Түрікменстанның НАТО-мен қарым-қатынастары

Түрік сыртқы саясатының бағдары 43

Түрікменстанның НАТО-мен қарым-қатынастары

Еуразияның маңызды елдерінің бірі ретінде Түрікменстанның Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымымен (НАТО) ынтымақтастығы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) ыдырағаннан кейін 1992 жылдың наурыз айында басталды. Түрікменстан да басқа КСРО мемлекеттері сияқты Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы Кеңесіне (NATO) қосылды. (Осы ұйым кейін Еуропа-Атлантикалық Ортақтық Кеңесі (ЕАОК) деп аталды.)

1992 жылы шілде айында Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Конференциясы Хельсинки Саммитінде Түрікменстан президенті Сапармұрат Түрікменбашы Түрікменстанның сыртқы саясатының негізі ретінде «Бейтарап Ел» мәртебесіне бағынатынын жариялады. Бірақ бұл 1994 жылы мамыр айында Түрікменстан мемлекетінің НАТО-ның Бейбітшілік үшін ортақтық бағдарламасына қосылған алғашқы Орталық Азия елі болуына кедергі болмады.

Белсенді бейтараптықтан тұрақты бейтараптыққа айналған мәртебесі 1995 жылы желтоқсан айында БҰҰ Бас ассамблеясы тарапынан ресми түрде танылды. Осыған қарамастан Түрікменстан аталмыш жылы Бейбітшілік үшін ортақтық бағдарламасы аясында алғашқы ортақтық бағдарламасын қабылдап, НАТО-мен ортақ жұмыстана бастады.

НАТО-ның Түрікменстанға деген артқан қызығушылығын көрсеткен тағы бір жаңалық – 2003 жылы тамыз айында Каспий жағалауындағы Түрікменбашы қаласы маңында болып өткен және 2500 түрікмен әскер қатысқан «Asuda Watan» атты анти террористік әскери жаттығуға НАТО-ның бақылаушы жіберуі. Дегенмен Орталық Азиялық көршілеріне керісінше Түрікменстан НАТО-ның қамқоршылығында болып өткен әскери жаттығуларға ешқандай қатыспаса да, анда санда бақылаушы жіберіп отырады. Бұл экономикалық, саяси немесе қауіпсіздік ынтымақтастығы шараларына қатысудан бас тартқан президент Түрікменбашы қадағалаған изоляциялық сыртқы саясат және бейтараптық мәртебесіне сәйкес келеді. Басқа Орталық Азия мемлекеттерімен салыстырғанда Түрікменстан мен одақ арасындағы екі жақты ынтымақтастық одан да шектеулі. Түрікменбашы қайтыс болған соң 2007 жылы 11 ақпан күні болып өткен сайлау нәтижесінде дауыстардың 89,23 пайызын жинаған Құрбанқұлы Бердімұхамедов Түрікменстанның екінші президенті болып сайланды.

Бердімұхамедов Түрікменстанның НАТО-ны да қамтыған сыртқы әлеммен қарым-қатынастарын қайта жандандыру үшін қадамдар басты. 2007 жылы қараша айында Бердімұхамедов Брюссельдегі НАТО штабына барды. Осында НАТО Бас хатшысы Яаап де Хуп Схеффермен (Jaap de Hoop Scheffer) бас қосты. Жүзеге асқан келіссөздер кезінде тараптар Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік жағдайын қолға алды. Сондай-ақ тараптар Бейбітшілік үшін ортақтық бағдарламасы аясында және одақтың Ауғанстандағы ISAF қызметінің бір үзігі ретінде Түрікменстан мен НАТО арасында практикалық ынтымақтастықты жетілдіруді қабылдады. 2008 жылы сәуір айында президент Бердімұхамедов Брюссельде НАТО Саммитіне қатысты. Осы жағдайды Түрікменстанның халықаралық абыройын жетілдіру, изоляцияны азайту және Түрікменстанның сыртқы саясат таңдауларын кеңейту талпыныстары ретінде бағалауға болады.

Қазіргі таңда болса Түрікменстан ортақ қызығушылық танытқан салалар тақырыбында НАТО-мен ықпалдасуды жалғастырады. Түрікмен лауазымдылар НАТО мен мүше мемлекеттер тарапынан ұйымдастырылған әртүрлі курстарға қатысуда. Түрікменстан одақтың Бейбітшілік және Қауіпсіздік үшін Ғылым (SPS) бағдарламасы аясында НАТО-мен белсенді түрде ынтымақтастық жасайды. Осы бағдарлама нәтижесінде ортаға шыққан жаңалықтар Түрікменстандағы интернет байланысы инфрақұрылымына үлкен қолдау берді. Сондай-ақ академиктер мен жас ғалымдарға халықаралық ғылыми қоғамдармен зерттеу ортақтығын жетілдіру мүмкіншілігі ұсынды.

Түрікменстанның бейтарап ел ретінде ресми мәртебесі НАТО-мен ынтымақтастығына кедергі жасамайды. Алайда жақын болашақта Түрікменстанның шектеулі қатысушы саясатына қайта көз жүгіртіп, одақпен қарым-қатынастарын одан да арттыруын күтпеймін. Әйтсе де тұрақты бейтараптық мәртебесі Түрікменстанның Ресей, Қытай және батыспен ынтымақтастығында баланс құруына және кезкелген аймақтық блокта мүшеліктен бас тартуына көмектеседі. Осыған қоса елдің жаһандық экономикаға интеграциялау, сондай-ақ көрші елдер және халықаралық ұйымдармен одан көп ынтымақтастық пен келіссөз ашуға бағытталған талпыныстарын байқаусыз қалдырмаған жөн. Осы тұрғыдан президент Бердімұхамедтің әскери реформа және модернизациялау процесін толықтыру арманы НАТО-мен одан мықты бір ынтымақтастық үшін мүмкіншілік ұсынады.

НАТО-ның екінші үлкен армиясы ретінде Түркия Түрікменстанның НАТО-мен ынтымақтастықты жетілдіруін қолдайды. Түркия мен Түрікменстан - Түрік дүниесі ішінде Оғыз тайпасына мүше мемлекеттердің екеуі. Алдағы кезеңде екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықта одан терең қарым-қатынас жетілдіруді нысанаға алған ауқымды стратегиялар ортаға қою керек. Осы стратегиялар орта және ұзақ мерзімді бір перспективадан мемлекеттік бағдарлама ретінде іске қосылуы керек. Аймақтық экономикалық саясаттардың жетілдірілуінде азаматтық қоғам мекемелері, мемлекеттік мекемелер, университеттер және ойлау мекемелері (тинг-танг) арасында ықпалды бір ынтымақтастық және координация қалыптастыру керек.

Түркия Республикасы Түрікменстанда жұмыс істейтін және маңызды жобаларға қолтаңба қалдырған Түркияның жекеменшік фирмаларын қолдап, бақылауға алуға тиісті. Табысты болғандарды ынталандырып, нашар фирмаларды іріктеп алу керек. Түркия осы фирмалардың жоғары деңгейлі басшылары мен техникалық қызметкерлерін мекемелік дипломатиялық мақсатта жұмсап, оларды лобия жұмыстарында пайдаланғаны дұрыс.

Қорытып айтқанда, араларында Түрікменстан да бар Түрік Республикалары күдіксіз түрік сыртқы саясатының теңдік ізденістерінде маңызды бір тұғырда орын алуда. Осы аяда тарихи байланыстарға қоса, Түркияның рационалды сыртқы саясаттағы таңдауында Түрікменстанның өзіндік мәні бар.



Ұқсас жаңалықтар