Иерусалим құласа...

Проф. Др. Кудрет Бүлбүл*

Иерусалим құласа...

Иерусалим құласа...

Иерусалим... мұсылмандар, христиандар және иудейлер үшін қасиетті қала... Мұсылмандардың тұңғыш құбыласы. Әзірет Пайғамбар Көкке көтерілген жер. Ақын Сезаи Каракоч айтқандай «Көкте жаратылып,  жерге түсірілген қала».

Падиша Явуз Сұлтан Селимнің 1516 жылғы жеңісінен кейін 1917 жылға дейін 401 жыл бойы Османлы Пакты аясында түрлі діндерден азаматтар бейбіт түрде тыныш өмір сүрген қала.

Ғасырлар бойғы бейбітшілік дәуірінде бүгінгі күннің керісінше Мекке мен Мәдинамен бірге Иерусалим Таяу Шығысқа, Таяу Шығыстан да әлемге тыныштық климатын таратқан мекендердің бірі болған. Бүгінгі таңда болса Израиль қан көліне айналдырғандықтан кейбіреулер Таяу Шығысты «батпақ» деп атайды.

***

АҚШ-тың Иерусалим шешімі және оған наразылықтар

АҚШ өз ішкі саяси таластарының бір жалғасы ретінде Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде бір жақты шешім қабылдағаннан кейін бүкіл әлем оған қарсы бірлесті.  БҰҰ-да ашық және дөрекі қорқытуларға қарамастан әлем елдері бұрын соңды көрінбеген ұстаным көрсетті. Қауіпсіздік кеңесінде 14-ке қарсы 1 дауыспен АҚШ жалғыз қалды.  Бас ассамблеяда АҚШ тысында тек сегіз ел ғана осы қорқытуға бас иді. Ислам әлемі, Еуроодақ елдері,  Африка,  Латын Америка,  Қиыр Шығыс елдері бірге қозғалды.

Әлемдегі елдердің барлығына дерлігінде, Америка Құрама Штаттары мен Израильде де азаматтар АҚШ-тың осы шешіміне наразылық білдірді. Адам баласы парасатты ойлауда бірлесті.

Осында Ислам Ынтымақтастық ұйымының кезекті төрағасы ретінде Түркияның бастаушы роліне назар аудару керек.  Президент Режеп Тайып Ердоғанның Еуропа Одағы басшылары,  Путин, Папа және басқа да лауазым иелерімен кездесуі,  сөйлесуі ортақ ұстаным көрсету тұрғысынан өте маңызды болды.

Иерусалим мәселесі өз арасында көптеген проблема бар мұсылман елдерді де қайтадан бірлестірді. Еуропа Одағы елдері мен мұсылман елдеріне қайтадан бір мақсат аясында бас қостырды.

Америка Құрама Штаттарының Иерусалим жөніндегі шешімі Палестина тақырыбында жаһандық сана қалыптасуына да үлес қосар деп үміттенеміз.  Осы шешімге қарсы қамтылған жаһандық келісім Палестинада жүргізілген этникалық тазалықтың байқалуына және аймақта заңды көзқарастың егемен болуына септігін тигізер деп тілейміз.

Әлем елдері қарсы тұрмағанда?  Яки Иерусалим құласа...

Америка Құрама Штаттарының Иерусалим шешімі жамандық секілді көрінген нәрселерден де жақсылық туындайтынына тамаша мысал болды.

Егер тойтарыс берілмегенде, марқұм премьер-министр Ербакан әрдайым еске салып жүретіндей, Израиль аймақ елдерінің жерлерін де қамтитын,  Тигр мен Евфрат өзендеріне дейін созылатын «Уәде етілген жерлер» үшін батылдана түсер еді. Бүгінгі күні осы күйімен аймақ және адам баласы үшін жаратқан үрейін ойлап қарағанда,  «Ұлы Израиль» жарататын қорқу мен алаңды жақсы түсінуге болады.

Уәде етілген жерлер арманын орындау үшін талпынған,  өздерінің таңдалған нәсіл екеніне сенген сионист еврейлердің үрейін ең көп осылай ойламайтын,  фашист емес, нәсілшіл емес еврейлер байқайтын шығар. Гитлердің немістердің «жоғары нәсіл»  екені жөніндегі Нацизм идеологиясының адам баласының басына қандай бәле ашқаны баршаның есінде болар.  Америка Құрама Штаттарының Иерусалим шешіміне қарсы тұрмағанда,  осыған ұқсас «таңдалған нәсіл» идеологиясы батылдана түсер еді.

Иерусалим шешімі алдында Еуропа Одағы мен Ислам елдерінің бірге наразылық көрсетуі соңғы кезде бұзылған Ислам мен батыс қарым-қатынасының міндетті түрде қайшылық үстіне құрылуы керек еместігін тағы бір рет көрсетті. Америка Құрама Штаттарының шешіміне қарсы тұрмағанда,  орынды емес,  мықтылар билеп-төстейді деген әлемдік түсінік күшейе түсер еді. Жазықсыз адамдардың әділетсіздіктер алдындағы тойтарыс күшіне үлкен соққы енер еді.

Иерусалим тақырыбында жаһандық ұстаным көрсетілмегенде, үмітсіздік нығая түсіп, амалсыздардың болашақ жөніндегі үміттері өшетін еді.

Осы шешімге қарсы адам баласы тек көрермен болып қалғанда,  Израиль әскерлеріне қарсы батылдықпен қарсы тұрған Палестинаның абыройлы қызы Ахеедтің көзіне қалай қарар еді?

Газада палестиналықтардың үйлерінің қиратылмауы үшін тойтарыс берген кезінде Израиль бульдозерлерінің астында езілген 24 жасар американдық белсенді Рейчел Корридің атын айтуға кімнің дәті шыдар еді?

Нацизм қайтадан келмеуі керек,  еврей фашизмінің алдын алу қажет...

Ал тек осында тоқтап қалу жеткілікті ме?

Әрине,  жеткілікті емес. Себебі Иерусалим құласа,  жоғарыда айтылған барлық жағымды нәрселер теріс айналады.

Иерусалимнің құламауы үшін ең көп еркіндікті аңсайтын еврейлер тойтарыс беруі керек.  Әйтпесе бірінші болып жеңілетіндер солар болады.  Неміс фашизмінде бірінші болып жеңілген еркіндікшіл немістер болғаны секілді. Неміс фашизмі кезінде адам баласы өте ауыр құн төледі.  Еврей фашизмі арқылы осылар қайталанбауы керек.

Сіздер де көргендей,  Иерусалим мәселесі тек мұсылмандардың,  христиандардың, еврейлердің мәселесі емес.  Иерусалим мәселесі – адам баласының мәселесі.

Себебі Иерусалим құласа,  ұждан құлайды,  әділет құлайды,  адамдық құлайды.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саяси ғылымдар факультетінің деканы

р.



Ұқсас жаңалықтар