Кыршехирлік ғұлама - дана Ашык Паша

Анатолының дана - ғұламалары 43

Кыршехирлік ғұлама - дана Ашык Паша

Айналамызда күн сайын сансыз оқиғалар болуда. Бұл жағдайға үйренгеніміз соншама көптеген нәрсені көрместен келіп, сондай-ақ кейбір аса маңызды оқиғаларға иегімізді қағамыз. Назарымыз ауған оқиғаларға алдымен көңіл бөліп, кейін оларды санамыздың тереңдігінде ұмытуға тастағанымыз да аз емес.

Дегенмен Анатолы дәруіштері адамды болмыстың дәні сияқты қабылдағаны үшін айналасындағы әр нәрсеге назар аударады. Қолдарына жеткен әр мағлұмат арқылы болмыс пен өздерін одан жақсы таниды. Сондықтан қастарында бір жапырақтың өзі тербелгенде оған мән беріп, ғибраттық көзбен қарайды.

Дәруіштерге қарағанда әлемдегі әр нәрсе киелі бір әннің ноталары секілді. Осыларға қарап есінеуі де, оларда сиқырлы бір әуен есітіп Аллаға қайран болуы да мүмкін. Анатолы дәруіштері әрқашан екінші әдісті таңдайды, неге қараса Алланы көреді, нені естісе Алланы естиді. Дәл Кыршехирлік ғұлама - дана Ашык Паша сияқты:

Тоқтасам, сенімен тоқтаймын,

Қарасам, сенімен көремін,

Қай жерде жүрсем,

Көңілім сені жақтайды.

 

Сөз айтқызған тілімде сен,

Билеген көңілімде сен,

Сенен келеді пайда мен зиян,

Не іс келеді менің қолымнан.

Сөздің сұлтаны, нанымның дәлелі, ақиқат мәселелерін шешуші және киелі қазынаны ашушы Ашык Паша 14-ші ғасырдың ең үлкен сопыларының бірі болып табылады. Хорасаннан келіп, Кыршехирге қоныс аударған атақты бір отбасының мүшесі. Атасы Ильяс пен әкесі Мухлис Паша Селчуклу дәуірінің маңызды тұлғалары арасында орын алады. Немерелерінен Ашыкпашазаде болса Османлының ең үлкен тарих жазушыларының бірі болатын.

Ашык Пашазаде дүниеге келген зиялы ортаның артықшылығымен өте жақсы білім алған. Дін мен пән ғылымдарында жоғары білім алып, араб тілі, парсы тілі, армян тілі және иврит тілі сияқты шет тілдерін меңгерген. Жастық шағынан бастап, өзін халықтың тәрбиесіне арнаған Ашык Паша 60 жылдық өмірінде Анатолы ғылымының үлкен ұстаздарының бірі болған.

Османлының құрылуында қызмет еткен және қысқа уақыт Мысырда өкіл ретінде қызмет еткен Ашык Паша негізгі уақытын кітап жазуға арнаған. Әсіресе де «Гарипнаме» атты шамамен 11 мың жолдан тұратын шығармасы түрік тілінің негізгі классикалары арасынан орын алады.

Ашык Паша шығармаларында бір дәннің қалай көгергеніне де, ата-анасыз балаларға қалай ие шығатынына да назар аударады. Жас қыздардың мәселелерімен де, мемлекет басқару өнерімен де шұғылданады. Адамның биологиясын да зерттейді, жұлдыздар мен ғаламшарды да. Барлық осыларды жасаған кезде жаратылыстың адамның көрінісі екендігі түсінігінен жолға шығып, толық түрік тілімен жазылған шығармаларымен бұл сананы Анатолы ғылымына сырып жасайды.

Бір әдебиет сыншымыздың айтуына қарағанда, Ашык Паша «Османлы құраған әлем мемлекетінің ойлау мен рухани негізін қалаған» тұлға болып табылады. Осы тұрғыдан әрі түрік тілінің дамуына, әрі Анатолы ғылымының өсуіне қосқан үлесімен мәдениет мұрамызда таңдаулы бір орынға ие.

 «Кек алу суық желінетін бір тағам». Бұл сөзді соңғы кездері жиі естиміз. Адамдар күнделікті сөздерінде немесе әлеуметтік медиада мұндай сөздерді бір-біріне үлкен бір даналық сияқты айтады. Теледидарларда естіген мұндай сөздер уақыт өткен сайын халықтың санасына орнайды және бір мәдениет құрайды. Бұл мәдениет құрамында да кек алу сияқты нәрселер мақтаныш секілді қабылдана бастайды.

Ал біздің мәдениет құрылымымыз басқа құндылықтардан нәр алады. Мысалы Юнустар, Әмір Сұлтандар және Ашык Пашалар тәрбиеленген бұл жерде кек алу жеуге онша ыңғайлы бір тағам емес. Біздің дастарханымызда кек алудың орны жоқ, болмауға тиісті.

Адам баласын жолдан тайдыратын ең белгілі нәрселердің басында кек алу сезімі келеді. Көбінесе кек алуға тиісті бір жағдай жоқ кездің өзінде бізге көп жамандық істеткізеді. Алайда басқа біреудің шырағын өшіру біздің шырағымыз жарқырата түспейді. Жасайтын нәрсесі тек қана арамыздағы қашықтықты арттырып, бізді бір-бірімізден, адамгершілігімізден және ең негізгі қасиеттерімізден алыстату. Кек алу «эшреф-и махлукат» (абыройлы мақұлық) болған адамның қиянатынан басқасы емес.

Анатолы дана – ғұламаларының қайсына құлақ түрсеңіз бұл қиянатқа қарсы ескертулер естисіз. Әр сөздерімен бізге негізгі мақсатымыздың басқаларға зиян келтіру емес, одан көр адамгершілік екенін еске салады. Осы себепті күнделікті сөйлеген сөздерімізде Голливуд фильмдеріндегі сөздерден емес, олардың сөздерінен үзінді алып оқу рухымызды одан әрі толықтырады. Дәл Ашык Пашаның мына сөздері сияқты:

Маған у ұсынған кісі,

Сәтті болсын оның ісі,

Жеңілдесін қиын ісі,

Қолы жететін болсын оған.

 

Маған қайғы тілеген

Сәтті тіршілік тапсын әлемде.

Кім өлгенімді қаласа,

Мың жыл өмір берілсін оған.

Әрқашан бір өлшем үстінде болу - Анатолы даналарынан бізге ұласқан маңызды бір тіршілік ережесі.

Тіршілігімізде әрине ізденістер болады дегенмен ақыры мықты бір өлшемге, бір нысанаға қажеттілігіміз бар. Өйткені өмір - ұзақ бір жол, нысанасын анықтамаған жолаушылар бұл жолда есалаң болуға мәжбүр. Анатолы дәруіштерінің осы халық үшін белгілеген өлшемі «бірлік» өлшемі болып табылады. Қоршаған ортадағы әр нәрсе жүрек бірдей соғатын бірлік өлшемі. Өмірдің маусымы өтіп, айналамыздағы әр нәрсе өзгереді. Өзгермеген жалғыз нәрсе - қоршаған ортаны қоршаған киелі бірлік...

«Инсан-ы камил» яғни, адам қол жеткізетін ең жоғарғы мәртебеге баратын жол алдымен болмыстағы бірлікті түсінуден өтеді. Кейін мұны сезіну және ең соңында тойымды өмір сүру керек. Махаббат та дәл осында туады. Адам өзін ешбір нәрседен бөлек ойлайтын, жеке мүдделерін толығымен ұмытқан жерде. Сонда ол баршамен бірге тыныс алып, баршамен бірге өмір сүреді. Және киелі тәртіптің бір бөлшегі ретінде жүрегі тек қана махаббатпен соғады.

Иә, бұл бірліктің жүрегі махаббатпен, дәруіштермен соғады.Негізгі аты Али болса да Хаққа деген махаббаты себепті «ашык» (ақын) деп аталған Ашык Пашалармен соғады. Және бұл дана – ғұламалар бізге әр қашан махаббатты түсіндіреді, осы жолға шақырады. Ғасырлар бойы еш тоқтамастан...

Махаббаттан басым тыныш сияқты,

Қай жерге барсам жолдас сияқты,

Толығымен он екі ай мас сияқты,

Махаббаттан ішкен жанымыз.

 

Бағындық махаббатқа,

Қараған жоқпыз дүние мүлкіне.

Түстік дәруіштердің жолына

Толықты иманымыз...



Ұқсас жаңалықтар