Сочи келісімі өте маңызды

Күн тәртібі-40

Сочи келісімі өте маңызды

 

Соңғы кезеңде күн тәртіпте орын алған Идлиб мәселесі Сочидегі саммитте жасалған келісімнің нәтижесінде шешілуі мүмкін. Мәселені шешуге ұмтылу жұмыстарының өзі маңызды үміт болып табылады. Идлибте 3,5 миллион халық өмір сүруде. Идлибте режим шабуылынан қорғау және қазіргі жағдайды сақтап қалу өте маңызды. Түркияның талпыныстары және табанды тұғырының арқасында Идлибке бағытталған болуы мүмкін бір әскери операция тоқтатылды.

Түркия мен Ресей арасында жасалған келісім нәтижесінде Идлибтегі шеп желісі бойынша 15-20 километр кеңестікте бір қарусыздандырылу аймағы құрылатын болды. Осы аяда әрі оппозиционерлердің, әрі де режимнің ауыр қарулары тазаланады. Сонымен қатар террор ұйымдары сол аймақтан шығарылады. Стратегиялық маңызға ие Латакия мен Дамаскты Халепке жалғаған M4 және  M5 автожолдары қайтадан халықтың қолданылуы үшін ашылады. Түркия мен Ресей арасында Сочиде қол қойылған келісімінің атқарылуында кейбір кедергілер бар.

Ресейдің жауапкершілігіндегі ең маңызды мәселе--Иран қолдауындағы шиіт сарбаздары. Мысалы Иранның Сочидегі саммитте орын алмауы Сочи келісімінің атқарылуында Иранның кедергісіне ұшырауы мүмкін. Иран және Асад режимі ресми түрде Сочи келісімін қолдайтынын жариялағанымен әрі Иранның, әрі Асад режимінің Идлиб тақырыбында сезгір екені баршаға аян. Сондықтан Ресей келісімнің жүзеге асырылуы үшін Иран қолдауындағы шиіт сарбаздарын көндіруі керек.

Сочи келісімінен кейін режим аймағынан оппозиционерлердің бақылауы астындағы аймақтарға анда-санда оқ жаудыруы және режимнің Идлиб шеп желісіне жинаған әскерлерін шегермеуі Ресейдің белгілі деңгейде қиналғанын көрсетуде.

Түркия тұрғысынан алғанда Сочи келісімінің атқарылуының алдындағы тосқауыл аймақтағы актерлердің Түркиямен үйлесімді түрде әрекет жасап жасамауы болып табылады. Идлиб аймағындағы ең үлкен әскери күш болған және Түркия тарабынан да қолдау көрсетілген Халықаралық еркіндік шебінің баяндамасы мен Сочи келісімі өте маңызды. Осы баяндама мен келісім арқылы екі жақ та Түркиямен бірге әрекет етуге дайын екенін білдіруде. Алайда Түркия Ресейге, Иранға және Сирия режиміне сенбегендерін пайымдаған болатын.

Түркия тұрғысынан Сочи келісімінің атқарылуының алдындағы тағы бір кедергі болса аймақтағы радикал ұйымдар. Әслінде Идлиб аймағындағы радикал ұйымдарды екі басты категорияда қолға алуға болады. Бірінші категорияны Хейет Тахрир әл-Шам құраса, екінші категория әртүрлі радикал топтардан құралады. Хейет Тахрир әл-Шамның Идлиб аймағында жай халықтың сүйіспеншілігіне ие болуы үшін ұстанған саясатын жалғастырылуы күтілуде. Сонымен қатар Хейет Тахрир әл-Шам  өз идеологиялық мүдделері мен байсалды оппозициялар және Түркия арасында бір тепе-теңдік саясат жүргізуге тырысуда. Мысалы Хейет Тахрир әл-Шамның Сочи келісімі жөніндегі шешімдерін жариялауы өте маңызды. Сочи келісімінің жүзеге асырылуы үшін Хейет Тахрир әл-Шам  қарусыздандырылған аймақты тастап кетуге көнуі мүмкін.

Алайда Хуррас Әд-Дин сынды тіпті радикал және тікелей Әл-Қайдаға қарасты жүйелер болса Сочи келісімін қабылдамағанын ашық баяндаған. Осы тұрғыдан алғанда Түркия өзіне жылы қарайтын топтармен бірге осындай радикал ұйымдарға қарсы қажетті қадам басуы шарт.

Сирияның маңызды бір бөлімі ДАИШ және PKK/YPG сынды террор күштерінен тазаланған Түркияның Сочи келісімі аясында және өз ұлттық мүдделері шеңберінде Идлиб аймағын ортақ және ұзақ мерзімде террор күштерінен тазалануды күтуде.


Этикеттер: Иран , Сирия , Ресей , Сочи

Ұқсас жаңалықтар