Қырғызстанда болып өткен президенттік сайлау

Еуразия және Түркия тынысы 49

Қырғызстанда болып өткен президенттік сайлау

2017 жылы 15 қазан күні Қырғызстанда билік өзгерісі екінші рет бейбіт түрде жүзеге асты. Сайлаудан парламентте ең көп орынға ие биліктегі Социал демократ партиясының үміткері жеңіспен шықты. Президенттік үшін екі үміткер арасында бәсеке болды. Бұрынғы премьер-министр Өмірбек Бабанов және Сооронбай Жээнбеков арасында қызу өткен жарыста Сооронбай Жээнбеков жеңіске жетті. Екі үміткер бірі-бірін ережелерге қарама-қайшы әрекет жасаумен кінәлап, тұтқындаулар, медиаға жасалған қысымдар және сайлау науқаны ережесін бұзғаны туралы айыптауларына қарамастан, Қырғызстандағы соңғы сайлау маңызды бір саяси күрес ретінде өтті деп айтуға болады.

Президенттік сайлау қорытындысына қарағанда, сайлау кезінде президенттік міндетті атқарған Алмазбек Атамбаев қолдау берген Сооронбай Жээнбеков %54.28-пен (919.654 дауыс) сайлауда жеңіске жетсе де, қарсыласы Өмірбек Бабанов %33.41-бен (566.188 дауыс) екінші орын алды. Президенттік сайлауға сайлаушылардың %55.93 пайызы қатысты. 2375 сандықта барлығы 3 миллион 025 мың 770 сайлаушыдан, 1 миллион 692 мың 423 адам дауыс берді. 2011 жылы 5.5 миллион болған адам санының 2017 жылы 6.1-ге ұласуына қарамастан тіркеуге алынған сайлаушы мөлшері 2011 жылғы президенттік сайлаумен салыстырғанда одан төмен екенін байқаймыз. Бұл төмендеудің себебі ретінде 2014 жылы бекітілген «Биометрикалық растау технологиясының» қолданысқа енуін көрсетуге болады. Әйтсе де, Қырғызстандағы сайлау заңына сәйкес төлқұжат тіркеу жүйесіне биометрикалық тіркеуден өтпеген азаматтар сайлау тізіміне енбеді.

Қырғызстанда президенттік сайлауда жеңіске жеткен Социал демократ партиясының кандидаты Сооронбай Жээнбеков қараша айының соңғы аптасында ант ішіп, міндетін бастады. Жээнбековтің ант ішу рәсімі президенттік резиденциядағы қырғыздардың салтындағы киіз үйдің ішіндей безендірілген Ене-Сай конгресс залында болып өтті. Жээнбеков халықтың бірлік пен ынтымақтастығына назар аударып жасаған баяндамасында елде және әсіресе бюрократияда аймақтық және этникалық бөлшектенуге рұқсат бермейтінін атап көрсетті. Тәуелсіз Қырғызстанның демократиялық бағытта жетілгенін халықаралық қоғамға дәлелдегенін атап көрсеткен Жээнбеков «Тәуелсіздік тарихымызда алғаш рет бейбітшіл жолмен билік өзгереді» деді. Халыққа және партияларға алғысын білдірген Жээбеков сыртқы саясатта ұлттық мүдделерді қорғауды жалғастыратынын атап, «Ресей Федерациясымен стратегиялық қатынастарды нығайтамыз.  Көрші Қытаймен қатынастарды тереңдете түсеміз.  Орталық Азиядағы көрші елдермен тарихи байланыстар аясында қарым-қатынастарымызды жалғастырамыз. Еуропа Одағына мүше елдермен жақын қатынас құрамыз.  Түркия және Америка Құрама Штаттарымен де ынтымақтастығымызды жетілдіреміз» деді.

Еуразиялық экономикалық одақтағы мүшелігімен бірге әсіресе Ресейдің саяси және экономикалық ықпалындағы Қырғызстанның алдағы кезеңде геосаяси бағытын өзгертуге ниеті жоқ екенін айтуға болады.

Негізінде атазаңға енгізілген соңғы өзгерістермен бірге елдің сыртқы саясатын белгілеу және сауда мен қорғаныс салаларында маңызды мәселелерін анықтау тақырыптарында президенттік жауапкершіліктер парламент тарапынан шектеледі. Бұл жағдай Жээнбековтің Атамбаевтың алты жылдық міндет мерзімінде түрленген сыртқы саясатты радикал түрде өзгертуіне мүмкіншілік бермейді.

Басқа жағынан Түркия мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастық стратегиялық ортақтық деңгейінде екі жақты мықты басшылық қолдауымен әр салада болымды түрде жалғасуда. Түркия Республикасы мемлекеттік және азаматтық барлық мекемелері арқылы Қырғызстанның мекемелік құрылымына қолдау беруде. Екі ел арасында саяси, экономикалық және сауда, әскери, мәдени және оқу, денсаулық сақтау, қатынас салаларынан бастап көп тұсты ынтымақтастық екі жүзден астам келісім және хаттамадан тұратын ауқымды бір заңдық қамдау аясында жалғасуда.

Екі ел президенттері тарапынан 1997 жылы қол қойылған «Мәңгі достық және ынтымақтастық келісімі», 1999 жылы жарияланған «Түркия мен Қырғызстан: Бірге 21-ші ғасырға» тақырыпты декларациясы және 2011 жылы қол қойылған «Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесін құру жөніндегі ортақ мәлімдеме» қазіргі стратегиялық ортақтықтың негізгі құжаттары болып табылады.

Көп тұсты жоспарда Қырғыз Әкімшілігі Түрік Кеңесінен бастап, Түркі әлеміндегі құрылымдарда толық орын алады және қолдау береді. Бұл аяда Қырғызстанның Түрік Кеңесінің V саммитінде құрылуына шешім қабылданған «Түркі әлемі спорт және көшпенді мәдениеті орталығына» қонақжайлық жасауы маңызды бір жаңалық болып табылады. Түркия Республикасы Орталық Азия жағрапиясында демократиялық өзгеріс кезеңінен өтіп жатқан Қырғызстанның тұрақтылығы мен өркендеуін жалғастыруына аса көңіл бөледі. Түркия бұл тұрғыдан саяси және мекемелік өзгеріс кезеңінің басынан бері Қырғызстанға әр сатыда қолдау беруде. Бұл аяда Қырғызстанда 2017 жылы 15 қазан күні болып өткен президенттік сайлаудың бейбіт және тыныш ортада жүзеге асуын Түркия ризашылықпен қарсы алды.



Ұқсас жаңалықтар