Түркия-Ливан ынтымақтастығы және ливандық түрікмендер

Түрік сыртқы саясатының бағдары 25

Түркия-Ливан ынтымақтастығы және ливандық түрікмендер

Ливандағы ішкі соғыс және аймақтағы тұрақсыздық себепті Түркия мен Ливан ынтымақтастығындағы бірқалыптылық 2000 жылдардан кейін өзгерді. Екі ел арасындағы ынтымақтастыққа ықпал еткен маңызды тұстардың бірі де ливандық түрікмендер. Бүгінгі бағдарламада Түркия-Ливан ынтымақтастығы мен ливандық түрікмендерді қолға аламыз.

Ливан ішкі соғысы және аймақтағы тұрақсыздық себепті Түркия мен Ливан ынтымақтастығындағы бірқалыптылық 2000 жылдардан кейін өзгерді. Ливанның бұрынғы премьер-министрі марқұм Рефик Хариридің 2004 жылы Түркияға ресми сапарымен бағыт алған ынтымақтастық екі жақты сапарлармен күшеюде.

Түркия 2006 жылы Израиль-Ливан соғысының артынан Ливанды жедел түрде қалпына келтіру және қайта салу үшін ауқымды жәрдем жасады. 2008 жылы қол қойылған Доха хаттамасының артынан аяқталған саяси дағдарыстың шешімінде үлкен рол ойнады. БҰҰ Уақытша қызмет күші UNIFIL-ге күш үлесін қосты. Премьер-министрі Рефик Харириге жасалған қастандықты әшкерелеу мақсатты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешімімен құрылған Ливан әскери сотына қаржылай жәрдем берді.

2010 жылы екі жақты визаларды жою шешімі де екі ел халықтары арасында ықпалдастықты арттыруға жағдай жасады. 2012 жылы 23 наурыз күні ашылған Бейрут Юнус Эмре Мәдениет орталығы түрік тілінен бастап Ливанда өмір сүрген түрік және түрікмен қоғамының мәдени құндылықтарының қайта жандандырылуына үлес қосады.

Түркия-Ливан ынтымақтастығы үшін аса маңызды бір тақырып та Ливандағы түріктердің болмысы. Ливандағы түрік болмысының пайда болуы 12-ші ғасырға дейін созылады. Бірақ Түркия Республикасы ресми түрде Ливан түріктерінің болмысын 1989 жылы байқады. Ливан армиясында әскери қызметкер болған түрікмен текті Халит Асадтың 1989 жылы міндеті кезінде түрік тілінде сөйлегенін қолбасшысы байқаған. Офицердің Халит Асадты Ливандағы  Түркия Республикасы өкілетті елшілігіне апаруымен де  алғашқы байланыс құрылады. Бейрут өкілетті елшісі Ибрахим Диджлелимен әңгімелескен Асад Кавашра ауылынан шыққан бір түрікмен екенін айтады. Өкілетті елші Кавашра ауылына барып, алғашқы байланысты құрады. 1989 жылы Ливандағы ішкі соғыс себепті өкілетті елшіні елге оралған кезде түрікмендер қорғайды. Оны Триполиге дейін алып барады. Осы алғашқы танысудың артынан Бейрутқа тағайындалған жаңа өкілетті елшілердің Аккар аймағындағы екі түрікмен елін аралауы әдетке айналады. Ұзақ жылдар бойы Ливан түрікмендерінің тек қана Аккарда өмір сүрмегені белгілі еді. Кавашра ауылының бағыттауымен Баалбек аймағындағы түрікмендермен 2007 жылы, Дынныйе аймағындағы түрікмендермен 2011 жылы алғашқы рет байланыс құрылды.

Бүгін Ливандағы түрік болмысы мен Османлы мұрасын сегіз тақырыпта қарастыруға болады. Олар - Аккар түрікмендері, Баалбек түрікмендері, Дынныйе түрікмендері, Гирит түрікмендері, Ливанда өмір сүрген Түркия Республикасы азаматы түріктер, Анадолы текті отбасылар, Сирия түрікмендері мен Черкестер.

Аккар Ливанның солтүстік уәлаятында орын алады. Аккарда Кавашра мен Айдамун атты екі түрікмен ауылы бар. Кавашра түрік тілін сақтағаны және Түркиямен алғашқы байланысты орнатқаны себепті алдынғы қатарда. Тұрғын саны 300-ге таяу және барлығы түрікмендер. 5000 тұрғыны бар Айдамунда 3500 төңірегінде түрікмен өмір сүреді. Жақынындағы Маста Хасанда болса шамамен 350 түрікмен, 1200 адам саны бар Әл-Диббадийеде 50 түрікмен өмір сүреді. 2500 адам саны бар Әл-Дайси ауылында бірнеше жанұя мен 50 шақты түрікмен бар. Аккарда өмір сүрген түрікмен саны болса 7000-ден астам.

Баалбек түрікмендерімен Түркияның алғашқы танысуы Аккар түрікмендерінің түрік лауазымдыларды Баалбек түрікмен ауылдарына бағыттауымен 2007 жылы жүзеге асты. Бұл аймақтағы түрікмендер бес түрікмен ауылы мен Хермел маңындағы бір ауылда қоныстанған. Дуристе 700, Шеймийеде 1200, Нананийе 900, Хадидийеде  600, Машари Ал Каада 500 адам, Баалбекте барлығы 4000-ге таяу түрікмен өмір сүреді.

Дынныйеде өмір сүрген түрікмендер мен Түркияның байланысы Баалбек түрікмендерінен кейін 2011 жылы құрылған. Сол кезеңге дейін не Түркияның, не болмаса басқа түрікмен аймақтарының Дынныйе түрікмендері жайлы мағлұматы жоқ. Дынныйеде; Хавварада 600, Гурхаййеде болса 100-ге таяу түрікмен өмір сүреді.

Қазіргі таңда 10 мыңға жуық Гиритли түріктің Ливанда өмір сүргені болжалады. Сондай-ақ Бейрутта экономикалық себептермен осыдан көшіп барған 50 мың төңірегінде түрік азаматы өмір сүреді. Триполи мен Аккарда қаланың алдынғы қатарлы жанұялары ретінде танымал Османлы кезеңінен қалған үлкен отбасылар бар. Триполиде тек қана Түрікмани тегінен бір-бірімен туысқан 200 жанұя кездеседі. Түрікмани отбасы мүшелері құрған «Ливан Түрікмани қоғамы» да жұмыстарын жалғастыруда. Османлы-орыс соғысының артынан (1877–78) Таяу Шығысқа қоныстандырылған Черкестер де Түркиямен байланысын үзбеген.

Сириядағы азаматтық соғыс себепті Ливанға да маңызды мөлшерде сириялық түрікмен қоныс аударған. Алеппо мен Лазкийеде өмір сүрген түрікмендер ең жақын ел ретінде Түркияға көшті. Хомус пен Тартуста өмір сүрген түрікмендер болса жағрапиялық тұрғыдан ең жақындағы және туысқандық байланысы бар Аккар мен Баабектегі түрікмен аймақтарын таңдаған. Мыңдаған түрікмен Аккар аймағына көш етсе, кейбір түрікмен топтары да Баалбекке көшті. Дамаскта өмір сүрген түрікмендердің де маңызды мөлшерінің Бейрут пен Триполиге көшіп барғаны білінеді.

Ливан түрікмендеріне бағытталған көзқарастық тұрғыдан ең нақты ұстаным президент Режеп Тайып Ердоғанның 2010 жылы Ливан сапарында Кавашра маңында жүзеге асырған митингі болды. Түркияның түрікмендерді қолдағанын көрсетуі тұрғысынан да түрікмендердің мәртебелері мен тұғырларына болымды ықпал етті. Бейрутта ашылған Юнус Эмре Мәдениет Орталығы мен 2014 жылы ашылған ТИКА Ливан координаторлығы болса түрікмендерге лайықты жақындықты көрсетіп, жәрдемдердің артуында маңызды рол ойнады.

Ливанда түрікмендердің жағдайында жақсару байқалса да, Ливанда әлі кезкелген бір заңды мәртебелері, саяси өкілеттіктері немесе мықты бір азаматтық қоғамдары жоқ. Алдағы кезеңде бұл бағытта жасауға тиісті жұмыстар әлі де бар.



Ұқсас жаңалықтар