Ахмет Ибн-и Кемал (Кемалпашазаде)

Анатолының дана - ғұламалары 26

Ахмет Ибн-и Кемал (Кемалпашазаде)

Анатолының дана-ғұламалары адамға әлемнің өзі деп қарауда. Әлем деген сөз, әрі дүние дегенді білдіреді, әрі Алланың ишараты мағынасын білдіреді. Яғни, адамның бар болуы құдайлық шындықты бейнелеген бір айна болып табылады.

Анатолы дана-ғұламалары осы шындықтың мәлімдемешісі.

Осы шындықты кейбіреулері прозалық туындысымен, кейбіреулері поэзиялық шығармаларымен бейнелеген. Әр біреуі адамға тән шындықтың бір жаңғырығы.

Мәулана шындықты әңгімелерінде көрсетсе, Юнус өлеңдерінде паш еткен. Екеуі де адам баласына үндеу жасау үшін әдеби тілді таңдаған. Алайда көңілімізді махаббатқа толтырған даналар сияқты, ақыл-ойымызға жөн сілтегендерге де қажеттілігіміз бар. Сонда алдымызға шындықты ғылыми түрде түсіндірген ғалымдар да шығады.

Енді сол дана-ғұламалардың бірі «Әр салада білімді, әр салада атағы бар адам» деген әйгілі Ахмет Ибн-и Кемалды, басқа сөзбен айтқанда атағы жер жарған Кемалпашазадені таныстырамыз.

16-шы ғасырдың әйгілі ғалымдарының бірі Ахмет Ибн-и Кемал әскер және ғалымдар жетістірген бір жанұяның баласы ретінде дүниеге келеді және өте жақсы деңгейде білім алады. Жастық шағында әскерлік мамандығын таңдайды, сондай-ақ осы салада үлкен табыстарға қол жеткізеді. Падишаның жақынына дейін көтерілген батыл әскер, бір күні бір оқиғаға душар болып, әскерлігін тастап ғылымға бет бұрады. Кенеттен болған оқиға соғыс барысында падишаның ордасында болған еді. Ордада сансыз әскер мен маңызды бюрократ бар болатын. Дәл сол кезде сырттан қарапайым киім киінген бір адам орданың төріне шығып отырады. Кемалпашазаде баршаның алдында құрмет көрсетеді және оның кім екенін сұрайды. Сонда ол адамнан «Ардақты бір ғалым Молла Түтфү» деген жауап алады. Аз айлығы бар бір молла үлкен қолбасшылардың алдына қалай өте алды? Міне, Кемалпашазаде сол сәтте ғалымдардың әр қандай мәртебеден жоғарғы орнында екенін түсінеді. Адамдар арасында олардан үстем ешкім жоқ. Осы ордадағы абыройы жер жарған қолбасшылардың барлығы оның алдында бас июде.

Ибн-и Кемал осы оқиғадан кейін әскерліктен шегінуді талап етеді және өзін ғылымға арнайды. Сол дәуірдің дана-ғұлмаларынан сабақ алады. Оқуға деген ынтасы мен есте ұстау қабілетінің күшті болғаны соншалық ең қысқа уақыт ішінде мұғалімдік деңгейіне жетеді. Одан кейін көптеген кітап жазады, оқушылар тәрбиелейді және кейбір мұсылман елдеріндегі Ислам мәселелері бойынша ең жоғарғы мансап иесі Шейх әл-Ислам атағын алады.

Кемалпашазаде өз дәуірінің бірден-бір дана-ғұламасы еді. Әр саладағы ғылымды білуші еді. Сондықтан ««Әр салада білімді, әр салада атағы бар адам» деп аталатын. Бір күннің ішінде басқа адам бітіруі мүмкін емес жұмыстарды орындаушы еді. Әрі оқушыларына сабақ береді, әрі Шейх әл-Ислам міндетін атқарады, әрі ғылыми талқы жиналысына қатысады, әрі кітап оқып мақала жазады. Оның ғылыми еңбектері өте көп. Осы себепті ол жөнінде «Сен періштесің ерекше жаратылған, Керемет қасиетке ие ұлы тұлға болған» деген өлең жазылған.

Осы қырымен де Ибн-и Кемалды тарихшылар «Тек өз дәуірінің ұлы тұлғасы ғана емес, Османлы тарихының ең мықты ғалымдарының бірі» деп бағалаған.

 

 

Явуз Сұлтан Селим Мысыр жорығынан қайтарда Османлы армиясы Адана төңірегінде қалың жаңбырдың астында қалады. Жер тайғақ, әрі лай батпақ. Осы кезде Кемалпашазаденің аты тықыршып орнында тыныш тұрмайды. Аттың тұяғынан шашыраған батпақ падишаның шапанына жұғады. Әскерлердің бәрі «Явуз Сұлтан Селим ашуланады» деп алаңдауда еді. Бірақ Сұлтан шапанын сүртуге ұмтылған әскерлерге рұқсат бермейді. Падиша «Сүртпеңдер! Ғалымның аяғынан шашыраған батпақ біз үшін бір нақыш. Осы шапанды алып, сол қалпын сақтаңдар. Бұл дүниеден көз жұмғанда үстіме жабыңдар» дейді.

Падишаның мақтауына ие болған Ибн-и Кемал өмір-тіршілігінде де өте қарапайым бір адам болатын. Өмірі бойынша кіші пейіл түрде өмір сүруді таңдайды.

Өсиетінің өзінде дүниеден озғаннан кейін өзі үшін бір мазар салғызбауды, керісінде кішкене бір тас тігудің жеткілікті екенін айтқан еді. Үлкен табысқа қол жеткізген өмірін мына шумақтармен қорытындылайды:

«Уақыттық дүниеге келуді білдік тамам,

Келіп-кеткенде баршаға сәлем!».

 *   *   *

Нәпсіңе ие бол әрқашанда,

Ешкімнің жолына құдық қазба.

Егер жамандықпен құдық қазсаң,

Аяғында өзің түсесің сол құдыққа!

Кемалпашазаде мемлекеттік жұмыстарымен айналысқан кезде басынан сансыз оқиға кешеді, талай адаммен танысады. Нәпіс адам мен жында жамандықтың көзі ретінде жаратылған. Оның нәпісге ие болу тәжірибесі мол. Орынсыз бәсекенің адам үшін қаншама қауіпті екеніне куәгер болады. Қызыл көздіктің бейшаралыққа, жалғыздыққа апарып соғатынын жақсы білетін. Сондықтан ол өз нәпсіне ие болған адам.

Егер нәпіс жамандықты бұйырса, онда оның айтқанының мүлде керісін істеуде пайда бар. Яғни кіші пейіл болуға тура келеді. Әслінде Кемалпашазаденің сопылық түсінігі де дәл осы еді.

Сопылық баршаның жүрегінде ұялаған,

Халық бөтен сөздерге құлақ аспаған.

Ибн-и Кемалдың көзқарасы бойынша жақсылық істеу былай тұрсын, түсіндірудің өзі де тамаша. Басқалары тарапынан жасалған бір жақсылықты көрсетудің жақсылықты көбейетініне сенуде еді.

Адамның ие болған нақтылы білімі - осы әлемнің уақыттық бір жер екені. Мұндай жағдайда жамандық жасау ақылға сыймайды. Адам осы дүниеге келген қонақ.

Барша халық-жолаушы, әлем-қонақ үй,

Жер жүзінде табылмайды мәңгілік адам.

  *   *   *

Ақиқаттан аулақ болғанға жақындаспа,

Содырларға әсте жақсылық жасама.

Қасқыр асырасаң жем боласың,

Қарға өсірсең көзіңнен айрыласың.

Білімді адам - досын жақсы таңдаған адам. Өйткені өмір жолында достар бір-біріне көмектеседі. Тек өзін ғана ойлайтын, жақсылықтан аулақ бір досты ма? Әлде жан қиярлық және шынайы бір досты ма таңдайсыз? Бұл тек өзімізге байланысты.

Кемалпашазаде бос әңгіме дүкенін құрған және өсек-аяң айтқан достардан әрқашан аулақ тұрған еді. Олардың адам рухын кемірген бір қасқырдай болғанына сенген. Достар мағыналы әңгіме төңірегінде болғаны абзал. Осы достар мен ақиқат сынағыштан өту тіпті оңай. Өйткені олар нәпіс емес, ақиқат жолының жолаушысы болып табылады.

Достар осындай болатын болса, біз сабырлы және Аллаға сенсек ғана болды.

 

Асықпа сабырлы бол,

Әр іске шыдамды бол.

Аллаға тәуекел қыл,

Тақта байсалды бол.



Ұқсас жаңалықтар