Ливияда ДАИШ-тен кейінгі жағдай

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 52

Ливияда ДАИШ-тен кейінгі жағдай

Шамамен 6 айға жалғасқан күрестің артынан ДАИШ бақылауға алған Ливияның Сирте қаласы мен төңірегі құтқарылды. 2015 жылдың басынан бері қала террористік ұйымның бақылауында болатын. Елдегі биліктің әлсіздігін пайдаланған ұйым Сиртеде өзіне ыңғайлы орта тапқан болатын. Сиртенің азат етілуі күдіксіз ДАИШ-тің болмысы мен күшін маңызды мөлшерде азайтты. Дегенмен Ливияның хаостан құтылуы үшін одан көп талпынысқа қажеттілігі бар. Әртүрлі саяси, қауіпсіздік және экономикалық мәселелердің шешімі үшін маңызды қадамдар басуы керек.

Сирия мен Иракта бақылауы астындағы жерлерден тыс бақылауындағы тек жер Сирте болғаны себепті ДАИШ үшін маңызды болатын. Сондай-ақ Еуропаға жақындығымен де назарға аларлықтай. ДАИШ Сиртеге қоса, Жерорта теңізі жағалауы бойынша 150 шақырымдық жағалауды бақылауға алған еді. БҰҰ-ның қолдауына ие Ұлттық келіссөз үкіметімен (ҰКҮ) одақтасқан мисураталық қарулы күштер қиян-кескі қақтығыстардың артынан Сирте қаласын ДАИШ-тен тазалады.

ҰКҮ-нің ДАИШ-ке қарсы әу бастан жалғыз бір мақсаты бар болатын. Ол - террор ұйымын жеңіп, Сиртенің бақылауын қайта қолға алу. Керісінше үш бөлек үкімет жұмыс істеп жатқан елде ең мықтысы болу мүмкін емес еді. Сондай-ақ ҰКҮ-ні әлі танымаған қарулы топтарды өзіне бағындырушы бір орталық үкімет ретінде Сиртеде табысқа жетуге міндетті болатын.

Міне осы жалғыз таңдау жағдайы Ұлттық Келіссөз Үкіметі (ҰКҮ) премьер-министрі Файиз Сиражды АҚШ үкіметінен жәрдем сұрауға итермеледі. 1 тамыз күнінен бастап, АҚШ соғыс ұшақтары ДАИШ нысандарын бомбалап бастады. Дегенмен ДАИШ-ке қарсы негізгі күресті ливиялықтар ортаға қойды. ҰКҮ күштерінің бұл соғыста 730 жауынгері қаза тапты. 3 мыңға жуық әскері жарақат алды.

Ал, АҚШ-тың әскери жәрдемімен ДАИШ-ке қарсы жеңіске жеткен Ұлттық Келіссөз Үкіметінің билігін орнатып, Ливияның тұтастығын қамтамасыз етуге ықпал ете ме?

Бұл өкінішке орай еш оңай көрінбейді. Ливияда қақтығысқан тараптардың басын қосатын бір үкіметтің билігін қамтамасыз етуі үшін шешуге тиісті үш мәселесі бар.

Біріншіден ДАИШ қайта ұйымдасып, жаңадан қауіп туғызуы мүмкін.

Күдіксіз ДАИШ-тің стратегиясы тұрғысынан Сирте географиялық тұғыры себепті өте ыңғайлы бір қала болатын. Сондықтан ұйымның Сиртеде стратегиялық жеңіліске ұшырауы Ливияда тұтас жеңілгені деген мағынаға келмейді. ДАИШ-тің Сиртеден шегініп, Ливияның басқа аймақтарына тараған мүшелері жағдайларына қарап қайтадан ұйымдасуы мүмкін. Іс жүзінде табиғат ережелері күшіне енген шөл аймағы ұйымның жаңа мүшелер табуы үшін таптырмас мүмкіншілік береді. Бақылаусыз шекаралық аймақтар және бірнеше тайпадан тұратын қалың тұрғын аймақтары ұйымға уақытша кері шегіну үшін стратегиялық бір орта ұсынуда. ДАИШ барлық ортаға тез үйреніп кететін бір ұйым. Сондай-ақ жаңадан жандану күшіне әрқашан ие болды. Бұл тұрғыдан Боко Харам және Әл-каиданың аймақтық құрылымдарымен де ынтымақтасуы ықтимал. Сол себепті ‘ДАИШ қаупі толығымен жойылды’ деуге болмайды.

Екіншіден негізгі мәселе Сиртенің құтқарылуымен ҰКҮ және қарсылас қарулы күштер арасындағы бәсеке және қақтығыстың арту ықтималы.

Әсіресе Тобруктағы Өкілдер Мәжілісін өзіне бағындырған генерал Халифа Хафтер қолбасшылығындағы Ливия Ұлттық Армиясы үшін бұл жағдай маңызды емес. Атауы армия мен генерал болғанмен Ливия Ұлттық Армиясы да қарулы күштердің коалициясы болып табылады.Сиртенің құтқарылуының жалпы беделділігі тұрғысынан символдық бір құны бар. Бірақ бұл символдық құндылықтың жетістікке қол жеткізбеуі үшін Хафтердің кейбір ізденістерге кіргенін байқаймыз. Мәскеуге сапарлай барып, Ресейдің қолдауын алуға тырысуы және Ливияның батысындағы одақтастарына «Триполиді құтқару үшін» қозғалуға шақыруы бұл ізденістердің нақты дәлелі.

Үшінші мәселе ретінде өндіріс ресурсі. Яғни мұнайды бақылауға алу бәсекелестігінің күрделенуі.

Мұнай резервтерін бақылауға алу елде заңдылықты қамтамасыз етудің маңызды тақырыптары арасында орын алады. Өйткені мұнай резервтерін бақылауына алған тарап сондай-ақ ұлттық табысты бақылауға алатын және тұрғындардың жалпы өмір сүру салтына ықпал ететін болады.

ҰКҮ Сиртеде ДАИШ-ке қарсы күресіп жатқанда, өзін Ливияның үміті ретінде бүкіл әлемге ұсынуға тырысқан Хафтердің Мұнай аймағын бақылауға алуы тұрғысынан мағыналы. Бұл Сирте құтқарылған жағдайда ҰКҮ-нің артқан абыройын жою әрекеті болып табылады. Бұл аймақты бақылауға алғанмен Хафтер және Ливия Ұлттық Армиясы ҰКҮ-нің стратегиялық резервтерді қорғайтын күші жоқ екенін көрсеткісі келді. Сондай-ақ қайтадан мұнай экспортының басталуын қамтамасыз ету арқылы өзін заңдылығын күшейткісі келді.

Сиртеде қол жеткізілген соңғы табыс ливиялықтарға терроризмді тек қана ортақ дұшпанға қарсы бірігу арқылы жеңудің мүмкін екенін көрсетті. Түсінікті болуға тиісті жайт өзара бөлшектену және қақтығыстардың ДАИШ-тің Ливияда орта табуына жол ашқаны. Ливиялық саяси және қарулы күштер арасындағы әртүрлі өзара күш пен байлық қақтығыстары тез арада тоқтауға тиісті.

Дегенмен құпия ретінде сақталмайтын жалғыз шындық болса ливиялықтар арасындағы бөлшектеушілік пен қақтығыстарды асқындыратын және тарауына септігін тигізетін аймақтық және халықаралық күштердің болмысы.

Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күштердің Ливия саясаттары тақырыбында келісуі шарт. Егер Ливия бір тұтас ретінде болмысын жалғастыратын болса, АҚШ-тан бастап батыс елдері саясаттарына үйлесімділік жасап, әртүрлі жергілікті актерлермен ойнаудан бастартуға тиісті. Басқа жақтан ҰКҮ-не қолдау бергендей көрінсе, Хафтерге қарсы ашық түрде симпатия көрсетуі шешімге кедергі жасайды.



Ұқсас жаңалықтар