Хызыр Бей Челеби

Анатолының дана - ғұламалары 28

Хызыр Бей Челеби

Тарихта соғыс, көш және қайғылармен сыналған Анатолыны тірі тұтқан күш біріншіден махаббат, екіншіден болса әділет сезімі.

Анатолыны Анатолы қылған - басқалардың құқын өз құқы сияқты қорғаған дәруіштері және баршаға сенім мен бауырластық сезімдерін сіңірген көңіл дәруіштері. Бұл жердің даналары хақсыздық пен жамандық дауылынан қашқан адамзат паналаған бір мекен болды. Олардың бұл ұстанымы мемлекет басшыларына да шабыт беріп, әділет сезімін таратты.

Негізінде сан алуан қоғам біртұтас өмір сүрген Анатолыда тыныштықты қамтамасыз ету үшін ымырасыз бір әділет түсінігінен басқа жол жоқ болатын.

Міне, бүгінгі бағдарламамызды осы түсініктің басшыларының бірі, Стамбұлдың тұңғыш төрешісі Сиврихисарлы Хызыр Челебиге арнадық.

Лақабы «жираб-үл ғылым» (ғылым жиынтығы) болып табылатын ұлы ислам ғұламасы Хызыр Бей Челеби 15-ші ғасырдың танымал ғалымдарының бірі еді.

Сиврихисарда дүниеге келген ұлы ғұламаның шешесі Қожанасырдың ұрпағы болатын. Желалзаде Хыдыр Бей ретінде аталатын.

Алғашқы хатты құқықтанушы әкесі Желаледдин Бейден таныған. Кейінгісінде өз кезеңінің белгілі тұлғаларының бірі Молла Йеганның шәкірті болады. Молла Йеган оған кең бір ойлау кеңістігін ұсынады.

Хызыр Челеби шексіз бір әуесқойлық және үйрену қабілетіне ие болғаны себепті Османлыда ешкім қызықпаған ғылымдарға назар аударатын. Замандастарының көпшілігі шет тілін үйрену үшін шетелге барып жатқанда, ол 3-4 тілді жетік меңгеріп шықты.

Зерттеуші мінезі және үйрену күші оның «екінші Ибн-и Сина» деп аталуына себеп болады.

Хызыр Бей білімі мен жігерлілігінің арқасында уақыт өткен сайын үлкен бір Ислам құқықтанушысы болады. Стамбұлдың тұңғыш төрешісі және кейбіреулерге қарағанда тұңғыш қала әкімі болған. Қазір Кадыкөй деп аталған Стамбұлдың белгілі ауданы да есімін одан алған.

Ұзақ жылдар Османлы университеттерінде сабақ беріп, көптеген шәкірт тәрбиелеген және маңызды шығармаларын мұра қып қалдырған.

Бұл қабілетті ғұламаның даңқының шығуы 30 жастарында басталады.

Баршаға мәлім сол дәуірдің падишасы Фатих Сұлтан Мехмет дана - ғұламаларды қатты құрметтейтін, олармен әңгімелескеннен ләззат алатын бір билеуші еді. Өзі қызыққан салалар көп болғаны себепті ғұламалардың пікірталастарына етене қатысатын еді. Бір күні Стамбұл аймағына Аджем (Ираннан) өлкесінен келген бір ғалым жайлы хабар түсті. Бұл адамның біліктілігі соншама Османлы мемлекетінде ол айтқан сөзден асқан сөзді айта алатын ешкім табылмаған. Фатих бұл адамды құзырына шақыртқан және оны өз ғұламаларымен сынаған. Ғұламалар аджем ғалымды жеңе алмай отыр. Падиша әжептеуір қиналады. Өйткені Фатихке қарағанда ғылыми пікірталастар соғыс майдандарында жеңіске жетумен бірдей маңызды еді. Өз елінің ғұламалары ғылым саласында әрқашан бір қадам алда болғанын қалайтын.

Ақыры Фатихке 30 жасар Хызыр Челеби атындағы бір университет ұстазының атын береді. «Бұл пікірталастардың хақын беретін ол, керемет бір ақылы бар» мақтайды. Сұлтан дәл сол кезде ұстазды шақыртады.

Хызыр Бей тыныш және өзін білген түрімен сарайға келді. Өте жас еді және падишаны әскерлері сияқты киінген болатын. Мұны көрген қарсыласы «Менің алдыма осы қатардағы әскерді әкелдіңдер ме?» деп күледі. Дегенмен Хызыр Бей Аджем ғұламаның өзіне қойған барлық сұрақтарына жауап қайтара отырып, қарсыласына қойған сұрақтарымен де оны жеңеді. Пікірталасты тамашалаған Фатихтің толқып мәз болғаны соншалықты, айтуға қарағанда жиі-жиі түрегеліп, таққа қайта отырған.

Міне, осы оқиғадан кейін Хызыр Бей сарайдың толық сенімін алады және патшалықтың ең белгілі ғұламаларының біріне айналады.

Әділет жоқ жерде ақиқат орындалмайды. Хызыр Бей болса мұны жақсы білген бір заңгер болатын. Бұл үшін әркіммен  таласуға дайын еді. Досы, туысқаны ... Және қажет болса падишамен де...

Ол жайлы айтылған бір хикая оның осы мінезін танытады:

Айтуға қарағанда Фатих Сұлтан Мехмет Стамбұл жеңісінің артынан Аясофияның өзінен үлкен бір мешіт салдырғысы келген. Осы үшін де қаланың атақты христиан сәулетшілерінің бірі Ипсиланти Эфендимен келіскен. Оған жұмысшы мен ақша тауып берген соң іске кірісуін бұйырады. Ипсиланти жұмысын жақсы білетін, дегенмен бұл жаңа салынатын мешітке сәл де болса наразылығы бар болатын. Өз дінінің символына айналған Аясофиядан үлкен бір мешіт салу пікірі ұнамайтын. Осы себепті жобаны бұзу үшін жасырын түрде кейбір есептеулер жасады. Әсіресе Мысырдан қиыншылықтармен әкелінген дәу бағаналарды әдейі, мешіттің мұнаралары аласа болсын деген мақсатпен кестіреді. Әрине Фатих өте ақылды бір падиша болатын. Дайындықтарды бақылап отырған кезде бағаналардың жағдайын байқап, мәселені түсінеді. Және Ипсиланти Эфендидің қолдарын кесуді бұйырады. Үкімі дереу орындалады.

Қолдары кесілген сәулетшінің жанұясының жағдайы нашарлайды. Күн көре алмайтын болады. Осыған наразылық ретінде христиан жамағаты сотталмастан берілген осы жаза үшін төрешіге шағымдануға шешім қабылдайды.

15-ші ғасырдың ортасында Еуропада кезкелген бір патшаны сотқа беру былай тұрсын, ол жайлы ұсақ әңгіменің өзі гильотинаға апару себебі болып табылса, «Османлының бұл тақырыптағы ұстанымы қалай болмақ?» деген оймен барлық христиан жамағаты сот күнін күте бастады.

Сот күні барғандар төреші (Кады Эфендиді) яғни Хызыр Бей Челеби мен айыпталушы Мұрад ұлы Мехмедті яғни Фатихті көреді. Төреші Сұлтанның отыруына рұқсат етпейді, оны даугердің алдында түрегеліп тұрғызады. Және тараптарды тыңдаған соң шешім қабылдайды: «Әй, Мұрад ұлы Мехмед! Сәулетші Ипсилантінің қолдарын соттамай, сұрамай кескенің себепті, сенің де қолдарын кесілетін болады. Егер өтем ақы ретінде жанұясының күн көруін қамтамасыз ететін болсаң және даугер де мұны қабылдайтын болса, жазаңыз жойылады... Әйтпесе үкім орындалады.»

Фатихтің үні шықпағанына христиан таң қалып отыр. Жазасын мойындайды. Әділеттің орындалғанына риза болған сәулетші Сұлтанды өзіне өлгенше өтемақы беруі шартымен кешіреді. Стамбұлды жеңіп алған осы қолдар міне, осылай аман қалған.

Бұл 15-ші ғасырдың орталарында әлемнің басқа ешбір аймағында кездеспейтін бір оқиға болып табылады.

Фатих сот аяқталған соң төреші Хызыр Челебиді бір шетке шақырып былай дейді: «Төреші Эфенди, егер жалтақтық жасап мені айыптамаған жағдайда, оллаһи сені қылышыммен кесіп тастар едім». Хызыр Челеби болса мына жауапты қайтарады: «Патшам, егер сен де кезкелген бір азамат сияқты берілген жазаға разы болмағанда, сол кезде мен де сені әділет арыстандарына жыртқызар едім».

Міне, жағдай осылай. Хақ пен әділет әңгіме болған кезде Анатолы даналары ешкімнен қорықпайтын.



Ұқсас жаңалықтар