Сеййид Али Семерканди

Анатолының дана - ғұламалары 23

Сеййид Али Семерканди

Дәруіштер үшін ақыл мен ойды дүниемен мазаламау маңызды болып табылады. Олар кезкелген мәселеге мазасызданып, бірнеше сағатын оған бөлетін замандас адамдарға ұқсамайды. Өйткені саналарын керек емес нәрселермен толтырған жағдайда, қажет нәрсенің естеріне енді түспейтінін біледі.

Оларға қарағанда ойдың бақылауы әрқашан адамның өзінде болуға тиісті. Адам өзін қиялдарға, армандарға және түкке тұрмайтын еліктеуге жұмсамауға тиісті. Дәруіштіктің өзі де осы.

Қазіргі таңда адамдардың бос жұмыстармен уақытын қалай жоғалтқанын көргенде, оларды шынында да қолдамау мүмкін емес. Басты қатыру маңызды бір мәселе және адамзат осыған бір шешім іздеуде.

Дегенмен шындықты алыста іздеудің керегі жоқ. Анатолы дәруіштері адамның ішкі дүниесіндегі хаосты тоқтату үшін сансыз шешім тапқан. Жүрегі мен ақылын тәрбиелеуді адам тәрбиелеудің негізгі ережесі ретінде қабылдап, бұл тақырыпта жетілген. Олардың мұралары ең үлкен қазынамыз болып табылады.

Бұл қазынаның ең қымбат асыл тастарының бірі де ғылым аспанының күні, құпия ғылымдардың інжу-маржаны Сеййид Али Семерканди болып табылады. Бұл тарауымызда сіздерге Хорасан ғылым әлемінен шыққан осы тұлғаны сіздерге баяндаймыз.

Алааддин Али Семерканди атынан да анық байқалғандай, Самаркандта дүниеге келген. Отбасы Ислам халифаты Әзірет Өмердің тегінен шыққан. Әкесі Сеййид Яхия әрі ғалым, әрі рухани жетістіктерге қол жеткізген кісі болғаны себепті баласын өзі тәрбиелеген. Баласы Али кіші жаста ахлақ пен парасаты арқылы шоқ жұлдыздай көтерілген. Оның сәулесінің күші соншалықты кіші жасына қарамастан баршаның назары өзіне ауған. 7 жаста Құранды жатқа біліп, 12 жаста талдау жасаған бір бала жайлы айтып отырмыз. Әкесі оның бұл жағдайын көрген кезде баласына дұға етіп, оған «ғұламалардың тәжі» деп сәлем беретін.

Али Семерканди 20 жасқа толғанда әкесімен бірге қажылыққа барады және қайтып келе жатқанда рұқсат сұрап Сауд Арабиясында қалады. Ұзақ жылдар осында өмір сүреді және өзін діни ғылымдарда толығымен өкім жүргізе алатындай жетілдіреді. Бір күні түсінде басқа елге көшу керек екенін көреді. Осы түсіне бола Анатолыға келеді. Біртіндеп елдерді аралаған соң өте кедей бірақ жақсы адамдар өмір сүрген бір ауданға кездеседі. Осы жер Анкараға қарасты Чамлыдере ауданы болатын. Али Семерканди іздегенін табады. Чамлыдереде өмірінің соңына дейін тұрып, бұл адамдарға қызмет жасайды. Оның даңқы осынан барлық Анатолыға тарайды. Хикметті сөздерімен Анатолы түрік халқының рухани жетекшілерінің біріне айналады.

Али Семерканди Хажеган ағымы сопысы және жоғары мәртебелі даналардың біріне саналады. Бұл мәртебеге ұзақ жылдар терең ойлау және ғибадатпен шұғылданып қол жеткізген. Айтуға қарағанда Дамаск маңындағы бір үңгірде 40 жыл бойы жалғыз өмір сүрген.

Дүниеге көз жұмғанына 5 ғасыр толса да, Анатолыдағы рухани құрметі қазіргі таңда жалғасуда.

Жаман қылықтар бітпейді. Адамның ішкі әлемінде көптігі соншалықты бірін жойсаңыз, басқасы өсіп шыға келеді.

Барша үшін жағдай осындай. Өмір бойы ішкі әлеміміздегі жаман қылықтардың жойылмайтынын білуге тиістіміз. Бірақ олармен күресу және оларды бақылауға алу - біздің қолымызда. Али Семерканди біздерге жаман қылықтарға қарсы шайқасуды үгіттейді. Оларды артта қалдырып, жақсы қылықтарға қарай саяхат жасауды насихаттайды.

Али Семеркандиге қарағанда бұл саяхатта тіл мен жүрек бөлек сөйлемеуге тиісті. Өйткені адамның көңілі бөлек, тілі бөлек сөйлейтін болса, онда бір мәселе бар деген сөз. Әр ұстанымымызбен өзі де, сөзі де бір адамдардың қатарында болуға тиістіміз. Тіршілігіміздің шын өмір болуын қалайтын болсақ, осы туралыққа мұқтажбыз.

Ал осыны қамтамасыз ету үшін не істеу керек? Жүрегіміз бен тілімізді бір қылудың жолы не? Али Семеркандиге қарағанда бұл жол «муракабе» яғни, назар аударумен мүмкін. Яғни ішкі күзету шарт. Өзімізді минут сайын күзете отырып, ішкі әлемімізді көріп, үздіксіз нәпіс жібін нарыққа шығару керек. Даналықтың тура жолы осы.

Али Семерканди даналық үшін адамдармен араласуға мән береді. Құдаймен жалғыз қалған уақыттардан басқасы уақытын халықтың ішінде өткізуді мақұлдаған. Оларға көмектесуге тырысады, қажет жағдайда шопандық, қажет жағдайда инженерлік жасайды. Дегенмен басқалармен бірге жүргенде жүрегінің Алламен болуын «маңызды» деп қабылдаған. Денесі халықпен бірге жүрсе де, руху Хақпен бірге жүрген.

«Сопының яғни, Хақ жолаушысының ақылды және көзі ашық болу керек, көңілі ашық болуға тиісті. Келешекті болжап, ақырын ойлау қажет. Оқиғалардың сыртқы көрінісіне алданбау керек».

Бұл сөздің иесі Алааддин Али Семерканди дүниенің көрінген жүзінің негізінде мүлдем басқаша екенін түсіндіргісі келеді. Анатолы даналығының дәстүрлерінің бірі де осы.

Баршамыз дүниедегі жақсылыққа берілеміз. Оларды еш тауысылмайды деп ойлап, бізге тиісті болуын қалаймыз. Бұлар ең табиғи сезімдер болып табылады. Алайда әр қайғылы тәжірибенің артынан негізінде барлық жақсылықтардың жалған екенін және дүниенің ешкімге бәкі қалмайтынын ұғамыз.

Міне, Али Семерканди де осы маңызды мәліметті еске салып, кейінгі өкініштің алдын алуға тырысады..

Бұрынғы адамдар үшін ақыл деген сөздің мағынасы осы болатын. Әлемнің жалған екенін білу ең негізгі тіршілік көзі болатын. Кейін адамдар бұл мағлұматты ұмыта бастауы және бүгін қызық бір тұтынушы қоғам пайда болды. Біз өмір сүрген осы қоғам әр нәрсені сатып алуға, саудаға және тұтынуға шақырды. Бұл есалаң бір шақыру болса да, бұл ессіздікке қосылу жай нәрсе сияқты қабылданады.

Міне осы кезеңде Анатолы дана-ғұламаларының және олар сияқтылардың маңызы артып отыр. Қараңғы бір жолда өз бетімен жүріп жатқан адамзат үшін Анатолы дәруіштері таптырмас бір шырақ, бір фонар болып табылады. Олардың насихаттары, өз есуастығымен тұншыққан тұтынушы қоғамға қол ұшын созған құтқару құралына ұқсайды.

Олар айтқан сөздер бұрынғының бос әңгімелері емес. Тіршілікте қарсылығы жоқ үгіттер де емес. Керісінше тіршіліктің нағыз жаратылысын тәжірибе қылған ұлы даналардың насихаттары. Мыңдаған жылдар бойы әртүрлі қоғамдар тәжірибе қылған, сыналған және рас екені дәлелденген бір біліктіліктің жинағы. Бұл ұлы қазына адамзаттың мәселелерін шешу үшін бір бастама болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар