Сайлау науқаны енді неге бөле жаратын емес?

Жаһандық перспектива - 24

Сайлау науқаны енді неге бөле жаратын емес?

Жаһандық перспектива - 24

Түркияда қысқа уақыттан кейін президенттік және депутаттық сайлау өткізіледі.  Кандидаттар мен саяси партиялар бар қарқынымен сайлау науқанын жүргізуде. Түркия тарихының алғашқы президенттік үкімет жүйесі сайлауына қарағанда,  тарихта бұрын соңды болмағандай байсалды үдеріс өтіп жатқанын байқаймыз.  Баяғы қатаң,  жікшіл, асыра сілтеген сөздер айтылатын сайлау науқаны еш көрінбейді.

Ал бұл жағдайдың себептері не болуы мүмкін?

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

50 пайыз +1-ді жинау үшін ымыраластыратын саясат қажет

Бұдан бұрынғы сайлауларға қарағанда,  Түркия саясатында 20 пайыз дауыспен билікке келу мүмкін болатын.  Әділет және даму партиясы өзі үшін де қиынын таңдады.  Президенттің 50 пайыз+1 дауыспен сайлануы ережесін келтіруге басшылық жасады. Енді саяси партиялардың тек өз жақтаушылары үшін саясат жүргізуі жеткілікті болмайды.  Кандидаттар билікке келу үшін қоғамның ауқымды бөлімінен дауыс жинайтын саясат жүргізуі керек. Осы мақсатпен жаңа сайлаушы топтарына жету, оларды көндіру қажет.  50 пайыз +1 мұқтаждығы барлық партияларды бұрынғы тек өз сайлаушысына бағытталған саясаттан,  осы сенімді «порттан» кетуге, жаңа порттарға ашылуға мәжбүр қылады.  Осы аяда барлық партиялардың қоғамның ауқымды бөліміне ашылуы, ымыраластыратын саясат жүргізуі,  асыра сөздері мен асыра сілтеушілерге шектеме келтіруі керек.

Түркияны басқарудың өңірлік қиындығын ойлап қарағанда,  кандидаттар мен партиялардың сайлау жүйесі қажет ететін ымыраластыратын бір саясат жүргізуі – жағымды оқиға.

2-ші тур ықтималы

Сайлауға байланысты жүргізілген сауалнамалар президенттік сайлаудың бірінші турда аяқталатынын көрсетсе де,  оппозиция партиялары мен кандидаттары сайлаудың екінші турға қалуы үшін жұмыстануда.  Теорияда болса да сайлаудың екінші турға қалу ықтималы кандидаттар мен партияларды одан да мұқият болуға және дұрыс тіл қолдануға мәжбүр қылады. Әсіресе оппозиция партияларының тек өз сайлаушыларынан 50 пайыз+1 дауысты жинау мүмкіндіктері болмағандықтан,  басқа партиялар және ішінара Әділет және даму партиясының сайлаушыларынан дауыс жинауы керек. Бұл мәжбүрлік партиялар мен кандидаттарды әрине басқа партия жақтаушыларына жағымсыз келетін сөз бен әрекеттерден аулақ болуға,  «құшақтайтын», келісімшіл саясат жүргізуге итермелейді. Алдағы уақытта бір кандидат немесе партия үстем шықпай,  президент екінші турда сайланатын жағдайларда екінші тур ықтималының «жұмсартатын» ықпалы одан да нақты түрде көрінеді. Осылай болған жағдайда, партиялар екінші турда түрлі одақтастықтар құратын болғандықтан, басқа партиялардың да дауыстарына мұқтаж болатындықтан сөздерін қатайтпайды.

Сайлаушылардың да өз кандидаттарын тікелей ұсынуы

Бұрынғы президенттік сайлауларында президенттік үшін тек партиялардың парламенттегі фракциялары немесе депутаттар кандидат ұсына алатын.  Бұл жағдай негізінде сайлаушының ерік-жігерінің сайлауға жеткілікті түрде әсер етпеуі рискін де қамтиды.  Демократия және еркіндіктер тұрғысынан бұл олқылық болатын.  Жаңа жүйе арқылы осы олқылық түзетілді. Жүз мың азаматтың қолдауымен енді кезкелген бір азамат президенттікке кандидат бола алады. Осы құқық әсіресе шағын партиялардың, кішігірім топтардың жүйеде орын алуы тұрғысынан өте маңызды. Осындай құқық берілмегенде, осы партиялар/топтар қатты әрекет жасайтын еді.  Бірақ осы құқық берілгеннен кейін олар да кандидат ұсыну мүмкіндігіне ие болды.  Жүз мың адамның қолдауын жинай алмағанда күнәні жүйеге арту мүмкіндіктері қалмады.

Одақтастықтардың сайлаудан бұрын құрылуы

Түркияда бұрынғы сайлауларда партиялардың одақтасуы заңды нәрсе емес-тұғын,  осы сайлауда одақтастық құруға рұқсат берілгендіктен,  саяси партиялар көбіне Джумхур немесе Миллет одағына енді. Саяси партиялардың өз арасында одақтасуы келіспеушіліктерді екі түрлі жұмсарта түсті.  Бұдан бұрын одақтас коалициялар сайлаудан кейін қалыптасатын.  Сайлаудан бұрын таласты науқан жүргізілетін.  Енді одақтар сайлаудан бұрын қалыптасқандықтан саяси сөздер жұмсағырақ. Одақтардың сайлаудан бұрын қалыптасуы сайлаушыларға осы одақты мақұлдау немесе қарсы шығу мүмкіндігін де береді.

Басқа жағынан одақтармен сайлау жүргізу 10 пайыздық бөгеттен өтетін болғандықтан шағын партияларға да парламентте орын алу әлеуетін береді.  Парламентте түрлі партиялардың орын алуы да сайлаудан бұрынғы саяси температураны азайтады.

Шеттететін бірегейлік саясаты енді тартымды емес

Сайлау процесінде әсіресе солшыл партиялар күн тәртібіне келтірген алға басушы-керіде қалушы,  зайырлы-анти зайырлы, заманауи,  Ататүрікшілдік секілді таластар қазір еш кездеспейді. Осы таластар осы партиялар үшін бірден мағынасыз болып қалды деуге болмайды,  әрине. Осы сөздердің өзгеруіне ең басты себеп – өзгерген сайлау жүйесі.  Тек өз сайлаушыларына сүйенетін,  басқаларды шеттететін саясатпен 50 пайыз+1 дауысты жинау мүмкін емес болғандықтан партиялар саясаттарын қайта қарауға мәжбүр болды. Билікке келу үшін шеттететін саясат емес,  қоғамның ауқымды бөлімінің қолдауы керек болатындықтан,  партиялар өзгереді.  Партиялардың енді қоғамның түрлі бөлімдерімен байланыс құруға мәжбүр болу Түркия үшін жағымды жаңалық.

Террорлық ұйымдардың тармақтарының шеттетілуі

Сайлау науқанында назар аударған басқа бір фактор – террорлық ұйымдарымен арасын ашпаған Халықтардың Демократиялық партиясымен ешбір партияның одақ құрмауы. Осындай қоғамдық қысым демократияның өз қағидалары шеңберінде атқарылуы тұрғысынан өте маңызды. Саяси партиялар бір жағынан азаматтық және демократиялық бір ұйым ретінде сайлауға кірсе, сайлаудан кейін де терроризмге жылы қарамайды, сайланбаған терроризм жақтаушыларынан нұсқау ала алмайды.

Популизмнің артуы

Сайлау науқанында қоғамның барлық бөлімінің қолдауын алу керектігі популизмді де арттырды.  Әсіресе оппозициядағы партиялар нені қалай өндіретіндерін,  нені қалай тарататындарын айтуда.  Бұл елдің екі мың долларлық емес,  он мың долларлық бір ел болуынан, 80 сентке мұқтаж еместігінен туындайды.  Сонымен бірге қарымжысы жоқ әр түрлі популист ақша жұмсау салық және басқа да жолдармен,  яғни тек басқалар төлеген құн арқылы мүмкін. Артатын салықтар нарықты,  азаматтық алаңды тарылтады,  өндірісті баяулатады.  Баршаға барлық нәрсені беруге уәде берудің соңы – өндіріссіздік, яғни кедейлік.

Жаңа саясат: қарсы емес,  мүмкіннің артынан жүру...

Түркия өз өңірінде өте үлкен рисктермен бетпе-бет болып отырған кезде,  ішкі саясатта бөле жаратын емес,  бірлестіретін,  жікшілдік емес жинақтайтын саясаттарды қабылдауы елдің болашағы үшін өміршең маңызда.  Президенттік үкімет жүйесі осы жағдайды қазірден-ақ қамдаған секілді көрінеді.  Кандидаттар мен партиялар қоғамның барлық бөлімінен дауыс жинау үшін енді қарсы/маргиналдық емес,  мүмкін болатын нәрсенің артынан жүруі керек.

Саясат та «мүмкін нәрсенің өнері».

 

 



Ұқсас жаңалықтар