Әзірет Шейх Иса Сарухани (Акхисарлық Мәждүдүддин Иса)

Анатолының дана - ғұламалары 40

Әзірет Шейх Иса Сарухани (Акхисарлық Мәждүдүддин Иса)

Әр адам өзінен кейін бұл әлемге мұра қалдырғысы келеді. Кейбірі бір өнер туындысын, кейбірлері үлкен бір жеңісті, кейбіреулері үлкен даңқ, кейбіреулер де бір ұрпақ.

Ал кейбіреулер «Дүние» деген шаңырақта еш нәрсенің мәңгі емес екенін біледі. Сондықтан тек қана жақсы бір әуен қалдыру арманы. Сол әуеннің жаңғырықтары бәлкім бір құлақта естіліп қалар, бәлкім де ұнап қалар, жүректерді рахаттандырар. Барша үшін өткінші бұл әлемде бұл аз нәрсе емес.

Мұндай бір мақсаттың ізіне түскендер әлемге ұнамды қарап, ұнамды сөздер сөйлейді. Ешкімді қақсатпай, дегенмен өзін де ренішке қалдырмай өмір сүреді. Олардың бұл ұстанымдарына «мискиндік» (жалқаулық) деушілер бар ғой, оны да шын жүректерімен қабылдайды. Дәруіш Юнус айтқандай олар көңілсіз дәруіштер, әлем үшін дерттенбейтін «мискиндер» болып табылады.

Олар - Анатолы дәруіштері. Әлемнің бар қиыншылығына күлімсіреп қарайды. Ішкі дүниелеріне сіңіріп, ішкі дүниелерде өседі. Бұл себепті бір шығарма қалдырса да, қалдырмаса да көңілдерде әрқашан жақсы әуендері естіледі.

Міне, біздің бағдарламамыз да осы жақсы әуендердің иелерін танытқан бір галереяға ұқсайды.

Бүгінгі бағдарламамызда сіздерге Акхисардың саяхатшы шейхі Әзірет Иса Саруханиді таныстырамыз.

Әзірет Шейх Иса Сарухани 15-ші ғасырдың орталарында Акхисарда дүниеге танылған. Алғашқы есімі Мәждүдүддин, акхисарлық Мәждүдүддин Иса деп те білінеді. Отбасы маңызды жанұялардан келгені себепті өте жақсы білім алады. Жастық шағында діни және рухани ғылымдарда жетілу мақсатты сопылық жолын таңдайды. Әзірет Хажы Байрам-ы Велидің сопылық мектебіне кіреді. Бұл жолдың ұстазынан сабақтар алған соң оған білімін аяқтағаны және өз бағытын таңдау керек екені айтылады. Дегенмен ол басқа бір ұстаздың қасында сопылықтың шегі жоқ бір мұхит және жарыққа шығарылуды күткен көптеген інжу-маржанға толы екенін байқайды. Және акхисарлық жас дәруіш Иса үйренетін әлі көп нәрсе бар екенін түсінеді. Қайтадан жолға аттанады. Жүрегіндегі толықпаған, жартылай тұрған руханиятты табуға шығады. Осы жолы барша дұрыс. Енді бір шәкірт ретінде орындауға тиісті міндеттерін орындап, кезек ұстаз ретінде кіретін жолға келеді.

Өз айтқандарына қарағанда шәкірттігі мен ұстаздығы бойынша Сирия, Ирак, Иран, Палестина, Сауд Арабиясы, Мысыр және Оңтүстік Анатолының көптеген қаласын аралап, адамдарға ақиқат пен туралықтың құпиясын түсіндіреді.

Ол өмірінің соңына дейін ғылымның ізіне түскен бір саяхатшы дәруіш болды.

Бір заманда Акхисарға қайта оралған Әзірет Шейх Иса Саруханидің соңғы аялдамасы да осы жер болған. Акхисарлықтардың оны жақсы көргені және ол келгенде қуанғандары соншалықты қазірдің өзінде 550 жыл бұрын қалаға келген күнін бір мереке сияқты атап тойлайды.

Әзірет Шейх Иса Сарухани мұра ретінде жазбаша бір шығарма қалдырған жоқ. Дегенмен өзі де бір сопылық данасы болған баласы Әзірет Ильяс Сарухани әкесінің ойларын қамтыған бір шығарма жазды. Қазіргі күні замандас түрде басылып шыққан бұл кітап Әзірет Шейх Саруханиден қалған жақсы бір әуен сияқты.

 

Алла десем айып емес,

Алла деген дәруіштерге.

Момынның көңілі тар емес,

Сенен басқа жар болмасын.

 

Әзірет Шейх Мәждүддин Иса шәкірттерімен сұхбатында осы өлеңді оқығанды жақсы көретін. Өйткені оның жүздеген шақырымдық ұлы саяхатында дорбасына толтырған ғылымның аты - махаббат. Таяу шығыстың бірталай ғылым орталығында даналардан махаббаттың әліпбиін үйренді, шәкірттеріне де осы әліпбидің әуенімен үн қатты.

Әзірет Шейх Мәждүддин Иса тіршіліктің құпиясын да махаббатпен байланыстырды. Ғаламда тіршіліктің басталуын жаратушының рақымшылығымен түсіндіретін.

Оған қарағанда, мына әлсіз адам тәніне берілген жанда бір керемет жасырулы. Анатолы дәруіштерінің барлығында болғандай «жан» киелі махаббаттың бір самалы еді.

 

Сұлтанымыз сұбханымыз

Жан тәнінен айырылады.

Рақымшылығынан келеді жанымыз,

Айырма дос иманымыздан.

 

Махаббат иелері көкіректік не екенін білмейді. Керісінше жақсы көргендеріне лайық еместіктерін ойлап, әрқашан бастарын иіп жүреді. Міне дәруіштердің жағдайлары осындай. Күні түні тілдерінде Алла сүйіспеншілігі болады. Дегенмен оның махаббатына лайық сияқты қозғалған жалғыз бір дәруіш табылмас. Өйткені бұл Аллаға қарсы көкіректікке жатады, есуастық деген мағынаға келеді. Адам кемшіліктері бар екенін қабылдап, бірақ ең абыройлы болмыс ретінде бағытын ұлыққа айналдырып кешірім сұрауға тиісті.

 

Бейшара жүзім қара,

Әйтпесе тәңірім саған,

Өте көңілден тәубе қылайын,

Құзыретіңе солай барайын.

 

Шебер жібін қолында ұстайтын ұлылардың саны көп емес. Өйткені шебер жібін ұстайтын әр саусақ өзгеше қабілетке ие болуға тиісті және бұл онша оңай емес. Адамдардың көпшілігінің рухани күші бұған жеткіліксіз.

Әзірет Шейх Иса Сарухани сияқты Анатолы дәруіштері болса көптеген жауапкершілікті бірге көтерген шебер тұлғалар. Бір жақтан рухани нәзіктікпен шұғылданса да, басқа жақтан дүнияуи жауапкершіліктерді көтереді. Дегенмен екеуін де бір тұғырда ұстай алғандықтан оларға мұндай нәрселер ауыр келмейді.

Осы жағдайларымен айналасындағы адамдарға да үлгі болуға тырысады. Өйткені ең жақсы үйрену әдісінің ұстанымдармен көрсету екенін біледі. Бұрынғы сөзбен айтқанда «лисан-ы хал» арқылы үйрену деген нәрсе осы.

Шейх Сарухани бұл тұрғыдан шәкірттеріне және оны жақсы көргендерге бір жақтан ғылым үйретіп, бір жақтан да олардың мәселелерін шешу үшін қолдан келгенді жасаған. Есігіне келгендерді кері қайтармаған, оларды мәселелерінен құтқару үшін әдістер іздеген.

Шейх Иса - өзін бір үйге қамамай, ғылымның артынан ел аралаған бір тұлға. Сондай-ақ киелі махаббат жолында қашықтықтардан асқан бір дәруіш болып табылады. Дегенмен бұл ерекшелігі оның ешқашан тіршіліктен байланысын үзуге себеп болмаған. Шәкірттерімен және жанұясымен қарым-қатынастары бұл жағдайдың нақты көрсеткіші. Ерекше тәрбиелеген баласы Ильяс өмір сүрген кезеңнің ең маңызды ғұламаларының бірі болған.

Шәкірттеріне де әрқашан ғылым мен мамандық иесі болуларын насихаттаған. Оларға ғылым үйрену арқылы тіршіліктің тура жолы таба алатындарын айтқан. Бірақ осыған қоса мамандық иесі болу керек екенін де ұмытпаған. Өйткені басқаларға мұқтаж болмай өмір сүру адам абыройы үшін қажеттілік болып табылады.

Әзірет Шейх Сарухани жаратылғандардың ең абыройлысы болған адамның киелі махаббатқа қарай жүруі үшін алдымен осы ерекшеліктің хақын беру керек екенін біледі және бұған мән беріп үгіттейді.



Ұқсас жаңалықтар