Хельсинки саммитінен көріністер

Түрік сыртқы саясатының бағдары - 30

Хельсинки саммитінен көріністер

Хельсинкиде жүзеге асқан Трамп-Путин саммиті әрі екі ел, әрі халықаралық қоғамда үлкен пікірталастарға жол ашты. Бүгінгі бағдарламада Трамп-Путин Саммиті мен осы саммиттің түрік сыртқы саясатына болуы ықтимал ықпалын қолға аламыз.

2018 жылы 16 шілде күні халықаралық қоғам қызық бір көрініске куә болды. Либералды әлем тәртібін құрушы және көшбасшы деп аталған АҚШ-тың президенті Дональд Трамп пен бұл тәртіпке қарсы соңғы жылдары ең маңызды наразылықты көрсеткен Ресей президенті Владимир Путин Финляндияның бас қаласы Хельсинкиде бас қосты.

Трамптың Путинмен кездесуі Трамптың батыстық одақтастарымен ынтымақтастығына көлеңке түсірген бірқатар мәлімдемелері және ұстанымының артынан жүзеге асты. Ашық айтқанда бұл соңғы жаңалықтар батыс блогында маңызды мәселелерге жол ашты. Бәрінен қызығы АҚШ пен одақтастары арасындағы дау-дамай Трамптың бұрынғы қарсыластары Ресей, Қытай, Солтүстік Корея сияқты елдермен ынтымақтастығын қалпына келтіру және жетілдіруге тырысқан бір кезеңге дөп келді. Осы жаңалықтар себепті қазір Еуропада АҚШ-тың көшбасшылық қабілеті және ықпалы тақырыбында маңызды пікірталастар болуда.

Хельсинки саммитінің артынан Трамп АҚШ-тың 2016 жылғы сайлауға Ресейдің араласқаны жайлы қауесеттер жайында бір мәлімдеме жасады. Трамптың АҚШ барлау ұйымдарының рапортынан гөрі, Путиннің осы тақырыптағы мәлімдемесіне одан көп сенгенін айтуы Американдықтар алдында үлкен наразылыққа жол ашты. АҚШ қоғамының көпшілігі Трампқа қарсы ашу танытты. Осы наразылықтар алдында Трамп айтқан сөздерін түзетті. Бірақ осы мәлімдемелер онша көндірмеді, күдіктер мен уайымдар жойылмады.

Саммиттің екі сағатқа созылған оңаша отырысында не туралы әңгімелескені, қандай келіссөздер жасалғаны және қандай қорытындылар шыққаны беймәлім. Әрі Путин, әрі Трамп келіссөздердің табысты өткенін атап көрсетті. Саммиттің артынан екі басшы өткізген баспасөз жиналысында Сирия тақырыбын бағалағандарын атап, кейбір тұстарда ортақ көзқарасқа келгендерін көрсетті. Гуманитарлық жәрдем үшін ынтымақтастық осы тұстардың бірі. Екінші бір тақырып болса Израиль-Сирия шекарасында (Голан аймағында) аралық аймақ құру және Иран-Хизбулла күштерін осы жерден алыстату. Әйтсе де Путин Израильдің шекара қауіпсіздігінің маңызды екенін мәлімдеді. Түркияға тікелей қатысы тұрғысынан Солтүстік Сирияның тұғыры, PKK-YPG-нің келешегі мен шекара қауіпсіздігі тақырыптарындағы ұстанымы, осы жайлы ортақ бір түсінік қалыптасып қалыптастырмағандары жөнінде бір мәлімдеме жасалмады.

Хельсинки саммиті Түркияға тікелей байланысты көрінбесе де, саяси, әскери және экономикалық нәтижесі тұрғысынан Түркияға ықпал етеді. Негізінде Түркияға ықпал ететін нәрсе Трамп пен Путиннің Иран мәселесінде не істейтіндері, осы тақырыпта келісіп келіспегені және бір келісім жасалса ішкі мазмұныны. Израиль баспасөзіндегі жаңалықтарға қарағанда екі басшы Иранның Сириядағы ықпалы азайтуымен АҚШ-тың Сириядан шегінуі тақырыбында келіскені алға тартылады. Тағы осы хабарларға қарағанда Иранның ядролық бағдарламасы мәселесінде келісім жасалмады. Екі жақ қазіргі ұстанымдарын жалғастыруда. АҚШ 2015 жылы қол қойылған мәтіннің жеткіліксіз екенін ойлайды, Ресей болса Еуроодақ елдері сияқты мәтін мен практикалық жұмыстардың жеткілікті екенін ойлауда. Осы жағдай «Ресейдің кезкелген бір Иран операциясын вето ететіні деген мағынаға келе ме?» қазірше белгісіз.

Трамп пен Путиннің кездесуі Сириядағы негізгі анықтаушы фактор екенін тағы бір рет көрсетті деуге болады. Бірақ екі басшының әлі Сириямен байланысты алға тартылғандай үлкен келіссөздер жүргізгендерін ойламаймын. Иә, Путин Израильді тыныштандыру үшін Иранды шектеу туралы белгілер берді. Дегенмен бұл толығымен Иранның Сириядан шегінетіні деген мағынаға келмейді. Иран болса ойында қалу үшін Мәскеумен дипломатиялық келіссөздерін жалғастыруда. Меніңше Хельсинки саммиті алдында кездескен Али Акбар Уәлаятының Путинмен болып өткен кездесуі осы тақырыпта болса керек. Мынаны да айтқан жөн. АҚШ пен Ресей Сириядағы ынтымақтастықтарын жетілдіргісі келсе, Сирияда екі елдің ынтымақтастық жасай алатыны жалғыз актер Түркия. Сондықтан алдағы кезеңде Түркияның Сирияда одан көп алға шығатыны сөзсіз.

Трамп өз мемлекеттік мекемелерін наразылығына қарамастан Путинмен ынтымақтастығын бірнеше саты көтерді. АҚШ-тан тараған ақпараттарға қарағанда Трамп бірдей әдіспен мемлекеттік мекемелерді араластырмай президент Ердоғанмен тікелей ынтымақтастық орнатқысы келеді. Осылайша екі ел арасындағы қарым-қатынастарға жаңа бағыт беріп, жаңа бір кезеңді бастағысы келеді. Трамп әкімшілігіне жақындығымен белгілі мамандар АҚШ президентінің не істейтінін жақсы білетін, ақылды, авторитарлық және керек кезде риск алатын мемлекеттік қайраткерлерді жақсы көргеніне назар аударады. Осы себептен Трамптың президент Режеп Тайып Ердоғанмен Ресей президенті Владимир Путинмен болғандай, келісіп мәселелерді шеше алатынын ойлағанын атап көрсетуде.

НАТО саммитінде Ердоған мен Трамптың бір-біріне ыстық ықылас білдіріп, шынайылықпен қол алысу АҚШ-та «Трамп Путинмен болғандай президент Ердоғанмен де тікелей байланысуға дайындалады» деп пайымдалды. Біздің ойымызша Трамп ‘Мемлекеттік мекемелер жасаған кедергілерге қарамастан Путинмен мұны жүзеге асырдым, Ердоғанмен неге болмасқа?’ деп ойлайтын сияқты. Бірақ Путин тақырыбында мемлекеттік мекемелерді елемеген Трамп Ердоғанға бірдей ұстаныммен жақындағанда АҚШ мемлекеті құрамындағы кейбір механизмдердің маңызды наразылығымен бетпе-бет қалуы мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар