Варна саммитінің артынан Түркия-Еуроодақ ынтымақтастығы

Түрік сыртқы саясатының бағдары - 14

Варна саммитінің артынан Түркия-Еуроодақ ынтымақтастығы

Болгарияның Варна қаласында болып өткен саммитте Түркия Республикасы мен Еуроодақ лауазымдылары басқосты. Саммитке Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған, Еуроодақ Кеңесі төрағасы Дональд Туск, Еурокомиссия төрағасы Джан-Клод Юнкер және Болгария премьер-министрі Бойко Борисов қатысты. Саммит ұзақ уақыттан бері әлсіз жалғасқан Түркия-Еуроодақ ынтымақтастығы тұрғысынан маңызды болып табылатын. Саммит арқылы Түркия мен Еуроодақ ынтымақтастығы қолға алынып, қарым-қатынастардағы кейбір дағдарысты мәселелер келісім жасалған ортақ салалардың арғы жағында қалдырылды. Саммитте Еуроодақ пен Түркия бір-бірлерінен не күткенін ашық түрде тілге тиек етті.

Естеріңізде шығар, Еурокомиссияның 2016 жылы жариялаған Ілгерілеу рапорты Түркияда үлкен наразылық туғызған еді. Бір жақты ұстаныммен жазылған осы рапортта Түркия мен Еуроодақ қарым-қатынастарындағы әлсіздік үшін Түркия айыпталған болатын. Еурокомиссия алдында уәде еткен виза жеңілдігі тақырыбында Еуроодақтың қашан қозғалатыны туралы кезкелген бір уақыт белгіленбеді. Сондай-ақ 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті мен демократия күресіне жай бір оқиға деп қарауда. 2016 жылғы Ілгерілеу рапортының ішкі мазмұнына Түркия қатаң наразылық көрсеткендіктен Еурокомиссия 2017 жылы үшін дайындалатын Ілгерілеу рапортын кешіктіруде. Осылайша Түркия «Еуроодаққа мүше ел» деп жарияланған 1999 жылдан бері алғаш рет Түркияға қатысты жылдық рапорт комиссия тарапынан жарияланбай отыр.

Баспасөзде күн тәртіпке қатысты екі маңызды тақырып орын алды. Олардың біріншісі Түркияның өткен жылы Еуроодаққа ұсынған Кеден Одағы келісімін реттеу тақырыбы. Кеден Одағы іске қосылған 1996 жылдың 1 қаңтар күнінен бастап, халықаралық сауда мен Еуроодақтың үшінші мемлекеттермен сауда ынтымақтастығында жаңа жағдайлар пайда болды. Бұл жаңа жағдай 22 жыл бұрын қабылдаған және Түркияның мүддесіне болған үкімдерді жоққа шығарды. Еуроодақ пен Түркиядан кейін еркін сауда қарым-қатынастарын құрған кейбір елдерге жасалған жеңілдіктер Түркияның Кеден Одағы құқығын таптады. Осы жағдай болса Кеден Одағының мазмұнын реттеу қажеттілігін туғызуда. Екінші маңызды тақырып болса виза жеңілдігі. Түркия қайта қабылдау келісіміне қол қойып, қажетті шараларды қабылдап, Еуроодақ елдеріне босқын көшін тоқтатуға ең үлкен үлесті қосқан ел болды. Бұған қарамастан Еуроодақ берген уәделерін орындамады. Түрік азаматтарына бағыттап виза режимін жалғастыруда.

Түркия мен Еуроодақ арасында шешімі қысқа мерзімде мүмкін көрінбеген дау-дамайлы кейбір тақырыптар мен түсініспеушіліктер бар. Осы себепті ынтымақтастықтың бұдан кейінгі кезеңде де үздіксіз шайқалыстарға ашық екенін айтуға болады. Қазір Түркия Еуроодақтың маңызды стратегиялық ортағы. Екі жақты біріктіретін көптеген ортақ стратегиялық мүдделері бар. Бірақ Еуроодақ ұзақ жылдардан бері Түркиямен өзін біріктіретін ортақ тұстарды алға шығаруда табыссыз.

Осы болымсыз көріністердің барлығына қарамастан соңғы кездері Еуроодақ мекемелері мен кейбір мүше елдерден келген жолдамалар Түркия тақырыбында Еуроодақтың ұстанымының өзгере бастағанына назар аударады. Бұл тұғырда Түркияның Ресей мен Сирияда жетілдірген ынтымақтастығы, Зәйтүн бұтағы операциясының табысы, S-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алу шешімі Еуроодақтың ұстанымын өзгерте бастауындағы басты себептер. Түркияның Ресеймен жақындасып, АҚШ-тан алыстай бастаған бір кезеңде Еуроодақ түрік сыртқы саясатында теңдікті қорғау тұрғысынан аса маңызды бір тақырып. Түркия Еуроодақ үшін шынында да маңызды бір ел болса (Ресей немесе басқа бір мемлекетке немесе блокқа жақындағанын қаламаса) виза жеңілдігі және босқындарға жәрдем тақырыбынан бастап, уәделерін орындауға тиісті. Және Түркияның қауіпсіздік мүдделеріне қарсы сезімталдық көрсету керек.

Түркия Республикасы президенті Ердоғанның Варна саммитінде ортаға қойған ұстанымы аса мағыналы. Ердоған саммиттің артынан жасаған баяндамада Еуроодақтың Түркиядан талаптары жайлы сөз қозғамады. Керісінше Түркияның тезистері мен талаптары, Түркиямен жаңа бір бастаманың шарттарын ортаға қойды. Талаптарды Еуроодақ орындамаған жағдайда, Түркияның Еуроодақ тақырыпты бір күн тәртібінің болмайтынын болжау үшін көріпкел болу керек емес. Әйтсе де Түркияның Еуроодақпен арасындағы байланыс күн өткен сайын әлсіреп, Еуроодақ Түркияның нысанасы болудан алыстауда.

Түркия Кипр Бейбітшілік операциясы (1974) кезеңіне қоса тарихтың ешбір кезеңінде батыстан осыншама алыстауға жақындамаған еді. Оған қоса Түркия қоғамы да батыстан алыстау тақырыбына көнген сияқты. Сондықтан қазір шешім қабылдауға тиісті Түркия емес, Еуроодақтың өзі. Еуроодақ енді мына шешімді қабылдауға мәжбүр: «Жаһандық бір күшке айналғысы келе меәлде аймақтық бір актер ретінде қалуды жалғастыра ма?» Еуроодақ жаһандық бір күш болғысы келсе, Түркияны құрамына қосуға міндетті. Аймақтық бір актер болып жалғастыратын болса, Түркияға бағыттаған қос стандартты жалғастырса болады. Дегенмен бұл қос стандарттардың және тұрақсыз ұстанымы бұдан кейін Түркия үшін маңызды болмайтын секілді.



Ұқсас жаңалықтар