Қоңыраулар батыс үшін соғылады: PKK/YPG-нің шетелдік террорист жауынгерлері

Түрік сыртқы саясатының бағдары - 13

Қоңыраулар батыс үшін соғылады: PKK/YPG-нің шетелдік террорист жауынгерлері

Әлемге танымал Эрнест Хемингуэйдің «Қоңыраулар кім үшін соғылады?» атты шығармасын оқыған шығарсыздар. Естеріңізде болар, бұл шығармада оқиғалар Испания Азаттық соғысында жарылғыш маманы болып қызмет еткен АҚШ-тық бір испан тілі профессорының көзімен түсіндіріледі. Сондықтан да Хемингуэй белгілі осы шығармасында бір шетелдік жауынгер туралы баяндайды. Испаниядан кейін де әлемнің әртүрлі аймақтарына бағытталып шетелдік жауынгерлер ағыла берді. Сирияда және Ирактағы оқиғалар нәтижесінде осы түсініктен туындаған жаңа бір ұғым пайда болды. «Шетелдік террорист жауынгерлер».

Шетелдік жауынгерлердің террористік ұғымы ДАИШ-тің 2014 жылы Сирияда және Иракта жылдам тарауымен күн тәртібіне келді. ДАИШ-тің әлемнің түкпір-түкпіріндегі жақтаушыларын аймаққа соғысуға шақыруы 2014 жылы 24 қыркүйек күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Шетелдік террорист жауынгер тақырыпты 2178 нөмірлі шешімді қабылдауына себеп болды.

Шетелдік террорист жауынгер ұғымы мұқият қадағаланған батыс елдерінің тақырып жайлы көзқарастары қазір шетелдік террорист жауынгер болғандардың елдеріне оралғанда төндіретін қауіптен туындайды. Бұл себепті ДАИШ сияқты құрылымдарға одан да көп назар аударады, PKK/YPG немесе христиан текті қарулы топтарға қатысуларға шектеулі назар аударуда. Бұл ұстаным БҰҰ-ның 2170 және 2178 нөмірлі шешімдеріне де ықпал етті. Шетелдік террорист жауынгер ұғымы болса «ДАИШ және Әл-Каидамен байланысты қолға алынды» деп аталды.

Сирияда артып отырған ДАИШ болмысының артынан 2014 жылдан бастап PKK/YPG террор ұйымына көптеген елден өте көп шетелдік террорист жауынгер қатысты. Бірақ батыс елдері бұл тақырыпқа назар аудармады. Ерікті жауынгерлер, легионерлер сияқты атаулармен бұл тақырыпқа көңіл бөлмеді. PKK/YPG-ге қосылған батыстықтар және еуропалықтарға қатысты ешбір шара қолданылған жоқ.  PKK/YPG 2014 жылы интернет және әлеуметтік медиа арқылы ДАИШ-ке қарсы соғысу үшін шетелдіктерге шақыру тастай бастады. Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Германия, Дания, Грекия, Финляндия, Франция, тіпті Қытайдан келген 1 мың 200 шетелдік террорист жауынгер террор ұйымы PKK/YPG-ге қосылды.

Қазір PKK террор ұйымы үшін бір мемлекет құру интернационалдық (ұлтсыздық) социализмді тарату үшін бір құралға айналды. PKK жұмыстарымен байланысы емес, бірақ ‘әсем’ сөздермен күн тәртібінде тұтылған «демократиялық автономия» сияқты жобалардың Еуропада және АҚШ-та сол әрекеттерге шабыт бергенін көреміз. Қазір террор ұйымы PKK/YPG қатарында жүрген, кейін қарулы жаттығулары, қақтығыс тәжірибелері, қылмыстық байланыстары және радикал пікірлерімен батысқа қайта оралатын жүздеген радикал солшыл террорист бар. PKK-ның Еуропадағы радикал солшыл топтармен терең тарихын және байланыстарын білеміз. Сондықтан бір күні кері оралатын батыстық шетелдік террорист жауынгерлер батыс қауіпсіздігі мен халықаралық тәртіп тұрғысынан үлкен қауіп болады.

Батыстың террор ұйымы PKK/YPG-ге қолдауына негізгі себеп ретінде PKK/YPG-нің «секуляр» болуын көрсетуге болады. Дегенмен осында бір қателік бар. Әйтсе де PKK/YPG-нің секуляризмінің замандас батыстық секуляризм және демократиялық түсінігімен ешбір байланысы жоқ. PKK/YPG Кеңес Одағы политбюросының және Қытай Коммунисттік партиясының секуляр түсінігін жақтауда. Бұл себепті PKK/YPG-нің секулярлығы Сирияны қайта салу үшін экономикалық және саяси либерализмге айналмайды. Қазір террор ұйымы PKK/YPG-нің бақылауындағы әлеуметтік саяси құрылым және экономикалық өндіріс модельдері Маоны қолдаушы бір парадигма төңірегінде «коммуналға» сүйенеді. PKK/YPG бақылауындағы Сирия жерінен «батыстық ұстанымға ие бір аймақ» шығуын күту үлкен бір жаңылыс болады. Бұл аймақтарда еркін нарықтық экономика, жекеменшік, сөз еркіндігі және либералды жауапкершілік сияқты түсініктер еш болмайды. Өйткені PKK/YPG «коммунал» бір қиял көреді және өзін неомаоист және неосталинист ұғымдармен танытады.

Көптеген батыстық бақылаушы (араларында террор ұйымы PKK-ға да жақын тұлғаларда бар) және мамандардың өзі PKK-ның (керісінше барлық айтылғандарға қарамастан) өзгергеніне көнбеді. «Рожова тәжірибесі» террор ұйымы PKK-ның әрі «Ленинист басшы партия» дәстүрін, әрі «Сталинист басшылық салтын» қайталаудан басқа нәтиже бермеді.

PKK/YPG құрамындағы шетелдік террористердің болашақта кезкелген бір елді нысанаға алып, террористік әрекет жасамайтынына кепілдік бар ма? Сондай-ақ Ленинист-Сталинист куәлігімен танымал бұл тұлғалар батысқа оралған кезде өз пікірлеріне қарама-қайшы ойлайтын бір топқа қарсы террористік бір қауіп төндірмейді деп кім айта алады? Бұл шетелдік террористтер АҚШ-қа, Еуропаға кері оралғанда қақтығыс тәжірибелерін террор ұйымына да қалыптасқан тәжірибе радикалдықты да өздерімен алып барады. Қаласа жалғыз, қаласа радикал солшыл топтармен бірге АҚШ пен Еуропа үшін маңызды қауіп төндіреді. Сириядағы тәжірибелері АҚШ пен Еуропадағы топтарды одан да радикал қылып, әрекет әдістеріне де ықпал етеді. Күштерінің мен ауқымы артатын болады. Молотов коктейльдерінің орнын қолдан жасалған бомбалар алады.

Қорытып айтқанда батыстық шетелдік террорист жауынгерлерге Сирияның солтүстігінде алаң беріп, қақтығыс қабілеттерін осылай арттыруына жағдай жасауы орта және ұзақ мерзімде Еуропа мен батыс қауіпсіздігі тұрғысынан үлкен рисктерге жол ашады. Батыс осы туралы енді шаралар қабылдап, PKK/YPG-ге қолдауын тоқтатуы міндетті. Керісінше бүгін террор ұйымы PKK/YPG қатарында қақтығысатын азаматтары бір күні АҚШ пен Еуропа жерінде ‘Андерс Бехринг Брейвиктің’ Сталинист нұсқасына айналып кері оралады. Және сол күні қоңыраулар өкінішке орай батыс үшін соғылады.



Ұқсас жаңалықтар