Түркі әлемінің ұлттық ояну символдарының бірі – Исмаил Гаспыралы

Түркия және Евразия тынысы 46

Түркі әлемінің ұлттық ояну символдарының бірі – Исмаил Гаспыралы

Түркі әлемінде «бірлік пікірі» дегенде алдымен Гаспыралы Исмаил еске түседі. Исмаил Гаспыралы Қырымның Бақшасарай қаласына қарасты Авжыкөйде дүниеге келді. Орыс мектептерінен алған білімі оның ұлттық сана сезімін оятты. 1868 жылы Бақшасарайда орыс тілінен сабақ бере бастайды. 1872 жылы Қырымнан білім алу үшін айырылып, Парижге барды. Парижде екі жыл жүрген Исмаил Гаспыралы батыс өркениетімен жақын танысады.
Қырымдық татар түріктерінің өкілі Исмаил Гаспыралы түріктер бірлік болмағаны себепті мазасыздығын «егер біз осылай жалғасатын болсақ, Ресейдегі түрік тектілердің болашағы түнек» деген болатын. Гаспыралыға қарағанда (Ресейде әртүрлі атпен аталса да түбі бір) түркі тектес қоғамдар қазіргі бөлінулерін жалғастырған жағдайда, айналасын қоршап тұрған Слав теңізінің ішінде жоғалу қаупімен бетпе-бет тұратын. Бөлінуден құтылу үшін бірге қозғалуға тиісті еді. Гаспыралы түріктердің орыс патшалығы отарлауында еріп кетуіне алаңдап, ортақ бір түрік тілі төңірегінде бірігіп, болмыстарын жалғастыратындарына сенді. Бұл пікірін жүзеге асыру үшін бір газет дайындады. Барлық түркі әлеміне үн қатқан бұл газет тек қана түрік тілінде басылып шықты. «Тілде, пікірде, істе бірлік» ұранымен жарияланған осы газеттің аты «Тәржіман» деп аталатын. Гаспыралы Исмаил 1883 жылы жариялаған «Тәржіман» газеті Ресейдің отарлауындағы түріктерден бастап, бүкіл түркі әлемінде ұлттық сана сезімді ояту үшін үлкен бастама болды. Гаспыралы Исмаил жариялаған «Тәржіман» газетін Стамбұлдан бастап, түркі әлемінің түкпір-түкпірінде мықты білімі бар зиялылар оқитын. Газет әсіресе Әзірбайжан мен Қырымда қатты құрметтеліп, абыройлы басылымдардың бірі ретінде саналатын. Ресейде өмір сүрген түріктердің көзқарастары, мәдени және саяси қимылдары бұл бастаманың арқасында қалыптасты. Исмаил Гаспыралы ұсынған реформалық бағдарламаға қарағанда оқу реформасы енгізіліп, түркітілдес халықтар арасында ортақ бір әдеби тіл қалыптасуға тиісті еді. Сол кезеңде әйелдердің де білім алуына еркектер сияқты көңіл бөлу маңызды болатын.
Орыстардың түріктерге бағытталған орыстандыру саясатының түркітілдес халықтардың жойылуына апарып соғатынын ойлаған Гаспыралы Ресей түріктерін біріктіру үшін реформалық жұмыстар атқарды. Исмаил Гаспыралының реформа бағытында басқан ең маңызды қадамы 1884 жылы ашқан «usûl-i cedit» (жаңа әдіс) мектебі болып табылады. Гаспыралы Қырымның Бақшасарай қаласында ашқан бұл мектепте іске қосқан жеңіл оқып-түсіну әдісі / «usûl-i cedit» уақыт өткен сайын барлық аймақтарға тарай бастады. Қысқа уақытта Ресейдің басқа Түрік-Ислам аймақтарына да ұласты. Исмаил Гаспыралы оқу және мәдениет салаларында жұмыстанып, алдымен Ресейдегі түріктер кейін бүкіл түріктер арасында ұлтжандылықты оятуға күш жұмсады.
Исмаил Гаспыралының Түркі әлемінде бірлік пікірі туралы ең маңызды жұмыстардың басында ортақ бір түрік тілін қалыптастыру жөніндегі бастамасы келеді. Ол – Стамбұлда қолданылған түрік тілін (Османлы және татар диалектісі арасында құрал ретінде қолданылған Қырым диалектісі негізінде жетілдіріп жеңілдету) барлық түріктер тұрғысынан ортақ бір әдеби тілге айналдыру көзқарасы еді. Гаспыралы түрік тілін парсы мен араб тілдерінен кірме сөздерден тазалап, халыққа түсінікті болатын, жеңілдетілген бір ерекшелікке айналдыруды мақсат ететін.
Гаспыралының «Тәржіман» газеті арқылы таратқан бұл тіл Қырым, Еділ-Жайық, Кавказ және Түркістан зиялыларына ықпал етті. Осы тілді қолдана бастаған жазушылардың шығармалары үлкен байлықты да ортаға қойды. Бірақ Кеңес үкіметі Исмал Гаспыралы бастаған ортақ түрік тілі ағымына кедергі жасады. Осыған қоса жергілікті тілдерді жетілдіруді ынталандырды.
«Тәржіман» газеті арқылы ортақ бір түрік тілі төңірегінде түркі әлемінің басын қосу Гаспыралы Исмаилдің негізгі мақсаты болатын. Осы мақсатта газетінде ортақ тіл ретінде Стамбұл диалектін таңдады. Гаспыралыға қарағанда Стамбұл диалектін жеңілдету қажет еді.
Қазір Режеп Тайып Ердоған, Нұрсұлтан Назарбаев және Илхам Алиев сияқты басшылардың арқасында Исмаил Гаспыралының ойлары әртүрлі халықаралық ұйымдар құрамында көрініс табады. Түрік Кеңесі, Халықаралық Түріксой ұйымы, Түрік академиясынан бастап әртүрлі халықаралық ұйымдар бұл бағытта жұмыстануда. Мынаны баса айтқан жөн: Бұл жұмыстардың мақсаты пантюркизм немесе пантуранизм емес. Әйтсе де бұл мекемелер ешбір мемлекетке және ұлтқа қарсы дұшпандықты, кек алуды немесе жиренішті насихаттамайды. Тек әртүрлі салаларда ынтымақтастықты нысанаға алады. Сондықтан бұл мекемелерге ешкім күдікпен қарамауға тиісті. Сондай-ақ баса айтатын бір жәйт Гаспыралы Исмаил айтқан «Тілде, пікірде, істе бірлік» ұранының түркі әлемінде жүзеге асуы әлем бейбітшілігіне де үлес қосады.



Ұқсас жаңалықтар