Күн тәртібі - 15

Сирия режимі Шығыс Гутаның Дума ауданында жасаған химиялық шабуыл.

Күн тәртібі - 15

Күн тәртібі - 15

Сирияның астанасы Дамаскіде Шығыс Гутаның Дума ауданында жаңа бір химиялық шабуылдың болуы барша әлемді дүр сілкіндірді. Шабуылда әйел және балалар болып көптеген адам қаза тапты. Жасалған алғашқы тексеруге қарағанда шабуылда химиялық қарулардың қолданылғаны белгіленді. Соғыстың басынан бері оппозицияның қолында болған Шығыс Гута аймағы режимнің соңғы кезеңдегі басты нысанасы еді. Неше айдан бері аймақ бомбаның астына алынып, аймақтағы аурухана, мектеп және мешіттер де үнемі күйретілуде еді.

Енді саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қорының зерттеушісі Жан Ажуннның осы тақырып жөніндегі анализдерін ұсынамыз.

Астана Дамаскідегі географиялық жағдай тұрғысынан алғанда Шығыс Гута аймағы стратегиялық маңызды ие. Шығыс Гутаны жаулап алып, оппозицияны бұл жерден шығару режим үшін өте маңызды. Соғыс басталғаннан 7 жылдан бері қысым астында болған Шығыс Гута аймағы соңғы процесте Түркия және Ресейдің келісімімен жүзеге асырылған Астана процесі аясында қақтығыссыз аймақтар арасында орын алуда еді. Бірақ режим және режимді жақтаған Ресей мен Иран аймақтағы террор ұйымдарын сылтау ете отырып, аймақты нысанаға ала бастады. Бомбалаудан кейін аймақтағы оппозициялар да соңғы кезеңде Ресейдің дәнекерлігімен Сирияның солтүстік шығысына қарай, яғни Түркияның бақылауындағы аймақтарға ауа бастады. Осы барыста Шығыс Гутадағы Дума ауданы Джейш аль-Ислам ұйымының бақылауында қалған еді. Джейш аль-Ислам мен режим арасындағы кездесулерге Ресей дәнекер болды. Ресеймен жасалған келісім аясында Джейш аль-Ислам аймақта болмысын жалғастырады және полиция күші ретінде аймақтағы тәртіпті сақтайды. Өкінішке орай бұл келісімді Асад режимі қабылдамады. Осы процес барысында Думаға химиялық қару шабуылы жасалды. Химиялық шабуылда көптеген адам қаза тапты. Джейш аль-Ислам химиялық шабуылдан кейін Думадан Сирияның солтүстігіне қарай кетуге мәжбүр болды.

Бір жағынан Думада қалуда қасарысудың шығыны химиялық қару шабуылдарымен көбейсе, ал енді бір жағынан химиялық қару шабуылынан кейін алаң мен үрей артты және халықтың талабы да артты. Осындай бір жағдайда Джейш аль-Ислам  аймақтан кетуді қабылдады. Химиялық қару шабуылдары арқылы Асад режимі Дамаск орталығындағы сириялық оппозициялардың басты базасының ыдырауын жүзеге асырған болды.

Джейш аль-Ислам  аймақтан кетуді қабылдамаған жағдайда Думаны жаулап алуға бағытталған әскери операцияның шығыны өте болар еді.  Дума аймағында Джейш аль-Исламның ұзақ жылдан бері қорғаныс желістерін бекемдегені, қару қоймаларында көптеген қару мен жабдықтарының болғаны баршаға аян. Сонымен қатар сириялық оппозициялар арасында Джейш аль-Ислам  әскери күшімен назар аударған. Көбінесе бұрынғы әскерлерден құралған Джейш аль-Исламның Думада қысым астында қорғануы режим үшін үлкен шығын болар еді. Мысалы Думаға ұқсас Дарая қаласын басып алуы үшін Асад режимі неше айдан бері жалғастырған операцияда көп шығындалған еді. Асад режимі химиялық шабуылдары арқылы үлкен шығыннан құтылып, тез және оңай жеңіске қол жеткізді. Химиялық қарулардың қолдануы адамдық құндылықтарға қайшы бір әдіс болғанымен режим тұрғысынан үлкен бір табыс болып табылады.

Асад режимінің химиялық қару қолдануын шығыны халықаралық бір наразылыққа душар болмағандықтан, режим тұрғысынан ең аз шығынды бір шешім екені айқын. Соғыс басталғаннан осы таңға дейін 215 рет химиялық қару қолданған Асад режимі халықаралық ұйымның сезгір емес екенін межелей отырып, қайтадан химиялық қару қолданды. Сонымен қатар дипломатиялық тұрғыдан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіндегі Ресей қолдауына сенген режим әскери жақтан да Ресейдің қолдау беретінін көздей отырып, осы әдісті қолданды. Адамдық құндылықтар аяқ астына алынған және халықаралық ұйым наразылық көрсетпеген бір сәтте Асад режимі тұрғысынан Дума үшін ең жақсы шешімнің химиялық қару шабуылы болғанын айтуға болады.



Ұқсас жаңалықтар