Ислам сегіздігінің 9-шы саммиті

Түркия және Еуразия тынысы 43

Ислам сегіздігінің 9-шы саммиті

Ислам сегіздігінің Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 9-шы саммиті  20 қазан күні Стамбұлда болып өтті. Саммитке Түркия, Иран, Пәкістан, Бангладеш, Малайзия, Индонезия, Мысыр және Нигерия басшыларына қоса, Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен құрметті қонақ ретінде Әзірбайжан Республикасы президенті Илхам Алиев қатысты.

Ислам сегіздігінің Экономикалық ынтымақтастық ұйымының құрылуына бағытталған тұңғыш қадам Түркия Республикасының шақыруымен Иран, Пәкістан, Бангладеш, Малайзия, Индонезия, Мысыр және Нигерияның қатысуымен 1996 жылы 22 қазан күні Стамбұлда ұйымдастырылған «Өркендеу ынтымақтастығы конференциясы» кезінде басылды. Бұл конференцияның артынан 1997 жылы 15 маусым күні Стамбұлда болып өткен мемлекет және үкімет басшылары саммитімен Ислам сегіздігінің Экономикалық ынтымақтастық ұйымы ресми түрде құрылды. Ислам сегіздігінің Экономикалық ынтымақтастық ұйымының жалауында 6 жұлдыз орын алады және бұлардың әрқайсысы ұйымның алты негізгі ережесін көрсетеді. Олар: *Соғыс емес, бейбітшілік; *Қақтығыс емес, келіссөз; * Қос стандарт емес, әділет; *Үстемдік емес, теңдік; *Отарлау емес, ынтымақтастық; *Қысым мен күштеу емес, адам құқықтары, еркіндіктер және демократия.

Стамбұлда жүзеге асқан саммит аясында Түркия Республикасы Ислам сегіздігінің Экономикалық ынтымақтастық ұйымы кезекті төрағалығын Пәкістаннан қабылдап алды. Ислам сегіздігінің Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 20 жылдығына дөп келгені себепті арнайы мән берілген 9-шы саммит «Ынтымақтастық арқылы мүмкіншіліктерді арттыру» тақырыбымен өткізілді. Саммитке қатысқан Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған саммиттің салтанатты жабылу рәсімінде баяндама жасады. Баяндамасында «Иранда Ислам сегіздігінің университетін құрылатыны» , «Мүше елдер арасындағы 100 миллиард долларлық сауда көлемін 500 миллиард долларға жеткізу нысанасы» және «Бұл кезеңде шетел валютасы орнына ұлттық валюталар қолданылатын бір айырбастау жүйесін құру» жайлы тақырыптар қатты назар аударды. Президент Ердоғанның саммит баяндамасында Ислам сегіздігінің Экономикалық ынтымақтастық ұйымында шешім қабылдау кезеңін жеңілдету және мүше санын келіссөздермен 20-ға жеткізу сияқты тақырыптарды тілге тиек етуі Түркияның кезекті төрағалығында маңызды жаңалықтар болатынына назар аударды.

Ислам сегіздігінің Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер сондай-ақ Ислам Ынтымақтастық Ұйымының да мүшесі. Бұл елдер Ислам Ынтымақтастық Ұйымы құрамында технологиялық және экономикалық өркендеу деңгейі, сауда күші және тұрғын сандары тұрғысынан алдынғы қатарлы мемлекеттер арасында орын алады. Оңтүстік пен Оңтүстік келіссөздері аясында даму жолындағы елдер арасында құрылған ынтымақтастықтың бір үлгісі ретінде Ислам сегіздігінің Экономикалық ынтымақтастық ұйымы – мүше елдер арасында экономикалық және сауда ынтымақтастығына бағытталған бір құрылым. Ислам сегіздігінің мақсаты өркендеу жолындағы елдердің әлем экономикасы ішіндегі тұғырын жақсарту, сауда ынтымақтастығын түрлендіру және сауда саласында мүше елдерге мүмкіндіктер тауып, халықаралық деңгейде шешім қабылдау механизмдеріне мықты түрде қосылуын қамтамасыз ету және халықтарының салауатты өмір салтын көтеру. Ережелері және ауқымды жағрафиялық алаңы тұрғысынан аймақтық болудан гөрі жаһандық бір құрылым болу ерекшелігіне ие Ислам сегіздігіне мүшелік жоғарыда аталған мақсат пен ережелерге сай даму жолындағы барлық елдерге ашық. Ислам сегіздігі аясында ынтымақтастық негізінде салалық тұрғыдан жалғасып жатыр. Түркия өнеркәсіп, денсаулық сақтау және қоршаған орта; Бангладеш ауылдық өркендеу; Индонезия кедейлікпен күрес және адам күші; Иран ғылым мен технология; Малайзия қаржы, банк және жекешелендіру; Мысыр сауда; Нигерия энергия; Пәкістан болса ауылшаруашылығы мен балық салаларындағы ынтымақтастық жұмыстарын ұйымдастыруда.

Ислам сегіздігінің Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Стамбұл саммиті сондай-ақ мүше елдердің әлем экономикасындағы болмысын күшейтуді де нысанаға алады. 2016 жылғы көрсеткіштерге қарағанда Ислам сегіздігінің ағымдағы сандық көрсеткіштері мен жаһандық жалпы ішкі өніміне қарағанда тек қана 5 пайызын құрағаны байқалады. Бұл экономикалық өсудің шамамен жартысын ең көлемді екі ел көтереді. 932 миллиард доллармен ұйымның ең жоғары ішкі өнімін құраған ел Индонезия болса, 858 миллиард доллармен екінші орында Түркия келеді. Нигерия және Иран 400 миллиард төңірегінде болса, Мысыр экономикасының күші 336 миллиард доллар. Малайзия, Пәкістан және Бангладеш те кезегімен 296, 284 және 221 миллиард доллармен соңғы үш орында.

Ислам сегіздігінің мүшелерінің экономикаларының жалғастырарлық түрде күшейтілуі үшін инвестиция, өнімдік табыстар, бәсекелестік орта және реформаларға қажеттілік бар. Бұл тұрғыдан әр мемлекет үшін нақты экономикалық саясаттарды реттеуге қоса, шынайы және ықпалды халықаралық ынтымақтастықтар да маңызды болып табылады. Стамбұл саммиті Түркияның Еуразия аймағы мен аталмыш аймақтың көрші елдерімен де стратегиялық ынтымақтастықты жетілдіру тұрғысынан аса маңызды.



Ұқсас жаңалықтар