Күн тәртібі - 26

Түркияда 24 маусымда президент және 27-ші кезекті  парламент сайлауы болып өтті.

Күн тәртібі - 26

Күн тәртібі - 26

Түркияда 24 маусымда президент және 27-ші кезекті  парламент сайлауы болып өтті. Әлем бұқаралық құралдары тарапынан мұқиятты қадағаланған сайлауда президент Режеп Тайып Ердоған 52,6 пайыздық дауыспен бірінші турда президент болып сайланды. Әділет және даму партиясы мен  Ұлтшыл Қозғалыс партиясы құрған «Джумхур» Одағы парламенттегі депутаттың көп сандылығына ие болды. Түркияның сайлау нәтижелері президенттік басқару жүйесінің атқарылуына мүмкіндік берді. Түркиядағы сайлауға мемлекет ішінде 87% пайыз сайлаушы қатысу арқылы әлемдік деңгейде рекорд жасалды. Барша әлем бұқаралық құралдары да сайлауды қадағалап отырды.   Түркиядағы сайлауды Ердоған және «Джумхур» Одағы жеңіп алды. Сайлаудағы жеңіс әрі сыртқы саясатта, әрі террормен күресу үшін «Жалғасу» мағынасындағы бір нәтиже болып табылады.

Енді саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қорының зерттеушісі Жан Ажуннның осы тақырып жөніндегі анализдерін ұсынамыз.  

Соңғы кезеңде Түркия сыртқы саясатта ықпалды бір тұғыр көрсетіп, Түркияның ұлттық мүдделері аясында ауқымды әрекет жасады. Бір жағынан НАТО одақтастары, енді бір жағынан Ресей және Иранмен бірге жұмыс істеген Түркия сонымен қатар Орташығыста, Балканда, Азияда және Африкада белсенді бір сыртқы саясат ұстанды.

Түркияның ықпалды сыртқы саясатына қолдау болған ең маңызды іс-әрекеттердің арасында гуманитарлық көмек пен қорғаныс өнеркәсібі басты орын алуда. Әлем бойынша 13-ші экономика болған Түркия гуманитарлық жәрдемде әлемде бірінші орынды иелеуде. Түркиядан кейін әлемнің ең үлкен экономикасы АҚШ екінші орында. Түркияның гуманитарлық жәрдем жұмыстары Түркияның адамға қаншама көңіл бөлгенін дәлелдеуде.

Енді бір жағынан Түркияның қорғаныс өнеркәсібінде басқан қадамдары Түркияның сыртқы саясаттарындағы рөлін көрсеткен ең маңызды дәлелдің бірі болып саналады. Түркияның Пәкістанға «ATAK» атты тікұшақ сатуы, Шығанақ елдеріне қарулы көліктер сатуы және сонымен қатар өзі өндірген қарулы және қарусыз ұшқышсыз әуе көліктері үшін сұраныстардың болуы Түркияның қол жеткізген технологиялық табыстарын да көрсетуде.

24 маусым сайлау нәтижелері Түркияның гуманитарлық көмек және қорғаныс өнеркәсібі болып, сыртқы саясаттағы тұғырының жалғасуын мақұлдады. Түрік халқы әслінде Сомалиге қиыншылықтары болған отбастарына бағытталған жәрдемнің жалғасуын тілеуде.

         Түркиядағы сайлау нәтижелері террормен күресудегі маңыздылықты да көрсетуде. Евфрат қалқаны операциясы арқылы ДАИШ террор ұйымының Түркия шекарасындағы террористтерін жойғаннан кейін, Зәйтүн бұтағы операциясымен Африн аймағын YPG/PKK террор ұйымдарынан тазалады. Иракта жалғасқан операция PKK-ның Түркияға өтетін желістерін үзді. Сондай-ақ осы операция террор ұйымының орталығы болған Кандил аймағын YPG/PKK террор ұйымдарынан түбегейлі азат етуді көздеуде. Кандил операциясының сайлау нәтижелерімен жалғасатынын айта аламыз. Түркияның террор ұйымдарымен күресуі Түркияның шекараларымен ғана шектелмеді және шекара тысындағы террор ұйымдарына да соққы беруде.  Түркия жаңа жоспары аясында жүргізілген үш операцияның нәтижелерінде  Түркия шекаралары ішінде террор әрекеттері айқын түрде азаюда. Түркия террордың қайнарын жою арқылы террордың доғарылуын көздеуде. 

Енді бір жағынан Түркияның АҚШ-пен бірге белгілеген жол картасы шеңберінде YPG террор ұйымы Манбиджтен шегінеді және екі НАТО одақтасы Манбидж аймағында бірлесе отырып қауіпсіздікті және әкімшілікті орнатады. Президент Режеп Тайып Ердоғанның бірінші турда президенттік басқару жүйесінің бірінші президенті болып сайлануымен 24 маусым сайлауынан бұрын жасалған келісіммен жүргізілген жол картасы жалғасатын болды. Сириядағы дағдарысты азайту және бейбітшілік негізін қалау үшін Түркия, Ресей және Иран кепілгерлігінде құрылған Астана процесі де жалғасады. Мысалы Түркияда сайлаудан кейін белгісіздіктің туылмауы және тұрақтылықтың жалғасу--Түркиямен жасалған барлық келісімдер үшін болымды жағдай.


Этикеттер: Ирак , НАТО

Ұқсас жаңалықтар