Трамптың евангелизм жүгі мен Түркия

Түрік сыртқы саясатының бағдары - 31

Трамптың евангелизм жүгі мен Түркия

АҚШ-тық дін қызметкері Андреу Брунсонның Түркияда қамауға алынуының артынан Дональд Трамп пен Майк Пенстің Түркияны санкциямен қорқытуы, АҚШ-тағы евангелизм шындығын тағы бір рет күн тәртібіне әкелді. Бүгінгі бағдарламада АҚШ әкімшілігіндегі евангелист лобия мен бұл лобияның Түркия-АҚШ ынтымақтастығына ықпалын қолға аламыз.

АҚШ-тық дін қызметкері Андреу Краиг Брунсон террор ұйымдары FETÖ мен PKK атынан қылмыс жасағаны себепті тыңшылықпен айыпталып, 2016 жылдан бері сот процесі түрмеде жалғасып келеді. Өткен күндері түрмеде Брунсонның денсаулығы бұзылғандықтан процесесін үй қамауында жалғастыруына шешім қабылданды. Осының артынан АҚШ-тың ең жоғарғы деңгейлі лауазымдылары Түркияны санкциялармен қорқыту мақсатты мәлімдемелер жасады. Алдымен АҚШ президентінің орынбасары Майк Пенс артынан президент Дональд Трамп Брунсон босатылмаған жағдайда, Түркияға ауқымды санкциялар жасалатыны жөнінде мәлімдеді. Брунсон евангелист бір миссионер. Сондықтан Брунсон оқиғасы саяси болғанына қоса «тео-саяси» бір құрылымға да ие. АҚШ әкімшілігі жаппай дауыс жинағандары эвангелисттердің  сұраныстары негізінде саясат жүргізеді.

Евангелисттер (қоғамда кең танылған атауымен христиан сионисттер) Майк Пенс және Ақ Үй әкімшілігі арқылы АҚШ әкімшілігінде мықты бір ықпал алаңына ие. Сандары АҚШ-та 20 миллионға ұласатын және 100 миллионға таяу адамға ықпал ету күшіне ие евангелисттер өткен жылдар бойы топырағын кеңейткен бір Израиль көру үшін миллиондаған доллар жұмсады. Ресей, Эфиопия және басқа көптеген елдегі миллиондаған еврейдің Израильге көшіне қолдау берді. Басқыншылық астындағы Палестина жеріне жаңа тұрғын құрылысы және көшпенділерді қоныстандыру үшін миллиондаған доллар бағыштады.

Өткен жылы Дан Хаммельдің Вашингтон Постта (Washington Post) тақырыппен байланысты тілге тиек еткендері аса маңызды. Хаммель «Пенстің сөздері Ақ Үйдің АҚШ-Израиль байланысын білдіргенде қолданған сөздері тарихи сабақтастықты көрсеткен сөйлемнен айтарлықтай ерекшеленеді» дейді. Пенс евангелисттердің Тәуратта көрегендік ретінде қабылданған хикаялармен Трампты көндіруге тырысқан жалғыз адам емес. Трамп әкімшілігіне үлкен ықпал ететін радикал евангелисттер бар.

Израильдегі радикал сионисттер мен евангелисттер үшін ең маңызды тақырып I-ші және II-ші еврей ғибадатханаларының қалдықтарын табу. Олар қалдықтардың Исламның ең қасиетті үшінші орны болған Акса мешітінің астында екенін алға тартады. Евангелист көзқарас жаңа ғибадатхананың бұл ежелгі үйінділердің үстіне құрылатынына сенеді. Евангелисттер мұның Тәураттағы көрегендікті жүзеге асыратынын алға тартады. Оларға қарағанда ғибадаттың құрылысы аяқтала салып, Әзірет Иса пайғамбардың/Мәсіхтің жер жүзіне қайта оралуы жүзеге асады.

АҚШ Иерусалимді Израильдің бас қаласы ретінде таныған кезде евангелисттер қатты қуанды. Осылайша Мәсіхті шақырып, Армагедонға (Мегиддо тауы-ғаламшардағы соңғы соғыс) дайындық жасайтындарын ойлай бастады. АҚШ әкімшілігінен де үздіксіз осыған ұқсас талаптар жасауда. Оларға қарағанда Иса Мәсіх оралып барлық бүліктерді қалпына келтіреді. Дәжжәлді және орыстарға да қатысы бар ізіне түскен жауыздарды өлтіріп, әлемнің королі ретінде мың жыл бойынша молшылық және бақытты өмір сүреді. Евангелистердің сеніміне қарағанда осылардың барлығы үшін Тәураттағы көрегендіктің жүзеге асуы керек: «Мәсіхтің ғаламшарға қайта оралуы үшін бұрынғы Израиль қайтадан бірігу керек және басқа діндерге сенуші кәпірлерден тазалануға тиісті». Осылардың барлығы ақылға қонбайтын тентектік болып естіліп отыр ма? Солай болса ғой! Әйтсе де евангелисттер Майк Пенс және басқа да саяси тұлғалардың тұғырын пайдалана отырып, АҚШ-қа одан көп ықпал ететін деңгейге ұласты.

Қорытып айтқанда, өзі мықты бір евангелист болмағанмен президент Трамп өзінің негізгі сайлаушылары ретінде қабылдаған бұл қауымды риза қылуға тырысады. Бірақ вице-президент Майк Пенс болса радикал бір евангелист. Дін қызметкері Брунсонға нанымы себепті мән беріп отыр. Трамп болса одан гөрі саяси себептермен Брунсонның босатылуы үшін күресуде. Осы жаңалықтардың барлығының 24 маусым күні болып өткен Брюссельдегі НАТО саммитінде Түркия Республикасы президенті Ердоған мен Трамп арасындағы шынайы кездесумен ұйқаспағаны белгілі. Сыбыстарға қарағанда, президент Трамп негізінде президент Ердоғанмен тікелей оңаша кездесіп, екі ел арасындағы мәселелерді шешкісі келеді. Бірақ Трамптың айналасында өте мықты бір евангелист-неосон (evanjelist-neocon/жаңа радикалдар) шеңбер бар. Олар тапқандары кезкелген мүмкіншілікті пайдалана отырып, Трамптың Ердоғанмен ынтымақтастық жасауына кедергі жасағысы келеді.

Басқа жағынан Брунсон оқиғасы және АҚШ пен Түркия арасында көптеген саладағы «құпия дағдарыс» ортаға шыға бастады. Түркия мен АҚШ арасында жалғасқан сенімсіздік атмосферасы және дағдарыс одан да тереңдеуі мүмкін. Осы тұрғыдан назар аударатын тағы бір деталь болса Трамптың мәлімдемесінің «BRICS» Мемлекет және үкімет басшылары саммитіне қатысу үшін барған Оңтүстік Африкада Ердоғанның Ресей және Қытай мемлекет басшыларымен кездесуінің дәл алдында жасалуы. Сондай-ақ Қазына және Қаржы министрі Берат Албайрактың Қытай қаржы фирмасынан қамтамасыз еткен 3,6 миллиард долларлық несие пакетінің де осы мәлімдемелерге ықпалын байқаусыз қалдырмаған жөн.

Қазіргі тұғырда Түркия мен АҚШ-тың бүгінгі мәселелерді шешу үшін жаңа кезеңдерге көшуі қиын емес. Әйтсе де бұл алғашқы қателігі емес. Бірақ Трамптың қорқытпақ болған сөйлемдері жалғасқан жағдайда, Түркияда 2003 жылы 4 шілде күнгі Сүлейманийе оқиғасының артынан артып жатқан анти-американ сезімталдығы одан да күшейетін болады. Қарашадағы сайлауға дейін Трамп әкімшілігінің евангелистік жүк пен қысымды бақылауға алуы керек. Әйтпесе, АҚШ-тың аймақтағы ең үлкен одақтасынан айырылу ықтималымен бетпе-бет қалуы мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар