Мирзиеевтің Түркия сапары және Түркия-Өзбекстан қарым-қатынастары

Түркия және Еуразия тынысы 44

Özbekistan_Kurtulmuş_Mirziyeev_Topkapı
Özbekistan_Binali_Yıldırım
özbek-anıtkabir-7.jpg
özbek-türk-5.jpg
özbek-türk.jpg
Özbekistan-Türkiye-4.jpg

Өзбекстан Республикасы президенті Шавкат Мирзиеев 2017 жылдың 25-27 қазан күндерінде Түркияға ресми сапармен келді. Сапар барысында жоғары деңгейлі кездесулер өткізді. 18 жылдық үзілістің артынан Мирзиеевтің Түркияға сапарлай келген тұңғыш Өзбекстан президенті болуы алдағы кезеңде екі ел ынтымақтастығының одан да жетілетінін көрсетеді. Соңғы бір жылдан бері белсенді бір саясат жүргізген Мирзиеевтің Түркия-Өзбекстан ынтымақтастығына аса көңіл бөлуде деп айтуға болады. Өйткені Түркия мен Өзбекстан арасында көптеген салада жаңа бастамалар жасалатыны әрі лауазымдылар, әрі мамандар тарапынан тілге тиек етілуде.

Түркия – 1991 жылы Өзбекстанның тәуелсіздігін таныған тұңғыш мемлекет. Осы себепті екі ел арасындағы ынтымақтастық жылдам жетілді. 2005 жылы Өзбекстандағы Андижан оқиғалары қолға алынған БҰҰ Жалпы Кеңес отырысында Түркия Өзбекстанға қарсы дауыс берген болатын. Осы себепті 1991 жылы жақсы басталған қарым-қатынастар 2005 жылы тоқтап қалды. Бұл сапар ынтымақтастықты қайта күшейтуді қамтамасыз ете алады. Бірнеше ай бұрын Самарқандта жүзеге асқан басқосуда Ердоғанның «ынтымақтастықта жаңа кезең бастайық» шақыруына Мирзиеевтің енді ауыз жүзінде емес, іс жүзінде ынтымақтастықтың дәл кезі деп жауап қайтаруы Өзбекстан президентінің Анкара сапарының одан үлкен мағынаға келгенін көрсетеді. Екі ел басшылары келесі жылдың басында Өзбекстан-Түркия инвестиция форумы мен Аралас экономикалық комиссия жиналысын жүзеге асыру тақырыбында ортақ түйінге келгендерін жариялады.

Өзбекстан – тарихи тамырластығы себепті Түркияның бағыты мен көңілін өзіне қаратқан бір ел. Осы сапарда екі ел арасында әлсіреген кезеңнің жойылғанын байқаймыз. Түркия мен Өзбекстан ынтымақтастық шаралары аясында экономикалық тұрғыдан текстил, денсаулық сақтау, туризм және тері өңдеу салалары, қауіпсіздік тұрғысынан террормен күресте салмақты түрде екі жақты ынтымақтастықты жылдам жетілдіретін болды. Әрине бұл қарым-қатынастардың азаматтық қоғам мекемелері, баспасөз және академиялық мекемелердің ынтымақтастығы арқылы қолдау керек. Қазақстандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті сияқты екі ел арасында Түркия-Өзбекстан ортақ университетін құру ынтымақтастық деңгейін көтеруге ықпал етеді. Бір кампусы Стамбұлда, бір кампусы Самарқандта болатын Түркия-Өзбекстан Ұлықбек Университеті Түркия мен Өзбекстан жинақтаған тарихи-ғылыми тәжірибені түркітілдес аймақта практикалық тұрғыдан жеткізуде үлкен рол атқаруы мүмкін. Екі елдің ортақ құндылығы болып саналатын Ханефи-Матуриди / Сопылық Ислам қысқаша айтқанда Түрік – Ислам дәстүрі Салафия радикалдығына қарсы Еуразия үшін рационалды бір балама болуы мүмкін. Бұл тұрғыдан екі елге де үлкен жауапкершілік түседі.

Каримов билігінің екі негізгі ерекшелігі бар болатын. Біріншіден авторитарлық (үстемшіл) бір билік болуы, екіншіден Кеңес саяси жүйесін жалғастыруы. Каримов Еуразияда үлкен күштердің күресі алдында елін қорғау үшін жалғыз жол ретінде жартылай изоляция саясатын жақтады. Жаңа билік геосаяси қорқытуларға белсенді бір саясатпен жауап қайтаруды таңдайтындай көрінеді.

Өзбекстан – тұғыры мен адам саны тұрғысынан Еуразияның маңызды мемлекеттерінің бірі. Өзбекстанмен ынтымақтастық орнатпай, Түркістан жағрапиясында болмысын сақтау қиын. Алдағы кезеңде Өзбекстан бұл ерекшеліктерімен жаһандық және аймақтық актерлердің ынтымақтастық үшін қақпасын жиі қағатын бір елге айналады.

Мирзиеев президенттік міндетінің алғашқы кезеңінде терең саяси өзгерістерге бармай, алдымен халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге және көрші мемлекеттермен экономикалық  ынтымақтастықты күшейтуге назар аударуы мүмкін. Мирзиеев сыртқы саясатта көрші түркітілдес республикаларға одан көп жақындаса отырып, келіссөз әдісімен қозғалатын болуы мүмкін. Мирзиеевтің президент ретінде алғашқы сапарын Ресейге ұйымдастыруы, Ресей-Өзбекстан ынтымақтастығын әсіресе экономикалық салада одан мықты сатыға жеткізу нысанасының алғашқы қадамы ретінде бағалауға болады.

Мирзиеев кезеңі Өзбекстан үшін жаңа бір бастама болмақ. Каримов Түрік Кеңесінен бастап, аймақтық ынтымақтастық құрылымдарға алыс бір саясат жүргізді. Бұл саясаттың өзгеруі аймақтағы актерлердің және Өзбекстан табысты болатын бір ортаның алдын ашуы мүмкін. Өзбекстанда қолдағы ақша мен энергия тұрғысынан кейбір мәселелер бар екені баршаға мәлім. Бұл мәселені шешуде шетелдік инвестициялар және аймақтық ынтымақтастықтар (Түрік Кеңесі және т.б.) шешім табуы мүмкін.

Мирзиеев 13 жыл бойынша Каримов кезеңінің премьер-министрлік міндетін атқарды. Сондықтан Мирзиеев сондай-ақ Каримов жүйесінің жемісі. Өзгеріс оңай болмайды. Бірақ Мирзиеев елі мен аймақты өте жақсы таниды. Бұл тақырыпта тәжірибесі мол. Алдағы кезеңде Өзбекстанның Түрік Кеңесімен ынтымақтастығын жетілдіруі әрі аймақ, әрі түркітілдес әлем үшін аса маңызды болып табылады. Себебі, Өзбекстан – түркітілдес аймақтың маңызды елдерінің бірі.



Ұқсас жаңалықтар