Түркияның тұңғыш президенттік жүйе сайлауы

Жаһандық перспектива - 17

Түркияның тұңғыш президенттік жүйе сайлауы

Түркия үстіміздегі жылдың 24 маусым күні тарихындағы 32-ші жалпы халықтық сайлауын және тұңғыш президенттік жүйе сайлауын өткізеді.

Түркияда бірінші рет жалпы халықтық сайлау Османлы мемлекеті кезінде 1876 жылы өткізілді.  Артынан 1878, 1908, 1912, 1914 және 1919 жылдардағы сайлаулар болды.  Осы кезеңде 6 рет сайлау өткізілді.

Республика кезеңінде болса 25 рет сайлау болды. Жалғыз партиялы кезеңде 1923, 1927, 1931, 1935, 1939, 1943 жылдары барлығы 6 сайлау ұйымдастырылды.  Көп партиялы саяси жүйе басталған 1946 жылдан бері барлығы 19 рет сайлау өткізілді.  24 маусым күні 20-шы рет сайлау өткізіледі.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

Түркияда бірінші рет сайлау өткізілген 1876 жылдан бері жалпы халықтық сайлау өткізілетін 24 маусым күніне дейін 142 жылда 32 рет сайлау ұйымдастырылған болады. Басқа жағынан төңкерістер салдарынан сайлау өткізілмеген кезеңдер де болды.

Түрлі сайлау кезеңдері

Әрине,  әрбір сайлаудың немесе сайлау науқанының өзіне тән ерекшеліктері болады.  Османлы кезінде өткізілген сайлаулар падишалық секілді дәстүрлі, халифат секілді діни мекемелер бар кезде өткізілді.  Түркия демократияға халифат және Шейхүлисламдық секілді мекемелер бар кезде өткендіктен Түркияда Ислам мен демократияның үйлесімділігі деген талас болмады.

1923-1943 жылдар арасындағы сайлаулар жалғыз партиялы кезеңдерде болды. Осы кезеңде оппозиция партияларына рұқсат берілмесе де, сайлаудың жалғастырылуы,  Османлы кезінде басталған сайлау дәстүрінің ұмытылмауы,  батыс елдері фашизм мен нацизмге ауған бір кезде елде сайлау өткізілуі тұрғысынан өте маңызды.

Түркия 1946 жылы көп партиялы саяси жүйеге қайтадан өтті. 1876-1943 жылдар арасында сайлау екі дәрежелі,  1946 жылдан бүгінге дейін өткізілген сайлаулар болса бір сатылы болды.  Екі сатылы жүйе бүгін АҚШ-тағы жүйеге ұқсас.  Осы жүйеде сайлаушылар екінші сайлаушыларды,  екінші сайлаушылар да депутаттарды сайлайды.  Екі сатылы жүйе - негізінде жалпы дауысқа сенімсіздіктің бір көрсеткіші.

24 маусым күні болса Түркия жалпы халықтық сайлаумен қоса тарихында бірінші рет президенттік жүйе сайлауын да өткізеді. 1876 жылдан бері үкімет сайлаумен келген мәжілістің құрамынан қалыптастырылатын болса бірінші рет депутаттар мен үкіметті құратын президент бөлек-бөлек сайланады. Түркияда президенттік үкімет жүйесінің қажеттілігіне байланысты 2017 жылдың референдумынан бұрын жазылған «Ықпалды,  тұрақты және мықты Түркия үшін президенттік жүйе» деп аталатын кітабыма қарауға болады.

Сайлаулардың мағынасы

Демократия күшін биліктен емес, өзі қамдаған заңдылықтан алады.  Бұрынғы уақыттарда саяси жүйелер үшін заңдылықтың түрлі әдістері болатын.  Болашақта да басқа әдістер шығуы мүмкін.  Бірақ бүгінгі күні  демократия саяси жүйелерге қоғамдық заңдылық алып берген жалғыз әдіс болып саналады.  Сондықтан сайлау арқылы бір саяси жүйенің басқарылғандар тарапынан заңды деп есептелуі/бекітілуі мемлекет-ұлт жақындасуы/ұйымшылдығы тұрғысынан өте маңызды.  Сайлау арқылы ұлтынан күш алған саяси жүйелер әрі ел ішінде,  әрі халықаралық аренада мықты болады. Қоғамдық заңдылығы жоқ саяси жүйелер болса керісінше.  Осындай режимдер ел ішінде қысым,  адам құқықтары бұзушылықтарының арқасында билікте болады.  Олар өз қоғамдарынан күш алмағандықтан сыртта әлсіз болады.  Сондықтан өз қоғамдарына қарсы жаһандық актерлерге арқа сүйеу мәжбүрлігін сезінеді.

Демократия-даму деңгейі қатынасына қарағанда,  саяси жүйелердің өз қоғамында қаншалықты заңды деп есептеліп есептелмеуінің маңызды екенін көруге болады.  Бүгінгі күні әлемнің ең дамыған елдері – демократиялық елдер.  Проблемасы ең көп, мәселелі елдер болса антидемократиялық елдер.  Осы тұрғыдан алғанда бір елде бейбітшілік,  тыныштық және тұрақтылықтың көзі экономикалық даму деңгейі емес,  демократия,  плюрализм, еркіндік секілді құндылықтарға ие болып болмағанында. Себебі экономикалық даму тек осы құндылықтар арқасында ғана келеді.  Бейбітшілік пен тыныштық жоқ жерде даму да болмайды.

Демократия,  еркіндік,  плюрализм-экономикалық даму қатынасына беруге болатын ең нақты мысалдардың бірі – Түркияның 2000 жылдардан кейін жүргізген саясаттары.  28 ақпан төңкерісі және артынан жүргізілген антидемократиялық, қысымшыл саясаттар арқылы Түркияда адам басына шаққанда табыс 2 мың долларға дейін төмендеген болатын.  2000 жылдардан кейін еркіндікті қолдайтын,  демократиялық және плюралистік саясаттар жүргізіліп,  Түркияда адам басына шаққанда табыс 10 мың доллардан асты.

Түркияның тарихындағы бірінші сайлауын 1876 жылы өткізгенін ойлап қарасақ, Түркияның демократия тарихы көптеген елдің тарихынан ескі. Осы 142 жылдық кезеңде түрлі режимдер билікке келсе де,  Түркия жалпы демократия ынтасын әрдайым жалғастырды. Артқа қарағанымызда антидемократиялық істер тұрғысынан неміс фашизміне немесе италян фашизміне ұқсас бір диктаторлық болмады. 2000 жылдардан кейін демократия және еркіндіктер деңгейін көтеріп, тәуелділікті артта қалдырды.  Германия,  Австрия және Голландияның бүгінгі күні де елдерінде түркиялық сайлаушылардың дауыс қолдану үшін ой-пікір және жиналыс еркіндігіне, саяси құқықтарына рұқсат берілмегенін ойлап қарасақ, Түркияның жетістігі мен демократия тәжірибесі көптеген елге үлгі-өнеге боларлықтай. Көргісі келетіндер 142 жылдық тәжірибесі, сайлаудың құқықтық бақылауда өткізілуі, саяси партиялардың белсенді қатысуы және қалаған әркімнің бақылауына да ашық болуы себебімен бәлкім әлемдегі ең сенімді сайлаулардың бірі жүргізілетін Түркия сайлауын көруіне болады.



Ұқсас жаңалықтар