Күн тәртібі - 28

Түркия көптеген қару және жабдықтарын отандық мүмкіндіктерімен өндірді.

Күн тәртібі - 28

Күн тәртібі - 28

Түркия өткен жылдарда қорғаныс өнеркәсіп саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Түркия көптеген қару және жабдықтарын отандық мүмкіндіктерімен өндірді. Отандық мүмкіндіктермен үлкен табыстарға қол жеткізген түрік қорғаныс өнеркәсібі бір жағынан Түрік Қарулы Күштерінің шетелге деген тәуелділігін азайтты, енді бір жағынан түрік экономикасы мен түрік сыртқы саясатына маңызды үлес қосты. Түрік қорғаныс өнеркәсібінің тарихи бұрынға барып тірелсе де, Әділет және даму партияның 2002 жылы билік басынан келгеннен кейін жаңа бір көкжиекке бет алды. Талай жылдар бойынша дамытылған қару жүйелерінің арқасында Түркия және Түрік Қарулы Күштері тіпті күшейді.

Енді саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қорының зерттеушісі Жан Ажуннның осы тақырып жөніндегі анализдерін ұсынамыз.  

Түркияның қорғаныс өнеркәсібінде басылған қадамдардың нәтижесінде көптеген құрлық жабдықтары, теңіз көліктері, авиация және ғарыш, соғыс және электроника жүйелері, қару жүйелері, радар және электроникалық соғыс, логистика, жаттығу және жаттықтыру салаларында үлкен ілгерілеушілік байқалды. KİRPİ, BMC EFE, KAYA, PARS, EJDER, EJDER YALÇIN, COBRA және URAL секілді дамыған қарулы көліктер өндірген түрік қорғаныс өнеркәсібі көліктерін бір жағынан Түрік Қарулы Күштеріне тапсырып берсе, енді бір жағынан шетелге экспорт етуде. Әсіресе террормен күресу аясында табысты болғанын дәлелденгеннен кейін, шетел түрік қарулы көліктеріне қызыға бастады.  Түрік өнімдерінің НАТО стандарттарынан жоғары болуы, өнім бағасының арзан болуы және шетелге сатулардың саяси сұраныстарымен байланысты болуы түрік өнімдерінің халықаралық нарықтарда орын алуына мүмкіндік туғызды. Түркия құрлық көліктеріндегі табыстарымен қатар теңіз және әуе көліктерінде де үлкен табыстарға ұласты.

Түрік қорғаныс өнеркәсібі ұлттық мүмкіндіктерімен дамытқан «MİLGEM» атты теңіз көліктері және «ATAK» атты тікұшақтары шетелге сатылды. Бұл түрік қорғаныс өнеркәсіп тарихындағы ең үлкен табыстары болып табылады. Пәкістанның Түркиядан 1,5 миллиард доллар қарымжысында  30 «ATAK» атты тікұшақтарды сатып алуы әрі түрік экономикасына, әрі Түркия-Пәкістан қарым-қатынасына орасан үлес қосты. Пәкістанның «ATAK» атты тікұшақтарының алынуы үшін жасалған келісімнен кейін Түркиядан 4 «MİLGEM» атты теңіз көліктерінің алынуы үшін қол қойылуы Түркия тарихындағы ең үлкен бір жолата қорғаныс өнеркәсіп экспорты болып табылады.

Түркияның әуе көліктерінде қол жеткізген табыстарының басқа бір дәлелі болса, қарулы және қарусыз «BAYRAKTAR» атты ұшқышсыз әуе көлігі. Катарда ұйымдастырылған «DİMDEX 2018» жәрмеңкесі аясында Катарға 6 «BAYRAKTAR» атты «TB2 İHA»-ның экспорты үшін келісім жасалды. Жәрмеңкеде сонымен қатар BMC, AMAZON, KİRPİ, EJDER YALÇIN, AKİD секілді жаттығу кемесі, «Ares» үлгісіндегі жүзетін платформалары және «Yonca Onuk MRTP-24/U»-ды экспорт етіп, жиыны 700 миллион лиралық бір келісім жасалғаны білдірілді.

Түрік әуе көліктерінің жемістерін көрсеткен тағы бір дәлел болса, Украина мен Түркия арасында Украинаға «BAYRAKTAR İHA»-ның сатылуы және ортақ фабриканың құрылуы үшін келісім жасалды.

Қорғаныс өнеркәсібінің табыстарын көрсету тұрғысынан Евфрат қалқаны және Зәйтүн бұтағы өте маңызды екі әскери операция ретінде орын алуда. Түрік Қарулы Күштерінің ДАИШ және PKK/YPG-мен күрескен операцияларда түрік қорғаныс өнеркәсібінің өнімдері қолданылды. Түрік әскерінің Сирияның қиын жағдайларына қарамастан екі операцияда үлкен табыстарға қол жеткізуі түрік өнеркәсібінің дамуынан туындады.

Евфрат қалқаны операциясы мен Зәйтүн бұтағы операциясы барысында түрік қорғаныс өнімдері екі операцияның барлық мұқтаждарын қамтамасыз етті. Бұл Түркияның толыққанды тәуелсіздігінің бір бейнесі. Екі операцияда 6 қорғаныс өнеркәсібі басты орын алды. Олар: Ұлттық жойғыш автоматы, Фортуна гаубица, Bayraktar SİHA, ATAK тікұшақтары, EJDER YALÇIN және KİRPİ.

Түрік әскерінің Ұлттық жойғыш автоматының қолданылуы, Сирия территориясы ішіндегі нысаналардың  SİHA және İHA жабдықтарымен күйретілуі, Фортуна гаубицалардың Түркия шекарасынан Сирия территориялары ішіндегі нысаналарды жоюы, ATAK тікұшақтарының Африн сынды таулы аймақта террор нысаналарына қарсы қолданылуы, EJDER YALÇIN және KİRPİ қарулы көліктерінің түрік әскерлерін террор шабуылына қарсы қорған болуы әслінде түрік қорғаныс өнеркәсібінің ең үлкен сынағы еді. Түрік қорғаныс өнеркәсібі тарапынан өндірілген қару жүйелері соғыс майданында өзін дәлелдеді. Бұл халықаралық аренада қорғаныс өнеркәсібі үшін үлкен бір табыс болып саналады.


Этикеттер: Сирия , НАТО

Ұқсас жаңалықтар