НАТО-ны талқылау керек

Ердал Шимшектің мақаласы

НАТО-ны талқылау керек

НАТО- Дүниежүзілік екінші соғыстан кейін Кеңес Одағының коммунистік экспансиялық саясатына қарсы құрылған бір ұйым. Кеңес Одағының экспансиялық саясаттарына қарсы қалыптасуы мүмкін қатерлерге шара қолдану мақсатымен 1949 жылдың 4 сәуір күні АҚШ бастаған Ұлыбритания, Бельгия,  Франция, Голландия,  Италия, Исландия, Дания, Люксембург, Норвегия, Португалия және Канада сынды батыстық елдердің бас қосуымен құрылған бірлік. Түркия осы бірлікке 1952 жылы қосылды.  Ұйымның негізгі мақсаты - мүше елдердің сырттан келетін барлық қауіп-қатерге қарсы әскери қорғанысын қамдау және сонымен бірге әрі саяси, әрі экономикалық және әлеуметтік салада ынтымақтастық жүргізу.

Осы мақсатпен құрылған НАТО 1991 жылы шығыс блогы толығымен ыдырағаннан кейін талас бола бастады.  Одақтың заңдылығы мен болмысы таласқа айналды.

Алайда осы кезден бірнеше ай бұрын Ирактың Кувейтті басып алуы және қалыптасқан жаңа террор толқыны «НАТО-ның қажет екеніне» жеткілікті себеп болды.

Сол кезеңде Италияда НАТО-ның заңсыз қарулы ұйымы әшкереленді.  Италия премьер-министрі Джу́лио Андрео́тти 1990 жылдың 24 қазан күні Гладионың елінде бар екенін ресми түрде мойындады.

Құрылымы жалпы «арнайы жасақтардың» құрылымына ұқсас осы ұйымның жарияланған ресми міндеттері – шығыс блогының кезкелген бір батыс Еуропа немесе НАТО-ға мүше бір елді басып алуы жағдайында,  бейресми соғыс әдістерімен жауды тоқтату,  зиян келтіру,  ақпарат жинау,  коммуникация және логистикалық жасақтарын жою, стратегиялық маңыздағы нысандарды қирату секілді арнайы тапсырмаларды орындау.

Латын тілінде қылыш деген мағынаға келетін Гладио сөзін есім ретінде қолданған ұйым американдық және ағылшын контрабанда ұйымы Stay Behind тарапынан 1952 жылы құрылды. CIA тарапынан басқарылып, қаржыландырылған ұйым 1956 жылы АҚШ-пен ынтымақтасып, тыңшы және партизандық соғыс жүргізу үшін ұйымдасты.

Гладио таластарымен бірге НАТО-ның барлық елдерде заңсыз соғыс әдістерімен басқарылатын ұйым құрғаны да айтылды.  Көптеген елде осының іздері табылған соң одақ қайтадан дау-таластарға арқау болды.

Қызығы НАТО-ның заңдылығы талас бола бастағанда Югославия азаматтық соғысы басталды.  Едәуір жабайы болған азаматтық соғыс қырғын секілді өтті.  Бір сәтте НАТО осы қырғынның тоқтауын тілейтін бүкіл адам баласының үміті болды.

Артынан Ирак және Ауғанстанның басып алынуы НАТО жөніндегі таластарды ықпалсыз қылды.

НАТО-ның заңсыз әрекеттері ұмытыла бастағанда Түркияда халықаралық тыңшылық және опасыздық ұйымы Фетуллахшы террор ұйымы қанды төңкеріс жоспарлады.

Түрік халқы лидерлері және президент Режеп Тайып Ердоғанның талабымен көшеге шықты және төңкерістің алдын алды.  Төңкеріс әрекетін жасаған жоғары деңгейдегі офицерлердің көбі НАТО-ға мүше елдерге қашты.  НАТО-да міндет атқаратын Фетуллахшы террор ұйымына мүше екендері анықталған офицерлердің барлығы осы кезеңде осы елдерді паналады.

Тіпті офицерлердің көбі Түрік Қарулы күштері тарапынан міндеттен алынғанына қарамастан НАТО-дағы жұмыстарын бір мезгіл жалғастырды.

Түрік полициясы террористтік істерге араласқандарын анықтап берген кейбір тұлғалар НАТО-ның кейбір шараларында көрінді.  Одан да жаманы осы террор айыпталушыларының барлығына дерлігі НАТО-дан айлық алып отырған ресми қызметкерлер болатын. Соңғы рет Түркия Республикасының құрушысы Мұстафа Кемал Ататүрік және президент Ердоғанның суреттерін жау елдің күші секілді көрсеткен НАТО офицері секілді.

2016 жылы 15 шілде күні Фетуллахшы террор ұйымының қанды төңкеріс әрекеті барысында әрі НАТО, әрі Түркияның батыс клубындағы одақтастарының түрік халқының қасында орын алмауы едәуір таңғалдырады.

Одан да таңғаларлық оқиғалар болса НАТО және Түркияның одақтасы болып саналатын батыстық достардың төңкерісшіл террористтерге есіктерін айқара ашуы болатын.

15 шілде қанды төңкерістен кейін НАТО-ның осы ұйыммен қатынастарын ортаға шығарған бірнеше оқиғаға қарайық:

  1. НАТО-да міндет атқаратын түріктің төрт офицері мен бір әскери атташенің 15 шілде төңкеріс әрекетінен кейін Норвегияға берген паналау өтініші Норвегия Миграция департаменті тарапынан қабылданды.
  2. Фетуллахшы террор ұйымының азаматтарды жұмыстан шығару үшін жариялаған жалған құжаттарды «дұрыс» деп бекіткен, қашып жүрген эксперт майор Ахмет Ердоған Ұлыбританияда әскери тұрғын үйде әлі тұрып жатыр.
  3. 15 шілде төңкеріс әрекетіне қатысқан және АҚШ-тағы Одақтас алмасу қолбасшылығында міндет атқаратын адмирал Зеки Мұстафа Угурлу төңкерістен кейін де НАТО базасында болды. Түрік Қарулы күштерінен жұмыстан шығарылғанына қарамастан НАТО-да сол қалпы адмирал міндетін атқаруда екені анықталған соң дереу АҚШ-қа қашты.
  4. Түрік армиясына қарсы Фетуллахшы террор ұйымының прокурорлары жүргізген «жалған» қылмыстық істерде эксперт ретінде міндет атқарған, қазір Түркиядан қашып жүрген, Түркия Ғылыми зерттеу ұйымының Кибер қауіпсіздік институтының бұрынғы директоры Хайреттин Бахшинің Эстонияда НАТО елдері қатысатын Кибер қауіпсіздік жаттығуында міндеттендірілгені ортаға шықты.
  5. 15 шілде төңкерісінен кейін жұмыстан қуылған жоғары деңгейдегі бес офицер Бельгиядағы НАТО және SHAPE штабтарында болып шықты.  артынан олардың паналау өтінішін Бельгия қабылдады.
  6. Жақында Америка Құрама Штаттарында болған НАТО Парламентар ассамблеясы жиналысына шақырылмаған болса да,  Руми форумның төрағасы Эмре Челикті Middle East форум төрағасы Даниеэль Пипс заңсыз түрде жиналысқа қабылдады. Осы оқиғаға НАТО үндемей қалды.  Түрік делегациясы бұған қарсы шығып, жиналысты тастап шыққаннан кейін қалған елдердің өкілдері де осылай істеді.

Осыншама айғақтарға қарамастан,  осы одақты өз мүшелерін әлі тексермей ме?



Ұқсас жаңалықтар