Күн тәртібі - 23

Түркия мен АҚШ арасында соңғы жылдарда көптеген тақырыпта дағдарыс келіспеушілік болды.

Күн тәртібі - 23

Күн тәртібі - 23

Түркия мен АҚШ арасында соңғы жылдарда көптеген тақырыпта дағдарыс келіспеушілік болды. Әсіресе АҚШ-тың Фетуллахшы параллелді мемлекет құрылымы басшысы Фетуллах Гүленді қайтарып бермеуі және PKK-ның Сириядағы жалғасы YPG-ге ашық қолдау көрсетуі екі ел қарым-қатынастарына зиян тигізді. Түрки жаңа террор ұйымдарымен күрес аясында жүргізілген Евфрат қалқаны операциясы, Зәйтүн бұтағы операциясы және Астана процесінде белсенді рөл атқарды. Осы қадамдар шеңберінде Түрік Қарулы Күштерінің Идлиб аймағында құрған 12 қадағалау пункті Түркияның аймақтағы ықпалын арттырды. Түркияның Зәйтүн бұтағы операциясы арқылы YPG террор ұйымының ең маңызды базаларының бірін күйретті. Осының нәтижесінде Түркияның Манбидж тақырыбындағы күші қуаттанды.

Енді саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қорының зерттеушісі Жан Ажуннның осы тақырып жөніндегі анализдерін ұсынамыз.  

Манбидж Сирия төңкерісінің алғашқы жылдарында Еркін Сирия армиясы тарапынан қолға түсірілді. Сондай-ақ 2014 жылы ДАИШ жаулауына ұшырады. 2016 жылы болса АҚШ басшылығындағы халықаралық коалициясы YPG басты орын алған Сирия демократия күштері арқылы Манбидж аймағына операция бастады. Түркияның наразылықтары және ескертулеріне орай ДАИШ-тің аймақтан шығарылуынан кейін YPG сарбаздарының қайтадан Евфраттың шығысына шегінетіні және аймақтың жергілікті араб күштері тарапынан бақылауға алу жөнінде АҚШ түрік тарапына уәде берді. АҚШ лауазым иелерінің YPG Манбиджтен шегінуі жөніндегі мәлімдемелеріне қарамастан YPG әлі аймақтан шыққан жоқ. Сонымен қатар АҚШ-тың Манбидж аймағы үшін құрған Манбидж әскери кеңесі YPG-нің тармағы ретінде әрекет жасауда. Манбидж әскери кеңесі ресми түрде тәуелсіз болуына қарамастан PKK тарапынан Манбидж аймағына тағайындалған Жемил Мазлум мен Исмаил Дерик атты екі адам Манбидж әскери кеңесін басқаруда. Аймақта міндет атқарған көптеген журналист PKK/YPG-ның аймақтағы мектептерде өз идеологияларын үгіттегенін жеткізуде.

Манбидж аймағы Түркияның күшін қуаттандырған маңызды бір фактор болып саналады. Жергілікті халық YPG әкімшілігінен мазасыз болуды. Мысалы Манбидж аймағындағы YPG зұлматынан қашқан мыңдаған адам Евфрат қалқаны арқылы азат етілген аймақтарға барып, паналаған. Манбидж аймағындағы тайпалар және жергілікті халық YPG-нің жастарға жәбір көрсетуіне қарсы бірталай ереуіл ұйымдастырды. Қастандықпен YPG-нің сарбаздарын өлтірген Әл-Киян қозғалысы Манбиджте құрылған және алғашқы жұмыстарын осы жерде бастаған.

Зәйтүн бұтағы операциясынан кейін Түркияның Манбидж туралы жасаған мәлімдемелері мен дайындықтары АҚШ лауазым иелері мен түрік лауазым иелері арасында бір дипломатиялық кездесулерінің көбеюіне себеп болды. Бұрынғы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның Түркия сапары аясында Манбидж тақырыбында Түркия Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұмен келісті және бір жол картасын белгілеу үшін Түрік-Америка ортақ жұмыс тобы құрылды. Рекс Тиллеррсонның міндетінен алынуымен процес тоқтаса да Майк Помпео процесті одан ары жалғастырды. Түркия мен АҚШ ортақ жұмыс тобы үш сатылы бір жол картасы жөнінде келісті. Жол картасы аясында YPG Манбидж аймағынан шығатын болды. Осылайша Түркия мен АҚШ Манбидж аймағында ортақ қадағалау жұмысын атқарып, Манбидж аймағының жергілікті әкімшілігін құрады.

Түркия мен АҚШ арасында Манбидж жөнінде келісімге баруы екі НАТО елі арасындағы дағдарыстың азайтуына және ынтымақтастықтың күшейтуіне мүмкін болды. Мұнда екі маңызды түйін бар. Белгіленген жол картасы екі ел қарым-қатынастарының қалыпқа түсуіне үлкен бір орай болады. Белгіленген жол картасы атқарылмаған жағдайда, яғни YPG сарбаздары Манбиджтен шегінбеген жағдайда, онда екі ел қарым-қатынастары тағы да дағдарысқа ұшырайды.  Сонымен қатар екі ел арасында әрқандай ұйымның және әрқандай адамның PKK/YPG-мен байланыс жасау мәселесі шешілуі керек. Мысалы Манбидж әскери кеңесі АҚШ-тың мәлімдемесіне қарағанда толыққанды тәуелсіз болғанымен іс жүзінде тікелей Кандил тарапынан басқарылуда. Түркия тұрғысынан Манбидж жол картасы үлгіге айналуы керек. Мысалы YPG террор ұйымының Евфраттың шығысындағы күші де Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне қатер жаратуда. АҚШ болса  Манбиджте атқарған жол картасының Евфраттың шығысында да атқарылуына қарсы шығуы мүмкін. Әсіресе шығыс Сирияда YPG тарапынан басқару астына алынған мұнай байлықтары тұрғысынан АҚШ мұндай бір сценариге жоламауы мүмкін.

Түркия Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Манбидж жөнінде келісімге баруы екі ел қарым-қатынастары үшін үлкен бір орай болғанымен, жол картасының атқарылуы және Манбиджтен кейін екі ел байланысы үшін сынау болмақ.


Этикеттер: АҚШ , Сирия

Ұқсас жаңалықтар