Террормен күресте Африннен кейінгі нысана – Манбидж

Түрік сыртқы саясатының бағдары - 29

Террормен күресте Африннен кейінгі нысана – Манбидж

Манбидж – Алеппоға қарасты, қаланың шығысында қалатын бір қала. Евфрат өзеніне 35, Түркия шекарасына болса 40 шақырым қашықтықта. Шығыс Алеппоның ең маңызды тұрғын аймағы. Әрі адам  саны, әрі жер көлемі тұрғысынан үлкен бір қала. Аймаққа тиесілі табиғи ресурстар, өндіріс пен қойма жайлары және Раккадан Алеппоға дейінгі аймақта сауда орталығы болу ерекшелігі сияқты себептермен экономикалық маңызы зор. Аймақтың электр мен су қажеттілігі болса Манбиджтің өзінің ресурстарынан қамтамасыз етілуде. Манбиджті бақылауға алған Алеппо мен Ракка арасында қалған аймақтағы экономика, табиғи ресурстар және сауданы да бақылауға алады.

Манбидж Сирияда 2011 жылы басталған ұлт азаттық көтеріліске о бастан қолдау берді. Қала 2012 жылы 17 шілде күні оппозиционерлердің бақылауына өтті. ДАИШ болса алдымен 2013 жылы сәуір айында қалаға кіре бастады. Бұл кезеңде Манбиджтік оппозиционерлер мен ДАИШ арасында ұсақ қақтығыстар басталды. Халықтың ДАИШ-ке деген наразылығының артуымен 2014 жылы басында манбиджтік топтар өзара Манбиджті ДАИШ-тен тазалау үшін келісті. Оппозиционерлер 2014 жылы қаңтар айында ДАИШ-ті Манбиджтен шығарды. Қала 15 күн бойынша оппозиционерлердің бақылауында қалды. Кейін болса ДАИШ Манбиджке одан үлкен шабуыл жасады және 2014 жылы 21 қаңтар күні қаланы бақылауға алды. Кейін болса АҚШ қолдау берген YPG/SDG күштері қаланы ДАИШ-тен қайтарып, бақылауға алды.

Манбиджтің демографиялық құрылымына тарихи тұрғыдан қарағанда гетероген бір ерекшелікке ие екенін байқаймыз. Алайда соңғы 50 жылда өзгерген адам саны құрылымы нәтижесінде Манбидж сүннит араб куәлігімен алға шықты. 2017 жылы соңынан бастап, қаланың жалпы тұрғын санының 600.000 мыңға ұласқаны болжалады.

Қалада өмір сүрген және Манбидж тұрғыны ретінде басқа аймақтарда өмір сүргендерге қарағанда  Манбиджте этникалық топтардың адам саны таралымы мынадай: 90% арабтар, 5% күрдтер, 4% түрікмендер, 1% черкестер.

Манбиджтегі түрікмен ауылдары қала орталығының солтүстігінде қоныстанған. Қаланың солтүстігінде 8 түрікмен ауылы бар. Қала орталығында болса түрікмендер 4-5% мөлшерінде өмір сүруде. Манбиджте түрікмендердің әсіресе үлкен отбасылар екені байқалады. Дегенмен арабтар жалпысын «түрікмен тайпасы» деп аталады.

Манбиджте ДАИШ бар кезеңде халықтың жалғыз қалауы ДАИШ-тен құтылу болатын. Осы себепті PKK/YPG қалаға кірген кезде маңызды бір қарсылыққа тап болған жоқ. Уақыт өткен сайын Манбидж халқының PKK әкімшілігіне қарсы ұстанымының өзгергені байқалды. PKK-ның қысымын арттыруы және PKK-ға жақын күрд тұрғындарға жеңілдік жасайтын бір түсінікпен қозғалуы халықтың көзқарасын өзгертті. PKK-ға қаладағы көзқарасты өзгертетін тағы бір фактор болса негізгі қызмет көрсету салаларындағы қиыншылықтардың артуы.

PKK/YPG Манбиджте стратегиялық болып қабылдаған салалар үшін күштеп қоныс аудару әдісін іске қосуда. Осы бағытта PKK-ның манбиджтіктердің мүліктерін тартып алуы болса жиі кездесетін бір жағдай. Егер бір адам араб немесе түрікмен болса онда бұл қиыншылыққа ұшырауы жоғары ықтимал. Евфрат қалқаны операциялық аймағы немесе Түркияда саяси жұмыстармен шұғылданған манбиджтіктер болса олар мен туыстарының мүліктері де кепілдікке алынуда. Мысалы өзі де Манбиджтің танымал отбасыларының біріне мүше болған Сирия Түрікмен Мәжілісі төрағасы Веджих Жұма мен жанұясының Манбиджтегі барлық мүліктерін PKK/YPG кепілдікке алды.

PKK-ның Манбиджтен шыққысы келмегені шындық. Террор ұйымы осында тұрақты екенін ойлап, Манбиджтің атын Мабук деп өзгертті. Бірақ PKK АҚШ-тың қорғауы болмаған бір ортада Манбиджте тұруының мүмкін еместігін де жақсы біледі. Әйтсе де Түркия да соңғы кездері Манбиджке бағыттап қысымдарын арттырды. Бұл қысымдар АҚШ-ты Манбидж тақырыбында NATO одақтасы Түркия мен террор ұйымы PKK арасында бітімгерлікке итермеледі. Бұл талпыныстар 2018 жылы маусым айында нәтиже берді. АҚШ пен Түркия Манбидж тақырыбында қадағаланатын ортақ жол картасы тақырыбында келісті. Осыған қарағанда PKK/YPG барлық топтарымен қаладан шығады, АҚШ пен түрік армиялары аймақта ортақ бақылау жүргізеді. Манбидж үшін жаңа бір азаматтық кеңес құрылады және манбиджтік азаматтардың үйлеріне оралулары қамтамасыз етіледі. Екі ел Манбидж моделін Евфраттың шығысы үшін де іске қосу тақырыбында келісті.

Түркия АҚШ-пен жасаған келісім мен майданда пайда болған жағдай арасында маңызды бір айырмашылық бар екенін байқап отыр. Алайда басылған шектеулі қадамдарды қазірше өтпелі кезеңнің бір бөлігі ретінде көреді. Бұл орынды бір бастама, әйтпесе шектеулі қадамдардың өзі Манбиджте ықпалды бола алады.

Алдағы кезеңде не болмасын Түркияның PKK террор ұйымымен күресін тоқтатады деп ойламаймын. Сондықтан Манбидж және Евфраттың шығысы тақырыбында жасалған келісімді іске қосу сатысында мәселе шыққан жағдайда, Түркия мен АҚШ-тың бетпе-бет келуі мүмкін. Мұндай жағдайда Түркияның өз тағдырын өзі белгілейтіні анық. Түркия Манбидж пен Евфрат өзенінің шығысын PKK-дан тазалау үшін өте көп энергия, уақыт және қаржы жұмсауға мәжбүр болуы мүмкін. Бірақ бұл жағдай Түркияның табандылығына ықпал етпейді. Еліміз мұның мысалын Африндегі Зәйтүн бұтағы операциясында бүкіл әлемге көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар