Сирияда өткен кезеңде бірқатар маңызды оқиға болды

Күн тәртібі-42

Сирияда өткен кезеңде бірқатар маңызды оқиға болды

 

Сирияда өткен кезеңде бірқатар маңызды оқиға болды. Асад режимінің Ресей және Иран қолдауымен Идлибке жасалуы мүмкін шабуылы Түркияның табынды тұғырымен тосылды. Сочи саммитінде Түркия мен Ресей арасында келісім жасалды. Сочи келісімі 3 миллион халық өмір сүрген Идлибке жасалуы мүмкін бір шабуыл және адамдық трагедияны болдырмады. Ресей мен Түркия тараптарға белгілі жауапкершілік жүктеді. Келісімде белгіленгендей 15-20 километрлік аумақта қарусыздандырылған аймақ құрылады. M4 мен M5 автожолдары еркін саудаға ашылады. Түрік және орыс әскери жасақтары аралап бақылау жүргізеді. Тағы бір маңызды оқиға болса орыс Ил-20 ұшақтарының Израильдің әуе шабуылдары барысында жаңсақтықпен Асад режимінің әуе қорғаныс жүйелері тарапынан құлатылуы еді. Ресей ұшағының құлатылуынан Израиль жауапкершілікке тартылса, ал Израиль Асад режимін айыптады. Болған оқиғаларға наразылық ретінде Ресей Асад режиміне S-300 әуе қорғаныс жүйелерін тапсырып берді.

 Түркия мен Ресей арасында жасалған Сочи келісімінің Идлиб аймағында жүзеге асырылуы тақырыбында Түркия мен Ресейге үлкен міндет жүктелуде. Келісімнің атқарылуында Түркия тұрғысынан рисктер және қиыншылықтар бар. Енді бір жағынан Сочи келісімінің жүзеге асырылуы түйінінде Түркияның қолында көптеген мүмкіндіктері бар.Түркия үшін ең маңызды риск пен қиыншылық Идлиб аймағында радикал ұйымдар орын алуы. Сочи келісімінде белгіленгендей қарусыздандыру барысында аймақтағы Хейет Тахрир Уш Шам (HTŞ) сынды радикал ұйымдардың көзін жою. Бұны жүзеге асыру үшін Түркия бір жағынан қажетті қадамдар басып, өзіне жақын Сирия оппозициялары арқылы қысым жасауы керек.

Сочи келісімі бойынша қарусыздандырылған аймақтан Сирия оппозицияларының ауыр қару-жарақтары Идлибтің ішкі аймағына қарай шегерілуі керек. Мысалы Түркия лауазым иелерінің талпынысымен Сирия оппозициясы шеп желісінен танк, зымыран және зеңбіректерін Идлибтің ішкі аймақтарына шегерген еді. Алайда мүмкін бір шабуылға қарсы құрылған қорғаныс желістердегі әскери жасақтар міндет атқаруда. Жеңіл және орта қашықтыққа ататын қару-жарақтармен қатар 23-mm  және 57-mm қарулары да қарусыздандырылған аймақта орын алуда. Осы тұрғыдан алғанда қарусыздандырылған аймақты әслінде ауыр қару-жарақтардан тазаланды деп айту тіпті дұрыс болар.

Ресей мен Түркия арасында қол қойылған Сочи келісімінен кейін Идлибке бағыталған әуе операциялары аяқталды және жай халықтардың күнделікті тұрмысы қалыпқа түсті. Әсіресе, Солтүстік Хама ауылдарына көшкен 60 мың төңірегіндегі адам қайтадан үйлеріне орала бастады. Түркияның дипломатиясындағы үлкен табысымен 3 миллионнан көп адамның жан амандығы мен мал амандығы қорғалды. Осылайша Түркия адам баласына үлкен үлес қосқан болды.

Енді бір тақырыпқа өтетін болсақ, Ресейдің ұшағы құлағаннан кейін Ресей лауазым иелері Израильді қатал түрде айыптағанымен Мәскеу кейін келе тіпті жұмсақ тілдер қолданды. Израиль мен Ресей арасындағы байланыс дағдарысқа айналмағанымен, Ресей Асад режиміне S-300 Әуе қорғаныс жүйелерін тапсырып беріп, Израильдің Сирия әуе кеңістігіндегі алаңын тарылтты. Израиль ұзақ уақыттан бері Сирия әуе кеңістігін қолданып, Сирия ішіндегі Иран және Хизбуллах күштеріне қарсы әуе шабуылдарын ұйымдастырып келген еді. Ресей Әуе қорғаныс жүйелерінің ешқашан Израиль ұшақтарына қарсы әрекет жасамауы және Режимнің әуе қорғаныс жүйелерінің жеткіліксіз болуымен Израиль операцияларын оңай жасап келген болатын.

Ресейдің Асад режиміне S-300 Әуе қорғаныс жүйелерін тапсырып беруі алғаш рет Израильдің әуе операция жасауына кедергі болуымен бірге S-300 Әуе қорғаныс жүйелерінің басқа ықпалдары да бар. Болашақтағы оқиғалардың бағыты бойынша төтенше бір жағдайда Асад режимі S-300 Әуе қорғаныс жүйелері арқылы әрі АҚШ басшылығындағы халықаралық коалициясына қарсы, әрі Түрік әуе күштеріне қарсы тұра алады. Режимнің осы бағыттағы күшінің артуы тек Израильді ғана емес, Сирия әуе кеңістігін қолданатын барлық актерлерге ықпал жасайтын әлеуетке ие.


Этикеттер: Сочи , Ресей , Сирия

Ұқсас жаңалықтар