Жаһандық перспектива - 31

Үшінші тұғырды, байсалды немесе салмақты тұғыр деп айтуға болады.

KÜRESEL PERSPEKTİF 31 (1).jpg

Жаһандық перспектива - 31

Соңғы 200 жылға қаралғанда Османлы мемлекетінің соңғы кезеңі мен Республика дәуірі заманауи ойшылдардың басты дау-дамай түйіндерінің бірі Батысқа байланысты тұғыр еді. Танзиматқа, Батыс мәдениетіне, Еуропа Одағына және соңғы кезеңдерде де жаһандануға байланысты түрлі түсініктер астында жүргізілген дау-дамай, әслінде Батысқа байланысты өзімізді қандай орынға қою туралы басты дау-дамайдың жалғасы болып табылады.

Османлының соңғы кезеңінде ойшылдардың батыс және батыс мәдениеті жөнінде негізінен үш түрлі көрқарастың пайда болғанын айта аламыз. Біріншісі бойсұнушы көзқарас. Бұл көзқарастың өкілі Ижтихад журналының иесі және журналист Абдуллах Жевдет болып табылады. Жевдеттің көзқарасы бойынша әлемде жалғыз бір мәдениет бар. Ол мәдениет-батыс мәдениеті. Батыс мәдениетін барлық қиыншылықтарға қарамастан қабылдауымыз керек. Өйтпеген жағдайда жоғалып кетеміз.

Екінші тұғырды қабылдамау көзқарас деп атауға болады. Бұл батысқа тән барлық нәрсеге қарсы шыққан және батысты барлық жамандықтардың қайнары ретінде қараған бір тұғыр.

Үшінші тұғырды, байсалды немесе салмақты тұғыр деп айтуға болады. Бұл тұғырда батыстың империализм ізденісін елемейді. Сонымен қатар бойсұну мен қабылдамау арасында байсалды бір тұғыр ұстанады. Бұл тұғырдың ең нақтылы дәлелі Бірінші Дүниежүзілік соғысы жылдарындағы Османлы уәзірі Саид Халим пашада айқын байқалуда. Пашаның көзқарасы бойынша соншалықты көп оқиғалар болуына қарамастан шығыс пен батыстың бірге өмір сүрулері, сондай-ақ бір-бірін жақсы танулары керек. Шығыс пен батыс арасындағы жауласудың тек батыстың ғана қылмысының болмағанын, шығыстың да кемшіліктерінің бар екенін алға тартуда. Паша «Таассуб» атты кітапты жазуындағы мақсатының осы екі қауым арасындағы кек пен дұшпандықты ушықтыру емес, бір-бірін тануы, өзара қарым-қатынастар ішінде болулары және көзқарас алмастыруы керектігін білдіру екенін баяндауда.

Бұл дау-дамай тарихта қалған бір дау-дамай емес. Бұл дау-дамай осы таңда да тіпті көп зиянын тигізуде. Жаһандану процес арқылы шығыстың, батыстың, солтүстіктің, оңтүстіктің географиялық және танымдық мағынада қай жерден басталып, қай жерде біткені бұрынғыдай айқын емес. Өйткені әлем қоян қолтық араласып кетті. Әлемде өз мәдениетін басқа мәдениетке араластырмай таза сақтауы өте қиын.

Осы таңда батыста миллиондаған мигрант және мұсылмандар өмір сүруде. Географиялық тұрғыдан батыс тысында өмір сүрген қауымдардың батысқа електеу талпыныстарын былай қойып, батыста өмір сүрген қауымдар жөнінде тоқталайық. Өйткені батыс қауымдары ішінде өмір сүріп жатқан мигранттар және мұсылмандар ақылы осы тақырыпты тіпті оңай түсінуге болады.

Осы таңда батыста өмір сүрген мигранттар мен мұсылмандар ішінде немесе Османлы зиялылары ішінде бойсұну және қабылдамау тұғырының кең қанат жайғанын көре аламыз. Жеңіліс психология арқылы адамдар бойсұну немесе қабылдамау тұғырына бет алуы мүмкін.

Австралия, Канада, АҚШ сынды елдерде түрлі куәлік және мәдениеттер басқа елдермен  салыстырғанда тіпті еркін өмір сүруде. Осы жағдайдың нәтижесі ретінде осы елдерде өмір сүрген мигранттар мен мұсылмандардың наразылықтары тіпті аз. Бәлкім осы себептен болса керек олар тіпті тез интеграция болуда. Еуропада болса қысым мен ассимиляция саясаты салдарынан бойсұну және қабылдамау тұғыры тіпті көп байқалуда. Осы елдерде өмір сүрген мигранттар мен мұсылмандар өз діни сенімдері мен мәдениетін қорғауға тырысуда, сондай-ақ ұлтшыл көзқарастары айқын болуда. Олар бойсұну және қабылдамау тұғырына бет алуда.

Қабылдамау тұрғысынан алғанда өз куәлігі және мәдениетін сақтауда. Батыс елдерінде олардың куәлігі және мәдениеттері табан тірей алмағаны үшін олар жалпы беттік қабылдамау тұғырын көрсетуде. Уақыт барысында олар өмір сүрген қауым тірлігінен ат-тонын ала қашады. Одан кейін ата мекеніне және өмір сүрген елдердегі қауымға үлес қосу әлеуетінен да айрылады. Олар бір талай жылдан кейін террор ұйымдары жағындағы топтарға араласып кетуі  мүмкін. Сондықтан Ауғанстан, Ирак, Ливия сынды батыс елдері тарапынан жауланған елдер тысында ДАИШ сынды террор ұйымдарына қатысуы мүмкін. Барлық нәрсеге қарсы шыққан, барлық нәрсені қабылдамаған бір психологиялық құлдырау ішінде батыстағы осы қауымдар үшін террор ұйымы бір құтқарушы секілді байқалады. Бұл қауымның жастары ағылшын тілін, неміс тілін және француз тілін жақсы игерген. Олардың кейбіреулері жақсы білім алған. Өз ана тілдер мен өз салт-дәстүрлерін де жақсы біледі. Егер осы білімдерін жақсы қолдана алатын болса, онда әрі ата мекендеріне, әрі өмір сүрген елдеріне үлес қоса алатын мықты азамат болушы еді. Олар қате жолға түсіп, террор ұйымдарына қатысып обал болып кетуде. Қабылдамаушылық жоғалып кету тысында, өмір сүрген қауым үшін ешбір пайдасы тимейді. Сондықтан қабылдамау тұғырына ие адамдарды кейбір батыс барлау ұйымдары да өз мүдделері үшін пайдалануда.


Этикеттер: Ирак , АҚШ

Ұқсас жаңалықтар