Күн тәртібі - 22

Сириядағы дағдарысты азайту және тараптар арасындағы бейбітшілікті орнату үшін құрылған Астана механизмі жалғасуда.

Күн тәртібі - 22

Күн тәртібі - 22

Сириядағы дағдарысты азайту және тараптар арасындағы бейбітшілікті орнату үшін құрылған Астана механизмі жалғасуда. Түркия, Ресей және Иран кепілгерлігінде процес жүргізілуде. Ресей және Иран шабуылдарды жалғастырып аймақтарды қолға түсіргеннен кейін, әсіресе Идлиб аймағы маңызды орынға келді. Идлиб аймағы дағдарысты азайту тұрғысынан аймақтардың керісінше тікелей Түркияға шекаралас болуы Түркияның қолын күшейткен маңызды бір фактор болып табылады. Сонымен қатар режим күштерінің қысымы астына алған аймақтардағы сириялық оппозицияларға Евфрат қалқаны операциясымен қолдау жасауы Идлибті әскери оппозицияның қорғанына айналдырған фактордың бірі болды. Астана процесі аясында Идлиб дағдарыс аймағы басқа аймақтарға қарағанда өзгеше. Түркия 12, Ресей 10, Иран 7 қадағалау пунктін құрған Идлиб дағдарыс бәсеңдету аймағында қақтығыстар негізінен доғарылды. Әсіресе Түркияның салған қадағалау пункттері режим күштерінің сириялық оппозицияларға қарсы әскери жақтан ілгерілеуін тосқан бір қорған міндетін атқарды.

Енді саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қорының зерттеушісі Жан Ажуннның осы тақырып жөніндегі анализдерін ұсынамыз.  

Түркияның аймақта құрған қадағалау пунктері операциялық тұрғыдан алғанда бірқатар қиыншылықты да әкелді. Түркияның өз шекарасынан тікелей әрекет етуі үлкен мүмкіншілік болғанымен, Идлиб аймағындағы ұшқары топтардың және режим тыңшыларының шабуыл ықтималы Түркияның бейбітшілікті орнатудағы міндетін қиындатуда. Мысалы бір әскерлердің орын ауыстырылуы барысында түрік конвойы бомба тиелген көліктің жарылуы кесірінен зақым көрді. Анда санда режим күштері және Иранның басқаруындағы шетелдік шиіт сарбаздары тарапынан түрік әскерлеріне оқ атылды. Түркияның Сириядағы қақтығыстарды доғару үшін өз әскери жасақ желістерін орналастыруы Түркияның аймақтағы соғысты тоқтатуға бағытталған жігерінің ашық екенінің дәлелі болып табылады.

Түркия бір жағынан Астана процесі арқылы Асад режимі және Сирия оппозициясы арасындағы соғысты доғарып, адамдардың өлуін тоқтата отырып, тараптар арасы келіссөздердің және өтпелі кезеңнің жолын тапса, енді бір жағынан Сириядағы былықпадан пайдаланған террор ұйымдарына қарсы күрес жүргізді. Евфрат қалқаны операциясымен ДАИШ террор ұйымын Түркия шекарасынан қуып шыққан Түркия одан кейін Зәйтүн бұтағы операциясы арқылы Африн аймағын PKK/YPG террор ұйымынан тазалады. Түркияның екі операцияда жергілікті сириялық жасақтармен бірлесе отырып әрекет етуі әрі Түркияның аймақтағы ықпалының артқанын, әрі де Түркияның аймақта бодандық түсінікпен әрекет етпегенін көрсетуде. Түркия террормен күрескен кезде бір жағынан көрші ел Сирияда бейбітшілік және тынышты орнату үшін қадам басуда, енді бір жағынан өз ұлттық қауіпсіздігін қамдауда. Мысалы Евфрат қалқаны операциясынан кейін ДАИШ террор ұйымының Түркия ішіндегі террор шабуылдары мен әрекеті азайды. Сонымен қатар Зәйтүн бұтағы операциясы Хатай және Аманос тауларындағы PKK террор ұйымының шабуылдарын доғару түйініне әкелді.

Түркияның террормен күресі басқа аймақтарда жалғасуда. Ирак ішінде жалғасқан операциямен қатар Сирияның солтүстігіндегі PKK/YPG террор ұйымы мүшелеріне қарсы бағытталған маңызды қадамдар да басылуда. АҚШ-тың YPG-мен одақтастығында қасарысуы аймақтағы террордың доғарылуына кедергі болумен бірге Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Түркия мен АҚШ арасында YPG және әсіресе Манбидж аймағының болашағы жөніндегі келіссөздер ұзақ уақыттан бері жалғасуда. АҚШ Манбидж аймағын қолға түсірген кезде Түркияға  YPG-нің аймақтан шегінуіне уәде бермеді. АҚШ-тың YPG-ны қолдау жасауы екі НАТО одақтас ел арасындағы дағдарыстың туылуына себеп болды. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның Түркияға келіп, Манбидж мәселесін Түркия сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұмен ақылдасқаннан кейін екі ел принцип жағынан келісті. Одан кейін Трамптың Тиллерсонды міндетінен алып, орнына Майк Помпеоны тағайындауы процестің уақытша тоқтауына себеп болды. Түркия сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның өткен күндерде жасаған мәлімдемесі аясында екі ел арасында Манбидж мәселесі жөнінде келісті және егжей-тегжейлер алдымыздағы кезеңде белгілеуі жоспарлануда. Чавушоғлұның мәлімдемесінен кейін жергілікті қайнар көздерден алынған мағлұматқа қарағанда YPG сарбаздары аймақтан шығуға дайындала бастады. Мысалы Түркия мен АҚШ арасындағы келісім аясында YPG Манбиджтен шығып, Евфрат өзенінің шығысына барады.Түркия мен АҚШ аймақтағы қауіпсіздікті бірге сақтайды және екі ел бірлесе отырып, Манбиджтің жергілікті әкімшіліктері мен полиция күштерін белгілейді. Түркия мен АҚШ арасында Манбидж тақырыбында жаңалық орнатса да,  Евфраттың шығысындағы YPG террористтері екі ел арасында Сирия көлеңкесіндегі мәселелердің таусылмайтынын көрсетуде. Алайда Манбиджте Түркия мен АҚШ-тың ортақ әрекет етуі екі НАТО одақтас ел арасындағы хабарласуы, координациясы және сенімі артады. Манбидж жөнінде келісімге барған екі ел Сирияның басқа аймақтары үшін де келісім жасауы мүмкін.


Этикеттер: Сирия , АҚШ

Ұқсас жаңалықтар