және саяси принципті қажет етеді.  Одан да маңыздысы ешбір өркениет метафизикалық негізсіз жасай алмаған.  Қоғамдық тұтастығы мен топтық ұйымшылдығынан айрылып қалғандарды бірлік, күш және қуатын сақтап қалғандар басып алады.

Ибн Халдун үшін ең негізгі проблема бір топ адамды не ұстап тұрады? деген сұрақ болатын. Бұл барлық мәдениет,  өркениет және саяси биліктің негізі болатын.  Осы негізгі қоспасыз ешбір топ, тайпа, ел немесе ауқымды қоғам саяси билікті құра алмайды, қала тұрмысына көше алмайды және оны сақтап қала алмайды.  Міне, тап осы жерде Ибн Халдунның «Асаббие» ұғымы – яғни топтық ұйымшылдық және қоғамдық тұтастықпен бетпе-бет қаламыз. (Ибн Халдун Асаббие деп атап кеткен осы ұғымды басқа тілдерге аударудың қиындығы мен басқа тілдерге аудару үшін жасалған талпыныстар осы ұғымның маңызын көрсетеді)

Асаббие – бір топ адамды бір-бірімен байланыстырып тұратын желім. Топқа сырттан келетін шабуылдарға қарсы сақтану үшін қажетті күш пен қабілетті береді,  өз араларында тыныштық пен тәртіпті сақтауларын қамдайды.  Оларды «Үмран», яғни өркениет құрылысына дайындайды.

Бірақ бұл жағдай Халдуниан климатпен бетпе-бет қалған жеріміз сонымен бірге. Асаббие арқылы бір біріне байланысқан, күшейген бір топ адам қала тұрмысына көшкенде және өркениетке қол жеткізгенде, қоғамдық тұтастық пен ұйымшылдық сезімдерінен айрылып қалады. Адамдар отырықшы өмірдің, мәдени тұрмыстың комфорт пен пайдаларының дәмін татқан сайын,  «көшпенді парасаттарын» және жауынгер қабілеттерін сақтап қалғандардың шабуылына қарсы өздерін қорғауға «еріншек» бола бастайды. Осылайша «едәуір кәміл» сезінеді.  Сондықтан басқаларының билігіне өтулері бір сәттік мәселеге айналады.

Халдуниан парадигмада өркениеттің құны – қоғамдық тұтастық,  топтық ұйымшылдық және асыл текті ерекшеліктердің жоғалуы. Асаббиесінен айрылып қалғандар «Асалах», басқаша айтқанда «асыл тектіліктерінен» де айрылып қалады.  Бұл жағдай қайталанып отыратын жағдайға келеді. Тайпалардың, ұлттардың, мемлекеттердің және империялардың күшімен шексіз түрде қайталанатын жағдай. Ибн Халдун осындай қайталануға шамамен 4 буын, яғни бір ғасырдан біраз артық уақыт берген. Айырықша қоғамдық тұтастықтың ең керемет сүйеніші ағайын-тумаластық деп сенген. Оның ойынша адамдарды бір біріне мықтап байланыстыратын басқа байланыс жоқ. Ағайын туыстығы мықты адамдарға ешкімнің шабуылдауға батылы жетпейді. Алайда қалада тұрып,  мәдени жеке адамдар болған сайын адамдар ағайын-туысқандық сезімдерін де жоғалта бастайды.  Ибн Халдун осы тұйықтан шығудың жолын таба алмайды: қолыңдағы асаббие арқылы билікке,  қала тұрмысына және өркениетке қол жеткізесің,  алайда отырықшы және мәдени өмірдің пайдасын көре бастағанда тұтастығыңнан айрыласың.

Мынау анық: Халдуниан теориясы тайпа сынды шағын топтар, қоғамдар үшін мағыналы,  бірақ ауқымды қоғамдар қалай ғана бірігіп, ұзын мерзімді мемлекеттер және империялар құрған дегенге келгенде жеткіліксіз қалады. Оның үстіне Ибн Халдунның осы теориясы қазірге замандас әлемнің қауырт күйбеңі тарапынан да сыналуда. Ал бұл жағдайда не істейміз? Оның теориясын микро өлшемді,  тапшыл және уақытқа сай емес деп лақтырып тастаймыз ба?

Әрине, жоқ.  Жасауымыз керек нәрсе - бір жағынан оның ағайындық және тайпа байланыстарына сүйенетін қоғамдық тұтастық пен топ ұйымшылдығы ұғымын проблема ретінде қабылдауды жалғастыра отырып, бір жағынан тұтастық,  отырықшылық және өркениет жөніндегі негізгі проблемаларды түсіну үшін оның анализдерін қайта қарап шығу. Бұл әсіресе қоғамдық тұтастық және өркениет бірлігінен мақұрым қалған бүгінгі мұсылман әлемі үшін жедел міндет болып саналады. Табыссыз және әлсіз мемлекеттер, мемлекеттен тыс актерлер,  тайпа, секталар, этникалық ұлтшылдық және көптеген проблема мұсылман қоғамдарын шабуылдаушыларға қарсы қорғайтын және  өзінің интеллектуалды және материалдық дереккөздерін мәдениет және өркениет үшін қажетті «желімнен» мақұрым қалдырады.

Ибн Халдунның қоғамдық тұтастық және топтық ұйымшылдық ұғымы Құран Кәрімнің Енфал сүресі 46-шы аятында айтылғанға байланысты: «Аллаға және Оның елшісіне бағыныңдар, келіспеушілікке түспеңдер, әйтпесе әлсіз боласыңдар және күш-қайратыңыз кетеді.  Сабыр етіңдер.  Алла міндетті түрде сабыр еткендердің жанында болады»

Бір топтың немесе ұлттың мүшелері бір-бірімен араздаса бастаса, «желімінен» айрылып қалады, яғни күштерін жоғалтады, өмірде тұйыққа тіреледі.

Тап қазіргі ахуал назарға алынғанда, замандас мұсылман қоғамдары үшін Ибн Халдун оқудың(түйсінудің) дәл қазір - нағыз уақыты.

Әрі қоғамдық тұтастық, әрі қала өркениетін жалғастыру өте ауыр міндет болуы мүмкін. Алайда замандас проблемаларымыздың көбін шешу үшін осы күресті жүргізуіміз керек.



Ұқсас жаңалықтар