TANAP жылдам жалғасуда

Түркия және Еуразия тынысы 48

TANAP жылдам жалғасуда

Еуропаның ең үлкен энергия қамдау жобаларының бірі ретінде TANAP (Транс-Анадолы табиғи газ құбыр желісі жобасы) жобасы жылдам ілгерілеуде. Өткен күндерде Еуропа қала мен өркендеу банкі жобаға 500 миллион долларлық несие беру үшін шешім қабылдады. Еуропаның энергия қамдауында әртүрлілік нысанасына үлес қосатын және көміртек өндірісін маңызды мөлшерде азайтатыны атап көрсетілген жобамен Каспий теңізінен шығарылатын табиғи газды Түркия арқылы Еуропаға жеткізу жоспарланады.

Баршаға мәлім, TANAP үшін алдында Әлем Банкі, Азия Өркендеу Банкі және Азия Инфрақұрылым Инвестиция Банкі сияқты қаржы мекемелері жалпы 2 миллиард доллар көлеміндегі несиені бекіткен болатын. Физикалық тұрғыдан күн өткен сайын байқалған ілгерілеу халықаралық инвестиция және қаржы мекемелерінің қолдауын алуда ең маңызды фактор болып табылады.

Қазан айында жоба басшылығы тарапынан жасалған мәлімдемеде жобаның алғашқы сатысы болған «Фаза 0»-ды аяқтауға жақындағаны және бұл арқылы 2018 жылдан бастап сынақтан өткізу мақсатты құбыр желісіне табиғи газ ағысының мүмкін болатыны атап көрсетілді. Жобаға көрсетілген қаржылай қолдаулар физикалық кезеңнің болжамынан бұрын жылдам нәтижеленетінін көрсетеді. Жалпы 12 миллиард доллар болып есептелген жобаның шығыны табысты ілгерілеудің арқасында 8 миллиард долларға дейін азаяды. Табиғи газ ағымының жоспарлағаннан мерзімнен бұрын жылдам жүзеге асуы бұл тақырыпта саяси басшылықтың күші мен техникалық жетістіктердің ерекшелігін көрсетеді.

16 миллиард текшеметр болып жоспарланған TANAP-тың табиғи газ тасымалдау күшінің шамамен 10 миллиард текшеметрі Еуропаға, қалғаны Түркияға жеткізіледі. Жоба қазіргі болымды бағытын сақтаған жағдайда, 2018 жылы маусым айынан бастап Түркия TANAP табиғи газымен танысады. Оған қоса 2020 жылы Еуропаға алғашқы табиғи газ экспорты басталмақ.

Жобаның іргетасы 2015 жылдың наурыз айында Түркия Республикасы президентіне қоса, Әзірбайжан және Грузия президенттері қатысқан бір рәсіммен Карста қаланған болатын. Түркияда Ардахан қаласынан бастап, Эдирне қаласы арқылы Грекияға ұласатын құбыр желісі Түркияның 20 қаласынан өтеді.

Әзірбайжан және Түркияның экономикасына маңызды үлес қосатын TANAP арқылы Еуропа елдерінің бұрынан келе жатқан энергия қамдауының жекеменшікке өту уайымдары да азайды. TANAP-тың негізгі жобасы ретінде Оңтүстік табиғи газ коридорының құны шамамен 40 миллиард доллар, ұзындығы 3 мың 5 жүз шақырым және жалпы алғанда 6 елден өтеді. TANAP болса бұл жобаның шамамен 1 мың 850 шақырымын құрайды. Оңтүстік табиғи газ коридоры да Оңтүстік Кавказ құбыр желісі және Транс-Атлант құбыр желісінің TANAP-пен қосылуынан тұрады. Аталмыш жобалар Әзірбайжан табиғи газын Еуропаға дейін қауіпсіз жеткізуге қоса, Түркияның қамдаушы, әртүрлілік және энергия коридорында негізгі бағыт болу саясатына үлес қосады.

Жоба аяқталған соң Түркиядағы табиғи газ шығындары да белгілі мөлшерде азаятын болады. Осында Әзірбайжан табиғи газ орны Шахтеңіз-2 алаңынан шығарылған төмен бағадағы табиғи газ шығыны нарықтық қамдау кезінде арзан баға белгілеу саясатына ықпал етпек.

Түркия табиғи газды толығына жақын шетелден қамтамасыз етеді. Негізгі жеткізушілері болса Ресей, Иран, Әзірбайжан, Нигерия және Алжир. Ресей мен Ираннан сатып алған табиғи газдың салыстырмалы түрде қымбат екені және Әзірбайжаннан сатып алынатын арзан энергияның Түркия үшін ұзақ мерзімде мәміле күшін арттыратыны болжалады. TANAP-тың іске қосылуымен алғашқы сатыда 1 мен 3 миллиард долларлық бір үнемдеу күтілсе, жалпы жобаның Түркияға жанама және тікелей үлесінің 50 миллиард долларға ұласатыны атап көрсетіледі.

Түркияның Еуропа, Азия және Таяу Шығыс арасында энергия базасына айналу нысанасына TANAP маңызды үлес қосады. Табиғи газ өндіріс резервтеріне және бұлардың тұтынушысы болған Еуропа жағрапиясына жақындығы Түркия үшін маңызды артықшылық. Дегенмен бұл мақсатқа бағытталған ел ішіндегі энергия тасымалдау желісінің тығыздығы және инфрақұрылым күші аса маңызды болып табылады. TANAP кезеңінде Түркияның шамамен 25 миллиард текшеметр табиғи газды тасымалдау күші ортада. Алайда мұны келесі жылдарда әрі ішкі нарық, әрі экспортқа бірдей қолдану өте қиын. Осы себепті инфрақұрылымның құрылысы аясында TANAP ұсынған мүмкіншіліктер одан әрі отандық өндіріс технологиясын жетілдіру тұрғысынан да маңызды.

Әзірбайжанмен күшін арттырған шығыс-батыс табиғи газ ағымының кейінгі жылдары Түрікменстан, Қазақстан, Ирак, Иран және басқа Шығыс Жерорта теңізі резервтерін батысқа тасымалдауда үлес қосуы күтіледі. Бұл да Түркияның ұзын мерзімді экономикалық және саяси табыстарының маңызды бір нысанасы болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар