Ахмед Шемседдин (Шемс-и Хүда)

Анатолының дана - ғұламалары 39

Ахмед Шемседдин (Шемс-и Хүда)

Кейбір өзендер кіші, бірақ тартымды болады. Асықпай ағады тастардың арасынан. Табиғат олармен көркейіп, рахаттанады. Алайда кейбір өзендер жағасына сыймайды. Бұл үлкен және мықты өзендер тек қана салқындық емес, табиғатқа жан да қосады. Бұлақтардан шыққан соң тармақталып, бір тіршілік ағашы сияқты әлемге жайылады.

Міне, даналардың әлемдегі әсерін де тек осылай түсіндіруге болады. Жақсы адамдар бізге азғантай салқындық берсе, Әмир Сұлтан, Сомунджу Баба, Пір Сұлтан Абдал сияқты дәруіштер жанымызға жан қосады. Бағдарламамызда апта сайын олардың бірін танытып, даналық бұлағынан тойғанша ішеміз.

Бүгінгі бағдарламамызда сіздерге ұстазы Хажы Байрам Велиден разылық алған соң даналық өзеніне айналған бір дәруішті, бурсалықтардың рухани тіршілігіне жүздеген жылдан бері жан қосқан Акбыйык Сұлтанды танытамыз.

Білімді адам ақшаға берілмейді. Өйткені бұл әлемге келу себебін жақсы біледі. Ол алдымен өзін тануға тырысады. Өйткені өзін таныған Раббыны да таниды. Бұл тақырыппен байланысты мағлұмат алатын адамдарды іздейді. Бар күшін өзін және әлемді тануға жұмсайды. Ақша осы тұрғыдан жай бір құрал болып табылады.

Ұстаз Әзірет Қажы Бекташ-ы Уәли бір күні сұхбатында шәкірттеріне мынаны түсіндірген. Мақсаты да олардың дүниемен көңіл байланысын үзу екен. «Дүниеден қашыңыз, шындыққа жақындағыңыз келсе» дейді. Дегенмен шәкірттерінің бірі ұстазына наразылық білдірген. Әлемнің де маңызды екенін, ғылым және әлем арасында бір теңдік құру керек екенін айтқан. Әзірет Қажы Байрам Уәлид оны сыпайылықпен есікке қарай шақырған: «Көңілінде әлем бар адамның бізбен шаруасы жоқ балам, ақыры әлемді тастамайды екенсің, онда бізді таста!».

Шәкірті амалсыз сыртқа шыққан. Ол сыртқа шыққан соң қаланың ең бай адамдарының біріне айналған.

Бай болған, дегенмен бұл жағдай оған тыныштық әкелмеген. Ішкі дүниесінде үздіксіз артып отырған бір мазасыздық пайда болып, осынан құтылу үшін ұстазының алдына қайта барудан басқа амал таппаған. Оның қасына барғанда түсінген ұстазының не демекші болғанын. Негізгі байлықтың жүректерде құлпырғанын және осы үшін де жүректегі әлем сүйіспеншілігінен толығымен құтылу керек екенін ұққан.

Осы жолы бар күшімен ұстазының ізінен жүрген және оның маңызды шәкірттерінің біріне айналған. Тапқан табысымен кедейлерді қуантқан және қайырымдылық жасаған бірі ретінде даңқы шыққан.

Міне, сіздерге таныстырылатын Әзірет Акбыйык Сұлтан осы хикаядағы шәкірттің дәл өзі.

Акбыйык Сұлтан 15-ші ғасырда өмір сүрген ұлы дәруіштердің және Бурсаның рухани сақшыларының бірі болып қабылданады. Негізгі аты Ахмед Шемседдин. Осы күнге жеткен аз ғана өлеңінде Шемс-и Хүда деген атты да қолданады.

Әзірет Қажы Байрам Уәлидден білім алған, оның қасында рухани ғылымдарда жетілген. Айтуға қарағанда нағыз қозғалыстың адамы болған. Мысалы оны Варна соғысы барысында майданның дәл ортасында көреміз. Әскерлерді ынталандыру үшін ортаға қойған қайратына баршаның назары қатты ауады. Осы арқылы Әзірет Акбыйык Сұлтан өз дәуірінің маңызды мемлекет қайраткерлері мен ғылым иелерімен танысуға мүмкіндік табады. Падиша ІІ. Мұраттың оған берген жері арқылы да бай бір тұлға болып танылады. Дегенмен айтқанымыздай осы байлықты ұстазынан алған рухани тәрбиеге лайықты түрде қайырымды жұмыстар үшін жұмсайды.

Әзірет Акбыйык Сұлтан Стамбұл жеңісінде де Акшемседдинмен бірге Фатих Сұлтан Мехметтің дәл қасында орын алады. Шайқас кезінде көңілдерді көтерген сөздері себепті жеңіске үлкен үлес қосады. Осы себепті Сұлтан Мехметтің өзі Аясофия төңірегіндегі бір жерге оның атын береді. Кейін болса оны қайтадан Бурса қаласында екенін байқаймыз. Өмірінің соңғы кездерінде даналық зекетін беру үшін шәкірт тәрбиелеуге тырысады. Әзірет Акбыйык Сұлтан жомарттығы, еңбекқорлығы және таза жүрегімен дүниеге көз жұмғаннан кейін де рухани сақшылардың бірі ретінде қабылданды. Оның аты әрі Стамбұлда, әрі Бурсада өзінің атымен аталған мешіт пен көшелерден мәңгі өшпейді.

Сол кезде көрдім жүзіңді,

Диуанамын, диуанамын.

Сұлулығың күйдірді мені

Пәруанамын, пәруанамын.

Әзірет Акбыйык Сұлтан ұстазы Қажы Байрам Уәлиддің сабақтарын осындай өлеңдерімен біздерге жеткізеді. Біз де осы арқылы жүздеген жылдар өтсе де, бұл сабақ алқабына қосыламыз. Жазған әр өлең жолы Аллаға деген керемет махаббаттың іздерін бойына сіңіреді. Ол да әр дәруіш сияқты жүрегі таза диуанаға ұқсайды. Хақты зікір етіп, атын атаған сайын, оны есі мен жүрегіне алған сайын  шабыты еселей арта түседі. Дәруіш жарыққа қарай қанат қағудан және ол жарықта еріп кетуден басқа нәрсені ойламайды. Басқаны ойласа оған дәруіш делінбес еді. Міне, осылай есінен танған күйдің аты махаббат, Акбыйык Сұлтанға қарағанда:

Мен махаббат шарабын берушімін,

Сол махаббат иесіне берілгенмін,

Кел, ішкізейін махаббат дәмінен,

Мен шарапхананың өзімін.

 

Сені біліп, оны таптым,

Жанымды беріп, ризашылығын алдым.

Болмысымды, рухымды бердім,

Кім екенімді үйреніп, өзімді таптым.

Махаббат - бір сауда. Дегенмен біз білетін саудаға ұқсамайды. Алып, сату жұмысы емес. Шексіз беру және еш нәрсе сұрамау деген сөз. Бұл түсінік өмірін мүдделеріне арнаған замандас адамға сәл қарама-қайшы болуы мүмкін. Дегенмен махаббаттың өзі шексіз беруге сүйенеді.

Бірақ неліктен? Неге адам бұлай жасайды? Неге әр нәрсені берсін?

Өйткені құпия осында жатыр: Адам махаббатта берген сайын жеңіске жетеді. Құдайға берілген адам күн өткен сайын жүрегінде білім дәндерінің гүлденгенін сезеді. Басқа нәрселерді жүрегінен тастаған сайын ішінде мәңгі бір махаббат бәйтерегінің өскенін байқайды. Міне осы адам үшін басқа ешбір нәрсемен салыстырылмайтын бір сыйлыққа айналады. Замандас адамның түсінуі үшін мынадай түсіндірейік: Теңдесі жоқ бір табыс, мүдде, қосымша құндылық...

Ақиқат теңізінде сүңгірмін,

Таптым мен ол теңізді.

Мұхитқа тастадым өзімді,

Енді мен інжу-маржанмын.



Ұқсас жаңалықтар