Күн Тәртібі-18

Сириядағы аймақтық және жаһандық күш күресі елдегі ішкі соғыстан тіпті маңызды сияқты көрінуде.

Күн Тәртібі-18

Күн тәртібі - 18

Сириядағы аймақтық және жаһандық күш күресі елдегі ішкі соғыстан тіпті маңызды сияқты көрінуде. Асад режимінің 2011 жылы халықтың талаптарын қабылдамай, мемлекетті демократия жүйесіне апарудың орнына соғысқа итермелеуі Сирия территориясының көптеген аймақтық және жаһандық актер үшін күш күресу алаңына айналуына себеп болды. Соғыс алаңына айналған Сирияда бір жағынан ішкі қақтығыс және террор мәселесі болса , енді бір жағынан өкілдік соғысы болуда. Ресей, АҚШ, Ұлыбритания және Франция секілді жаһандық актерлермен қатар Түркия, Иран, Сауд Арабиясы, Катар, Израиль сынды аймақтық актерлер де Сирияда ықпалды орын алуда.

Енді саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қорының зерттеушісі Жан Ажуннның осы тақырып жөніндегі анализдерін ұсынамыз.  

Жаһандық және аймақтық актерлер Сириядағы мақсатына жетуі үшін бірқатар өкілді қолдануда. Ресей Асад режиміне Иранмен бірге әуе, құрлық, дипломатия және материалдық жағынан қолдау көрсетуде. Орыс әуе күштері және құрлық күштерімен қатар көптеген орыс ақылы әскер де Сирияда міндет атқаруда. Иран болса материалдық және әскери қолдаумен қатар Асад режиміне адамдық күш жағынан қол ұшын беруде. Иран Ресейдің керісінше Сирия территориясында әрі сириялық, әрі де шетелдік сарбаздар қолдануда. Әсіресі ливандық Хизбуллах, ауғанстандық Фатимиюн Дивизиясы, ирактық Нусаба  әрекеті және пәкістандық Зейнебиюн Дивизиясы секілді көптеген шетел өкіл күштерін пайдалануда. Иранның Сириядағы шетелдік өкілдерімен қоса «Халықты қорғау күштері» атты бірқатар сириялық өкіл күштері де бар. Алайда Иранның Сирияда тек өкіл күштер ғана емес, сонымен қатар өз «Төңкеріс қорғаушылар жасақтары» да маңызды міндет атқаруда. Ресей және Иранның Сирияның көптеген жерінде әскери базалары мен әуежайлары бар.

Басқа бір шеп болса АҚШ, Франция және Ұлыбританиядан құралуда. Батыс тобынан құралған бұл шеп ДАИШ-пен күресу сылтауымен YPG террор ұйымына жәрдем беруде. YPG басшылығында құрылған «Сирия демократия күштері» арқылы солтүстік-батыс Сириядағы Манбиджтен оңтүстік-шығыстағы Әбу Кемалға дейін созылған бір желісті бақылау астына алуда. АҚШ пен Францияның осы алаңда 25-ке тарта әскери базасы бар. Осы базалардың арасында екі әуежайы да Батыс тобы тарапынан қолданылуда. Сонымен қатар Ұлыбритания мен АҚШ-тың Сирияның оңтүстігіндегі Тенеф аймағында да екі базасы орын алуда. Бұл аймақта «Магавир аль-Таура» атымен бір әрекет жасауда. Сауд Арабиясы Сирияда ұзақ уақыттан бері Сирия оппозициясына қолдау көрсетсе де, соңғы кезеңде YPG басшылығындағы «Сирия демократия күштерін» қолдай бастады. Сонымен қатар Сауд Арабиясы басшылығындағы араб елдерінің «Сирия демократия күштері» тарапынан бақылау астына алынған аймақтарға әскер жіберу тілге тиек болуда.

Енді бір әскери шебін Түркия құрауда. Түркия Идлиб аймағындағы қақтығыссыз алаңды бақылау астына алу мақсатымен 9 бақылау түйінін құрды. Жиыны 12 бақылау түйінінің құрылуы күтілуде. Евфрат Қалқаны операциясы және Зәйтүн бұтағы операциясы мен ДАИШ және YPG террор ұйымдарынан тазаланған аймақтарда түрік  әскери жасақтары бар. Сирия халқы үшін қауіпсіз аймаққа айналған Африн, Азез және Әл-Баб және Джераблус аймақтарында Түрік арнайы күштері тарапынан қолдауға ие болған Сирия полиция ұйымы тәртіпті орнатуда.

Сирия полиция ұйымы Сирия оппозициясы тарапынан құрылған және Сирия уақыттық үкіметіне қарасты. Әскери тұрғыдан құрылған Ұлттық армия да Сирия уақыттық үкіметіне бағынады. Катар болса «Катар дағдарысынан» бұрын Сирия оппозициясына қолдау көрсеткен еді. Өкінішке орай кейін келе Катардың Сириядағы ықпалы азайды.

Тағы бір актер болса Израиль. Израиль 1967 жылғы соғыстарында халықаралық құқықты бұзып, Голан төбелері мен Сирияның территориясын жаулап алған еді. 2011 жылы басталған соғыстан кейін Израиль Голан төбелеріндегі үстемдігін тіпті де мығымдады. Иранның өкіл күштерінің Сирияда артуы және Хизбуллахтың Сирия территориясында күшеюінен мазасыз болғанын баяндаған Израиль анда-санда Сирия ішіндегі Иран және Хизбуллах нысандарына қарсы әуе шабуылын ұйымдастыруда.

Асад режимі  2011 жылы халықтың талаптарын қабылдамай, мемлекетті соғысқа итермелегеннен кейін Сирия аймақтық және жаһандық күштердің күрес алаңына айналды. Ұлттық егемендігін жоғалтып алған Сирияның территориялық жақтан ақырын-ақырын бөліне бастағанын айтуымызға болады. Алайда Сирия территориясында болып жатқан соғысты жаһандық және аймақтық бір күш күресімен шектеу де дұрыс емес. Сирия территориясында әлі де бір ішкі соғыстың жалғасқанын айтқанымыз жөн болады.


Этикеттер: Ресей , Иран

Ұқсас жаңалықтар