Шейх Ибраһим Теннури

Анатолының дана - ғұламалары 22

Шейх Ибраһим Теннури

Бір қалаға тек күн жарық түсірмейді. Әр қалаға жарық түсіретін ақиқат күндері де бар.

Қалалар үлкен бір адам сияқты тек қана автобус, сигнал дауысы немесе қалын жұрттан тұрмайды. Олардың да өздеріне тән бір руханияты бар. Және дәл бір адам сияқты күндей ақиқат күндері қажетті болады.

Анкара Хажы Байрамсыз, Бурса қаласы Эмир Сұлтансыз, Ағры Ахмед-и Ханисіз қараңғыда қалады. Олардың рухани жарығы бұл қалаларға мағына мен жарық береді.

Кайсери қаласының күні болса Шейх Ибраһим Теннури болып табылады. Османлының танымал ғұламасы және сопысы Шейх Теннуриді сіздерге баяндаймыз.

Бір сарраф яғни, зергердің баласы болып дүниеге келгені үшін «Саррафзада» атымен де танымал Ариф Биллах Шейх Ибраһим Теннури негізінде Сивас қаласында туылған. Жастық шағында діни ғылымдарды игеріп, медреседе ұстаз болған соң Кайсериде өмір сүре бастайды.

Осында қысқа уақыт ұстаздық қылған соң бір жағдайға душар боп, осы міндетінен кетеді. Бірден өте сезімтал бір адамға айналады.Не өзі не де айналасындағылар оның бұл жағдайына мағына бере алмайды. Өзгергені соншама қайда бір Құран дауысы естісе мұңданып, қатты жылайтын болған. Бірақ неліктен жылап, мазасызданғанын өзі де, басқалары да түсінбейтін.

Ақыры әр ақиқат жолаушысы сияқты жолға түседі. Әрине мақсаты бұл сапардың аяғында бір ем табуды үміт етеді.

Тағдыры оны Анкараның Бейпазары ауданына апарады. Бұл ауданда өмір сүрген атақты «Ақ Шейх» Шемседдин Мұхаммедтің қасына барып, одан көмек сұрайды.

Ақ Шейх сондай-ақ медицина маманы болып табылады. Келушілер оған әрқашан ауруларымен байланысты сұрақтар қояды. Сол себепті жаңа жолаушыларға былай сұрайтын: «Араңызда денесі үшін емес, көңілі үшін шипа іздеп жүрген біреу бар ма?»

Ибраһим Теннури бұл сұрақты естігенде бірден орнынан тұрып, Ақ Шейхтің тізесінің қасына отырады. Сол кезден бастап, Шейхтің ең сүйікті шәкіртіне айналады.

Надан адам өз надандығында тіршілігін жалғастырады. Құлап жығылып, сүрініп жүреді. Өз өмірін жақсарту үшін жарық керек.

Міне, Ақ Шейх Ибраһим Теннуриге керек жарық болатын. Өз ақиқатын табу үшін оған жәрдем еткен.

Қалған өмірін жалғастырған Кайсери қаласына оралған Ибраһим Теннури уақыт өткен сайын барлық Османлы өлкесіне даңқы шыққан бір ғұлама және сопыға айналады. Әсіресе жазған соң Османлы падишасына арнаған «Гүлзар» яғни, «Гүл бағы» атты кітабы баршаға қатты ұнаған. Гүлзар әрі күнделікті тіршілікке, әрі Аллаға деген махаббат жайлы дана сөздермен жазылған.

Анатолы мен Кайсеридің рухани сәулетшілерінің бірі ретінде қабылданған Ибраһим Теннури тек қана кітаптары және өлеңдерімен емес, тәрбиелеген шәкірттерімен де Кайсериді толығымен бір гүл бағына айналдырды. Және бұл гүл бағынан келген иістер арадан өткен ғасырларға қарамастан бүгін де Анатолыға әсер етіп отыр.

Өлеңдерінде «ғашық» лақабын қолданған Ибраһим Теннури махаббат жолына аттанған бір жолаушы сияқты. Өмірін махаббатқа баратын жолдарды табуға арнаған болатын. Тіршілігінде ең үлкен құндылығы осы жұмыс еді. Түні мен күндізі бір-біріне шатасқан түрімен ауыр қиыншылықтар шегіп, ғибадат ететін. Алланың тек қана осындай бір талпыныспен табылатынына сенетін.

Әй, ғашық, егер сен тілесең дертке дауа,

Бұл жұмыстан күні түні қалма бөлек,

Бас иіп, мектебіне  түсіндір жағдайын

Сонда Хақ қабылдар мұндай дұғаны...

Ибраһим Теннури барлық даналар сияқты дүниеқұмарлықтың махаббаттың ең үлкен дұшпаны екенін білетін. Дүниеқұмарлық жүрекке толған жағдайда, Алланың махаббаты сол жерге қалай сияды? Алдымен жүректі жуып, әлемдік армандардан тазарту керек. Міне, сол кезде көңіл құстары махаббатқа қарай ұша бастайтын.

Тұзақ қой, әлемнің махаббаты

Ұстайды көңіл құстарын,

Көзін байлап, жабады жүзін

Ұмытасын нағыз жұмысын.

Нан табатын жұмысымыз біздің мамандығымыз. Бірақ негізгі жұмысымыз - өз ақиқатымызды табу. Ибраһим Теннури біздерге осыны ескертеді. Әлемге берілген кезде махаббатпен байланысты белгілерді де көре алмайтын боламыз. Дәл тәңір айтқандай: «Олардың көздері бар, көрмейді, құлақтары бар, естімейді...»

Жанға қаһар немесе жақсылық қыл,

Қаһарың да жақсы, шарапатың да жақсы.

Не дерт жібер, не дауа,

Қаһарың да жақсы, шарапатың да жақсы.

 

Мен сеннен келгенді жақсы көремін,

Я кафтан яки кебін,

Я таза гүл, яки тікенек,

Қаһарың да жақсы, шарапатың да жақсы.

Ибраһим Теннури тіршіліктің сырын ең қарапайым түрде жоғарыдағы өлең жолдарымен түсіндіреді.

Сол сыр мынадай: тіршілікте алдымызға шыққан қиыншылықтарға төзудің сыры тағдырымызды сүюмен мүмкін. Бұл тек қана біздің дәстүрімізде жоқ. Мысалы латындар да бұл хикметке «амор фати» яғни «тағдырыңды сүй» дейді.

Негізінде әлем тарихына қолтаңба қалдырған қайсы ұлы данаға қарасаңыз, осыған ұқсас бір ұстаным көре аласыз.

Бірақ Ибраһим Теннури мен Анатолы дана-ғұламаларының олардан бір айырмашылығы бар. Олар тағдырларын тек қана құтыла алмағандықтан емес, сондай-ақ Алла осылай қалағаны үшін жақсы көреді. Яғни, тағдырларын киелі махаббатпен біріктіреді.

Қаһарынан зұлым келсе,

Немесе жүзінен опа,

Екеуі де жанға тұнықтық,

Қаһарың да жақсы, шарапатың да жақсы.

Бұл жолда адамға жақсылық та, жамандық та бірдей. Алла егер қаласа, демек онда міндетті түрде бір қайыр бар деген сөз. Кейде жылатар, кейде күлдірер, кейде күйдірер, кейде сөндірер. Бастан кешкен әр нәрседе киелі бір хикмет болғанын білуге тиістіміз:

Жылатсаң зарлатып,

Берсең жәннет аруларын

Лайық көрсең отты

Қаһарың да жақсы, шарапатың да жақсы.

 

Ибраһим Теннури бір ғашық. Бағынышты бір ғашық. Өйткені ғашық дегенің бағынышты болады. Барға да, жоққа да қарсы шықпайды.

Ол сүйіктіден келген әр нәрсені қабылдайды.

Жүздеген жыл бұрын жазған мына өлеңімен бізді махаббаттың негізгі ережелеріне апарады. Және шикізаты махаббатпен иленген Анатолының жүзін тағы бір рет мәңгі даналыққа қарай бұрады:

Қаласаң жылат, қаласаң күлдір,

Қаласаң тірілт, қаласаң өлтір,

Бұл ғашық қашанда сенің құлың,

Қаһарың да жақсы, шарапатың да жақсы.



Ұқсас жаңалықтар