Қорғаныс саласында отандық және ұлттық ұшақтардың хикаясы: Хүркуш және басқалары

Қорғаныста ұлттық жобалар - 1

Қорғаныс саласында отандық және ұлттық ұшақтардың хикаясы: Хүркуш және басқалары

Түркия қорғаныс өнеркәсібінде соңғы жылдары жүргізілген маңызды бастамалардың жемісін соңғы әскери операцияларда көрді. Іште террорлық ұйымдармен күресте,  сыртта Евфрат қалқаны операциясымен басталған,  Зәйтүн бұтағы операциясымен жалғасын тапқан табысты әскери әрекеттерде отандық және ұлттық қорғаныс өнімдері қолданылды.  Отандық қарулар, ұшқышсыз ұшу аппараттары,  қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары мен майданда операция жүргізілуін қамдаған күтім және жөндеу істері бүкіл әлемнің назарын аударды.  Бұрын қорғаныс өнеркәсібінде көбіне шетелдерге тәуелді болған еліміз енді отандық кемесін,  танкын,  ұлттық радарын,  ұшқышсыз әуе көліктерін,  қаруын өзі жасауда және ғарышқа жасанды серігін жолдап отыр. Еліміздің қорғаныс өнеркәсібінде жеткен мәртебесі қорғаныс өнеркәсібі компаниялары мен әскери кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлердің үлестерінің және әсіресе соңғы 15 жылда басылған қадамдардың табысты лидерлікпен басқарылуының нәтижесі.

Нури Демираг: «Жеңіс бүркіті ұшақ қанатының үстіне қонды»

Түркия қорғаныс өнеркәсібінің тарихына қарағанымызда, қорғаныс өнеркәсібі негізінде маңызды еңбектерге және пидақорлықтарға қарамастан,  басшылардан жеткілікті түрде қолдау көрмеген сала болып келді.  1930 жылдар.  Сол жылдардың Түркиясында Дивриги ауданынан шыққан маңызды кәсіпкер Нури Демирагдың өмірбаяны отандық өнеркәсіптің көптеген жылдар бойы неге жетім қалғанын көрсетеді. Демираг елді теміржолдарымен жабдықтағаны үшін «темір желі» деген мағынаға келетін Демираг фамилиясын алады.  Елдің өркендеуі үшін ондаған ірі жобаға қолтаңбасын басады.  1939 жылы ұшақ жасап шығарады.  «Аспан мектебін» ашып,  жас ұшқыштар оқытады.  Нури Демираг «Жеңіс сүңгінің ұшында емес,  жеңіс бүркіті сүңгінің ұшынан көтерілді,  әуеде, ұшақ қанатының үстіне қонды» деу арқылы сол кезеңде аспанға, әуеге билік құрудың қаншалықты маңызды екенін атап көрсетеді. Түсіндіріп қана қоймайды,  елдің әуеге билік жүргізуі үшін ұшақ зауытын ашады. 1939 жылы отандық тұңғыш ұшақты өндіреді.

 Алайда оның басынан кешкендері адамды таңғалдырады. Алдымен елдегі энергия мұқтаждығын қамдау үшін 1933 жылы Кебан бөгеті жобасын сол кездегі Даму министрі Али Четинкаяға ұсынған кезде көрген әрекеті адам сенгісіз. Али Четинкая сол кездегі Тәуелсіз сот деп аталған арнайы соттарда қызмет атқарған тұлғалардың бірі.  Демираг жобасын ұсынбай тұрып министр: «Иа, Нури мырза,  бөгет жасайды екенсің. Қалай жасайсың? Кіммен істейсің? Осыншама ірі жобаны қалай тындырасың? Жасадың делік,  энергияны кімге сатасың?» деп сөзді салқын бастайды. Демираг мырза инженерлерімен бірге дайын келеді. Жобасында осы сұрақтардың жауаптарының барлығы орын алған.  Алайда министр тыңдауға ниетті емес.  Демираг «Бұл мәселе – елдің болашағы» деген кезде,  министр сөзін тыйып тастайды. «Елдің болашағын ойлау саған қалды ма? Ойласақ, біз ойлаймыз» деп Нури мырзаны қуып шыққаннан бетер қылады. 1933 жылы жобаланған Кебан бөгеті 1966 жылы күн тәртібіне келеді. Құрылысы 10 жыл жалғасады. Сол кездің басшылары салдарынан маңызды жоба 33 жылдан кейін салына бастайды.

Нури Демираг 1939 жылы тұңғыш отандық ұшақты өндіреді

1935 жылы  елге қажетті ұшақтарды алу үшін бір акция ұйымдастырылады. Сол кезде 10 мың лирадан көп ақша бергендердің есімдері ұшаққа берілетін.  Нури Демираг болса бағыш берудің орнына барлық дәулетін отандық бір ұшақ жасау үшін жұмсауға бел буады. Сол күнге дейін жиған-терген ақшасын «Ұлттық аманат» деп есептейтін.  «Еуропадан,  Америкадан лицензия алып,  ұшақ жасап шығаруды» көшіру деп есептегендіктенн, толығымен «Түрік моделі» бір ұшақ үшін іске кірісті.  1936 жылы Бешикташ ауданында зауыттың іргетасын қалады. Дивриги ауданында салынатын зауыт пен бүгінгі Йешилкөй Ататүрік әуежайы тұрған жерде ұшақтарға әуежайы салынуы үшін жұмысқа кірісті.

 1937 жылы Түрік Авиация мекемесінің тендерінде 10 дана оқу-жаттығу ұшағы мен 65 дана планер жасап шығару ісін жеңіп алады.  Демираг және оның командасы күндіз-түні жұмыстанды.  Ататүрік 1938 жылы қайтыс болғаннан кейін елде саяси шайқалыстар басталды. 1939 жылы ұшақтар барлық техникалық шарттары орындалса да,  Түрік Авиация мекемесінің ұшқыштары жақсы баға берсе де,  ұшақтар кері қайтарылады. Ұшақтардың бірі Ескишехир қаласында алаң тар болғандықтан,  егістікке қонғаннан кейін апатқа ұшырады. Түрік авиация мекемесі басшылары апат техникалық ақаудан болды деген сылтаумен ұшақтарды алудан бас тартты.  Демираг сол кездегі басшыларға бірнеше мәрте хат жазса да, соттық іс қозғаса да нәтиже алмады.  Елдің болашағына әсер ететін маңызды тағы бір жоба саяси пайда мен таластарға құрбан болды.

Түрік бастауыш және негізгі оқу-жаттығу ұшағын жетілдіру жобасы (HÜRKUŞ)

Бүгінгі күні болса елді басқарған лидерлердің ықпалымен және қатысты мекемелерге берген қолдауымен көптеген отандық қорғаныс жобасы жүргізілуде.  Хүркуштың прототип өндірістері аяқталды.  Айырықша отандық тұңғыш ұшағымыздың 2023 жылы аспанда ұшуы үшін жұмыстар жалғастырылуда. Еуропа Азаматтық авиация мекемесінен тип сертификатын алған тұңғыш түрік ұшағы Хүркуштан 2 дана прототип өндірілді.  Хүркуш (Түрік бастауыш және негізгі оқу-жаттығу ұшағын жетілдіру жобасы) азаматтық және әскери авиацияның дамыған оқу-жаттығу ұшағы мұқтаждығына жауап ретінде толығымен оринигал түрде жобаланды.  Айырықша Хүркуш-C деп аталған вариантының қаруландыру жұмыстары жүргізілуде.

 Отандық әскери ұшақ жобасы

Отандық әскери ұшақ жобасы арқылы Әуе күштері қолбасшылығының 2030 жылдардан кейінгі әскери ұшақ мұқтаждығының ел ішінде оригинал жоба моделі қамдалады. Отандық өнеркәсіп өнімдері көп қолданылатын елімізде оригинал дизайнмен жұмыстар жалғастырылуда. Осы маңызды жобада алғашқы ұшу сынағы 2023 жылға жоспарланып отыр.

F-35 ортақ шабуылдаушы ұшақ жобасы

Жаңа буын әскери ұшақ F-35 бесінші буын бір ұшқыш және бір моторлы,  көп мақсатты,  аз көрінетін ерекшелігіне ие аңшы/әскери ұшағының дизайн және өндірісі АҚШ басшылығында халықаралық консорсиум (АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Түркия, Голландия, Канада, Австралия, Норвегия және Дания) тарапынан жүргізілуде. Түркия осы жобада 100 дана ұшақ алу жоспарымен назар аударады.  Түркия бағдарламаның ортағы. F-35 жобасы аясындағы алғашқы ұшағын 21 маусым күні Тексастағы рәсімде қабылдап алды.  Қазір ұшқыштарымыз АҚШ-тағы оқу-жаттығуына бастап кетті.  Қажетті оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін ұшақтарды қолдана бастаймыз.

 Түркия F-35 ұшақтарының Еуропа аймағындағы кеуде және мотор, ауыр күтім және жөндеу базасы болады.  F-35 ұшағының ең күрделі құрылымдарының бірі болып табылатын орта кеудесі АҚШ тысында тек біздің елімізде өндіріледі.  Айырықша F-35 A/B/C композиттік компоненттер,  темір төменгі кеудесі мен жүк тасушы өндірістері елімізде жүргізіледі.  Дәлдікке арналған жиһаз бен TÜBİTAK жетілдіріп, РОКЕТСАН өндірген SOM-J-лердің ұшақтарға интергациясын да еліміз атқаруда.

Мемлекеттік қолдау алған барлық жобалар жүзеге асса,  бұрын мемлекет көмек бермеген жобалар іске аспай қалды.  Келесі бағдарламада жүзеге асырылған басқа да табысты жобалар жөнінде баяндауымызды жалғастырамыз.



Ұқсас жаңалықтар