Түрік Кеңесінің кеңею кезеңі

Түрік сыртқы саясатының бағдары - 40

kırgızistan toplantı5.jpg
Kırgızistan-3
kırgızistan toplantı3.jpg

2018 жылы 3 қыркүйек күні Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің (Түрік Кеңесі) VI. Мемлекет басшылары саммиті жүзеге асты. Саммит «Жастар, ынтымақтастық және ұлттық спорт» тақырыбымен болып өтті. Саммитке Қырғызстан Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков қонақжайлық жасады. Саммитке Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған, Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Әзірбайжан Республикасы президенті Ильхам Алиев қатысты. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан болса саммиттің құрметті қонағы ретінде орын алды.

Қырғи қабақ соғыстың аяқталуымен басталған бір өзгеріс және жаңару кезеңіне кірген халықаралық жүйе осы өзгеріс пен жаңалықтың қай бағытта болатынын толық анықтай алмайды. Бірақ кейбір бастамалардың жақын келешекте маңызды болатыны ортаға шығады. Капитал қозғалыстары, сауда-саттық жұмыстар және технологиялық жаңалықтар ұлт-үстілік (supranasyonel) бір ерекшелікке көшіп тарайды. Осы тарау мен тығыздану шекарадан тыс мүдделес топтар мен әртүрлі ұлттарға мүше тұлғаларды бір-біріне мүдделік тұғырда байланыстырады. Осы тұрғыдан Түрік Кеңесі әртүрлі тұстарымен назар аударарлық маңызды бір құрылым.

Түрік Кеңесі түркітілдес мемлекеттер арасында ауқымды ынтымақтастықты ынталандыру мақсатымен халықаралық бір ұйым ретінде 2009 жылы құрылды. Түрік кеңесінің құрушы мүшелері Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан және Қырғызстан болып табылады. Түрікменстан «тұрақты бейтарап мемлекет» ережесі, Өзбекстан болса кейбір саяси тартыншақтық себепті Кеңеске мүше болмады. Бірақ Өзбекстанның жаңа президенті Шавкат Мирзиеев Түрік Кеңесіне жақындық танытып отыр. Сондықтан Өзбекстан жақын келешекте Түрік Кеңесіне мүше ретінде қосылуы мүмкін деп ойлаймын. Өзбекстанның Түрік Кеңесіне мүшелікке ниет білдіруі әрі Түрік Кеңесінің кеңеюі, әрі Өзбекстанның Түркі әлемімен интеграциясын жетілдіруі үшін маңызды бір қадам болып табылады. Әсіресе Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Түркиямен екі жақты ынтымақтастығын күшейтуге тырысқан Өзбекстанның қысқа мерзімде Түрік Кеңесіне мүшелігі мүмкін боп көрінеді. Еуроодақ мүшесі ретінде Венгрияға бақылаушы ел мәртебесінің берілуі Түрік Кеңесінің аймақтық және жаһандық маңызын арттыруға үлес қосады. Сондай-ақ саммитте Түрік Кеңесінің Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бақылаушы мәртебе алу талабына қолдау беруге шешім қабылданды. Осы шешім назарға алынғанда алдағы кезеңде Түрік Кеңесі мүшелік ықтималы мен бақылаушылық жұмыстарына мән беру керек. Сондықтан VI. Саммит Түрік Кеңесінің кеңеюі және Түркі әлемімен интеграциясы тұрғысынан үлкен маңызға ие.

Түрік Кеңесінің кезекті төрағалық мінденті Қазақстаннан Қырғызстанға өткен осы саммитте Түрік Кеңесінің 2014-2018 жылдары арасындағы жұмыстары мазмұндалып, болашаққа бағыттап маңызды табыстарға қол жеткізу мақсатты жаңа шешімдер қабылданды.

Саммиттің соңында тараптар Чолпон-Ата декларациясы мен Венгрияға бақылаушы мүше мәртебесі беру шешіміне қол қойды. Сондай-ақ «Түркітілдес мемлекеттердің Интеграциялық ұғым құжаты» Түрік Кеңесінің БҰҰ алдында бақылаушы мәртебесін алу талпыныстарын күшейту шешімі және жастар мен ұлттық спорттар саласында ынтымақтастықты жетілдіруге бағытталған Ортақ декларация қабылданды. Саммитте сондай-ақ президенттердің ортақ шешімімен Түрік Кеңесі бас хатшылық міндетіне Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы өкілетті елшісі Бағдат Әміреев, Түрік Кеңесі бас хатшы орынбасары міндетіне Өмер Коджаман және Түрік Академиясы төрағалығы міндетіне Дархан Қыдырәлі қайтадан тағайындалды.

Саммитте Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанның мүше мемлекеттер арасында екі жақты сауда-саттық жұмыстарда ұлттық валюталарды қолдану ұсынысы қатты назар аударды. Жаһандық және аймақтық геосаяси бәсекелестік артқан, экономикалық санкциялар мен сауда-саттық соғыстар шоғырланған бір кезеңде жасалған осы ұсыныс бүкіл мүше мемлекеттер үшін маңызды екенін айта аламыз. Әйтсе де соңғы жылдары мұнай бағаларының арзандауы және жаһандық экономикалық жағдайдың ықпалымен Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның ұлттық валюталары АҚШ доллары алдында маңызды мөлшерде құнын жоғалтты.

Саммитте Қазақстан Республикасы президенті Назарбаев ұсынған «Түрік дүниесінің 100 жаңа тұлғасы» және «Түрік дүниесінің қасиетті орындары» жобалары әрі түркі халықтарының, әрі түркітілдес елдердің тарихи байланысы мен бірлігін нығайтуға, сондай-ақ түркі халықтарының ортақ мәдениетін әлемге танытуға маңызды үлес қосады. Аталмыш жобалар Түрік Кеңесі тарапынан іске қосылған «Заманауи Жібек Жолы ортақ тур пакеті» жобасымен біріктірілгенде, мүше мемлекеттердің барлығының туризм саласын жетілдіруіне ықпал ететіні сөзсіз.

Саммитте Түрік Кеңесі 7-ші саммитіне ұсынылатын «Түркітілдес мемлекеттердің Интеграциялық ұғым құжаты» шешімінің қабылдануы аса маңызды. Осылайша әрі Түрік дүниесінің, әрі Түрік Кеңесінің ынтымақтастығы тақырыбында маңызды қадамдар басылады. Сондай-ақ Түрік Кеңесінің жаһандық және аймақтық ықпалдылығын арттыру мақсатты әрі ұйым, әрі мүше мемлекеттердің ұйымға қатысты қысқа және ұзақ мерзімді стратегиялық шешімдері мен жоспарларын жасауға тиісті.

Осы саммитте түркітілдес мемлекеттер арасында саяси, әлеуметтік-мәдени, сауда-саттық және экономикалық ынтымақтастық жетілдірумен байланысты көптеген шешім қабылданды. Осыларға қоса саммитті Түрік Кеңесінің болашағы тұрғысынан тарихи бір саммит болды деуге болады. Түрік Кеңесі көптеген үкіметаралық мәдени және ынтымақтастық ұйымдарын ұйымдастыруға жауапты шаңырақ мекеме ретінде экономикалық және энергия күші тұрғысынан Еуроодақ іспеттес бір құрылымға айналу мүмкіншілігіне ие. Бірақ мүше елдердің қазіргі экономикалық, саяси күші мен жаһандық коньюнктураға орай мұны ұзақ мерзімді бір нысана ретінде бағалау керек.



Ұқсас жаңалықтар