Түркия-Германия ынтымақтастығында жақсарудың белгілері

Түрік сыртқы саясатының бағдары 39

Түркия-Германия ынтымақтастығында жақсарудың белгілері

Түркия тұрғысынан Германиямен қарым-қатынастар соңғы бірнеше жылда бұрын-соңды болмағандай нашарлаған еді. Өткеннен бүгінге екі ел арасында басшылар деңгейіне көтерілген дағдарыстар кейде анық байқалса да, ұзақ мерзімді және жүйелі бір ортада соңғы үш жылдағыдай болмаған еді.

Неміс «Der Spiegel» журналында Неміс федеральдық барлау ұйымы «BND»-нің 2009 жылдан бері Түркияның ең жоғарғы деңгейдегі басшыларының телефондарын тыңдауы жайлы хабар тараған соң ынтымақтастық одан да нашарлай бастады. Жалғасында 2016 жылы неміс комедиант Jan Böhmermann-ға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды сөзбен қорлаған өлеңі үшін неміс мекемелер тергеу ашпады. Керісінше сөз еркіндігін алға тартып қорғауы дағдарыстың алғашқы белгілерінің бірі болды. Осыдан бірнеше ай өткен соң Неміс Федеральдық Мәжілісінде армян қауесеттерін таныған заң жобасының қабылдануымен дипломатиялық қарым-қатынастарға маңызды мөлшерде зиян келді. Анкараның дипломатиялық наразылық ретінде сол аптаның ішінде Неміс Қорғаныс Министрінің Инжирлик әскери әуе базасына бару талабы қабылданбады және осы жаңалық халықаралық медиада кең орын алды. Неміс үкіметі тарапынан Федеральдық мәжіліс шешімінің бағыныштылығы жоқ екені атап көрсетілсе де, дағдарыстың бағыты өзгере бастады.

Германия түсініксіз түрде Түркияның PKK және FETÖ террор ұйымдарымен күресінде Анкараға қарсы барлық қадамдарды басты. Аталмыш террор ұйымының мүшелерін еліне қабылдап, ұстап беру және соттау сұраныстарын кері қайтарды. Түркияның осы террор ұйымдарымен күресінде бұрыннан бері жағымсыз ұстанымымен белгілі Берлиннің Түркияға қарсы операцияларын жасыруға тырыспауы назар аударарлықтай еді.

Осы кезеңде Берлин Түркияда жасалған (2016 жылы 15 шілде күнгі) төңкеріс бастамасын айыптауда өте көңілсіз қозғалды. Төңкерісте рол алғандарды себепсіз кері қайтармай, паналатты. Осы жағдай Берлин үкіметінің Әділет және Өркендеу партиясы билігін нысанаға алған жағымсыз күресі сияқты көрінді. Әйтсе де, төңкеріс әрекетінің дәл артынан сол елді паналаған және Германияда рұқсатсыз тұратын түрік сыртқы істері мен армияның бұрынғы қызметкерлер санының 900-ге ұласқанына қарамастан кері қайтармағаны тіркелді. Түркияның маңызды қауіпсіздік мәселелерімен қатысы бар террористерді ұстап беруіне қарамастан неміс әділет мекемелері саяси ұстаныммен қозғалып, Түркияның оппозицияны қысыммен езуге тырысқанын және Интерполды осы мақсатпен өз мүддесіне қолданғанын алға тартады.

2016 жылы шілде айында осы жолы Түркия президенті Ердоғанның Германиядағы түріктермен телеконференция арқылы сайлау митингі сұранысына рұқсат бермеуі екі жақты ынтымақтастықтағы мәселені тағы бір рет ортаға қойды.

Неміс мекемелері Түркияның террормен күресінде адам құқықтарының шектелгенін және демократиялық ережелерге жеткілікті мөлшерде мән бермегенін алға тартады. Бұл қауесетке қарсы Германияда өмір сүрген түріктерге қарсы нәсілшіл және бөлшектеуші әрекеттерге қарсы неміс мемлекетінің шара қабылдамауы, қауіпсіздік және сот мекемелері тарапынан тергеулердің жасырылуы не неміс баспасөзінде не болмаса халықаралық медиада жеткілікті мөлшерде «антидемократиялық» болып есептелмейді!

Әсіресе түрік азаматтарын қыруға бағытталған және өткенде қорытындысы жарияланған NSU нәсілшілдік соты болса бастан аяқ құқықтың тапталуына сахна болды. Ондаған түрікке қастандық ұйымдастыруы, қырғындардың неміс мемлекеті құрамында нацист бір топтың қолдауымен жасалғаны айқын байқалса да, бірнеше төмен мәртебелі қызметкерден басқа ешкім жазаланбады және ұйымдасқан құрылым ортаға шығарылмады. Осы жағдай күдіктілерді Берлин үкіметінің қорғағаны жайлы қауесеттерді күшейтуде.

Барлық осы проблемалы саясатты тоқтатқан жаңалық АҚШ-тың екі елмен мәселелі дағдарысы болды. АҚШ президенті Дональд Трамптың Германия мен Түркияға бағытталған экономикалық және қауіпсіздік негізінде мазалаған ұстанымдары Анкара мен Берлиннің жақындасуына ықпал етті. Әсіресе Түркияда басталған шетел валютасынан пайда болған экономикалық шайқалыстың, банк саласының Еуропаға бірінен соң бірі ықпал етуі, Германияның Түркияны жақтаушы тұғырға көшуіне себеп болды. Осы оқиғалар екеуі де НАТО-ға мүше бұл елдердің АҚШ тарапынан бұрынғы одақтастық уәделерін қайта ойлануға итермелеген бір кезеңде одан жақын бір ортада бас қосу қажеттілігін туғызды.

Осының соңғы мысалы Неміс Қаржы министрі Олаф Шолцтың француз әріптесімен Түркияға бағытталған іс-сапарында байқалды. Келіссөздерде елдер арасындағы сауда ынтымақтастығын жетілдіру және шетел валютасынан туындаған шайқалыстар кезінде Германияның Түркияның экономикалық тұрақтылығын қорғау жөніндегі ұстанымын қайтадан ортаға қоюы болды. Осыған ұқсас бір жаңалық ретінде өткен апта Түркия Республикасы президенттік аппаратының баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын қонақжайлық жасаған неміс, француз және орыс саяси өкілдері қатысқан Идлибтің келешегі тақырыпты бір жиналыс та Стамбұлда болып өтті. Идлибке жасалуы ықтимал бір операциямен басталатын бір босқын көш толқыны Германияны алаңдатқан мәселелердің басында келеді.

Түркияның Еуропадағы бұрынғы одақтастарының бірі ретінде Германиямен терең тарихы, саяси, экономикалық, әскери және гуманитарлық тұғыры болған көп тұсты қарым-қатынастары бар. Ынтымақтастықтар көптеген шекаралас елге қарағанда тығыз. Жоғары деңгейлі екі жақты сапарларға қоса, техникалық деңгейдегі байланыстар әдеттегідей рет-ретімен жалғасуда. Екі жақты қарым-қатынастар осыншама етене сіңіп, көп тұсты жалғасуы әрі мүмкіншіліктерге, әрі кейбір шектеулерге жол ашады. Мәселелердің шешімі мен ынтымақтасты бұрынғы қалпына келтірілуі үшін келіссөз каналдарын ашық тұту керек. Соңғы күндері «ортақ қауіптерді» қабылдау екі ел қарым-қатынастарында болымды бір атмосфераға айналып, Түркия тарапынан Еуроодақ мүшелік кезеңіне қайта жылы қарау жолдамаларының жасалуына жағдай жасады. Артып отырған сыртқы саяси қауіптер Берлиннің Түркияға бағыттап одан нәзік саясат жүргізуін қажетті қылады.



Ұқсас жаңалықтар