Көп үйекті әлемде Африкамен байланыс құру

Африка әлем сахнасында тең серік болуға лайықты.  Бүгінгі күні құрлық жаңа  отарлау түріне емес, әділет пен тұрақтылыққа мұқтаж.

Көп үйекті әлемде Африкамен байланыс құру

Африка әлем сахнасында тең серік болуға лайықты.  Бүгінгі күні құрлық жаңа  отарлау түріне емес, әділет пен тұрақтылыққа мұқтаж.

Африка - бір ғана түрлі ортақтық моделі құрлықтың әлеуметтік, экономикалық және географиялық түрлілілігіне жете алмайтындай үлкен  құрлық. Африкамен байланыс құру көп үйекті әлемде көп сатылы көзқарасты қажет етеді. Міне,  Түркия соңғы он жыл бойы осы принцип бойынша қозғалып, Африкамен байланыс құруға талпынуда.

Африкадағы мемлекеттер әлі күнге отаршылықтың мұрасы,  азаматтық соғыстар, терроризм, жемқорлық, инфрақұрылым жетіспеушілігі, даму және қоршаған орта проблемалары секілді көптеген басқа мәселелермен арпалысып келеді.  Алайда сонымен бірге табиғи байлығы мол, тұрғындары жас әрі белсенді, әлемше ашық Африканың әлеуеті де өте жоғары.  Түркия 2005 жылы «Африкаға ашылу» саясатын жүргізе бастағалы бері осы динамикалардың барлығын байқап, алаңда қорытындысын да көрді.

Осы жағдайға ең жақсы мысал Түркияның Сомалимен байланысты. Сомалиге жүргізілген түрік даму моделі жемісін беріп,  елдің күш қолданудың алдын алу, тыныщтықты сақтау,  саяси өкілдік және дамуды орнату ынтасына маңызды үлес қосты.

Сомали әлі күнге терроризм,  кедейлік және мықты орталық үкіметтің олқылығымен айналысуға тырысса са,  бес жыл бұрынғысынан едәуір жақсы жағдайда. Түркия тәуелділік пен отаршылдықтың жаңа түріне себеп болудан гөрі Сомали халқының өз күшімен тұрып кетуі үшін әрі ресми мекемелері,  әрі үкіметтік емес ұйымдары арқылы Сомалиге көмек берді.

Түркия соңғы он жылда Африкадағы өкілетті елшіліктерінің санын 12-ден 39-ға арттырды. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 41 болады.  осы уақытта Африкамен сауда айналысы 5-6 есе артты.  Президент Режеп Тайып Ердоған бірнеше жылдың ішінде Африканың 24 еліне мемлекеттік сапармен барды. Екі мәрте Түркия-Африка саммиті өткізілді.

Экономикалық жағынан алып қарағанда,  Африканың көптеген елі табиғи байлықтары мол болса да,  кедейлік және аз дамығандықпен күресуде.  Әлемдік банк болса осы жақында жарияланған анализінде мынадай болжамдарға орын береді: «Аймақта экономикалық өсу дағдарыстан бұрынғы уақыттың орташасынан өте төмен. Экономиканың жалпы көрінісі әлі рисктерге толы.  Орта деңгейде өсудің 2016-17 жылдары төмендеген адам басына шаққандағы табысқа әсері баяу болады және ортақ молшылық пен кедейлікпен күрестің арттырылуы секілді мақсаттарға жету үшін жеткіліксіз болады».

Алайда осы анализде тағы да былай делінген: «Тропиктік Африканың істерінде тұрақты жинақталу күтіледі. Тауар бағаларында және ішкі нарықтағы сатылы арту мен инфляцияның төмендеуі, ақша саясаттарының жұмсара түсуімен бірге 2018 жылы өсім 3,2 пайызға, 2019 жылы 3,5 пайызға көтеріледі»

Болашақ жылдардың Африка экономикалары үшін жақсы болмауы үшін ешбір себеп жоқ. Жаһандық экономиканың салмақты орталығы батыстан тыс әлемге қарай қозғалып отырғанда Африка елдері экономикаларын түрлендіру үшін жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуі мүмкін. Егер ұлттық басымдықтар дұрыс анықталып, тәртіпті және табанды жұмыс жүргізілсе, жаһандық сауда мен инвестициялар Африка елдерінің мүддесіне қызмет ететін жағдайға келеді.

Президент Ердоған осы аяда осы аптада Судан, Чад және Туниске барды. Түркиядан президенттік деңгейде бірінші рет ұйымдастырылған осы сапар екі жақты саяси және экономикалық қатынастарының дамуына шоғырланды және сапар барысында түрлі салаларда бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Суданда қарсы алуға мыңдаған адам қатысып, екі елдің қарым-қатынасының нығаюына тілектер тіленді.  Президент Ердоған Хартуммен қоса Порт Судан және ғасырлар бойы Африкада қажылар порт ретінде қолданған тарихи Савакин аралына да барды.  Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасы ТИКА бұдан бұрын осы аралда екі мешіт пен бір порт ғимаратын реставрациядан өткізген болатын. Енді болашақ кезең үшін көптеген жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.  Басқа да ірі жобалармен бірге Түркия Суданда ірі егіншілік бастамасын көтеруді нысаналауда.

Осындай бір сахна шамамен 150 түрік іскерінің әріптестерімен кездесіп, инвестиция мүмкіндіктерін қарастырған Чад сапарында да бһқайталанды.  Чад әлемнің ең кедей елдерінің бірі және барлық салада көркейтуші, тұрақты көмекке мұқтаж.

Түркиямен тамырлы тарихы және мәдени қатынастары бар Тунисте ресми кездесулерде екі жақты сауда-экономикалық қатынастармен бірге Иерусалим проблемасы,  Катар және басқа Шығанақ елдері арасындағы дағдарыс сынды өңірлік мәселелер қолға алынды.  Түркия мен Тунис осындай өңірлік тақырыптарда бірдей көзқараста екендерін бекітті.  Төңкерістің басынан бері Түркия әрі несие беріп,  әрі қауіпсіздік күштерін дайындықтан өткізіп, жабдықтау арқылы да әрдайым Түнистің жанында болды.

АҚШ-тың Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде бір жақты танитынын білдіретін шешімінен кейін БҰҰ Бас ассамблеясында Иерусалим үшін дауысқа салу болған еді. Осы резолюцияда Африка елдерінің өте үлкен рол ойнағанын атап өту керек. Бұл жағдай негізінде сюрприз болмауы керек.  Себебі Африка ұлттары өздері де қаналып,  отар астында болып,  басқыншылық, нәсілшілдік пен топтық жазалаудың не екенін білетіндіктен, Палестина халқының қайғы-қасіретін жақсы түсінеді.  Африканың Палестина проблемасындағы біртұтас көзқарасы африкалықтардың өңірлік және жаһандық оқиғаларға қысқа мерзімді саяси және экономикалық мүдделердің орнына әділет және ұждан тұрғысынан қарайтындарын көрсетеді.  

Африканы бір қарағанда түсіну қиын, Африка күрделі құрлық.  Әлем сахнасында тең құқықтарға лайықты.  Оған керек нәрсе болса отарлаудың жаңа түрлері емес,  бейбітшілік,  әділет және тұрақтылық.

Әлем елдері Африканы жаңадан танып жатса, Африка да әлемге ашылуда. Осы үрдіс өзара мүдде, сенім және ортақтыққа сүйенетін қарым-қатынасқа жол ашуы керек. Көп үйекті бір әлемде Африкамен байланыс құрудың жолы осы ғана.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калынның 29 желтоқсан күні «DailySabah» газетінде жарияланған мақаласы

 



Ұқсас жаңалықтар