Садреддин Коневи

Анатолының дана - ғұламалары 44

Садреддин Коневи

Хақ достары дін іздеушілер болып табылады. Яғни, өлшемді және теңдікті іздейді. Ақиқат жолаушыларына тұзаққа түспестен, нысанаға адаспай жетудің жолдарын көрсетеді.

Тіршілігіміз бір нәрселерді таңдау және шешім қабылдаумен өткені себепті таразыны тура ұстай білу керек. Міне, дәруіштердің сөздері осы туралықты қамдайтын кіші салмақтарға ұқсайды. Олар – бізге қажет кезде ауыр, қажет кезде жеңіл болуды үйреткен ұстаздар.

Көңіл ғимаратын дәруіштердің сөздерімен ғана теңдікте ұстай аламыз. Кейде «химиямыз» бұзылғанда олардың естіген бір сөзі бізге тура жолды көрсетеді. Бізді тірі ұстаған теңдіктің тұстары болады.

Бағаналар арқылы ғимарат қалай аяқта тұрса, дәруіштер де Анатолы ғылымына солай қолдау береді.

Міне, бүгін сіздерге осы ғылымның ең мықты бағаналарының бірін, бір дін ұстазы ретінде Садреддин Коневиді таныстырамыз.

Хикмет болашағының інжу-маржандарын құрастырған Анатолы дана – ғұламалары атты бағдарламамызды бастаймыз.

Ұлы ислам ғалымы Садреддин Коневи 13-ғасырдың бастарында Малатия қаласында дүниеге келеді. Селшұқ тұрғыны Медждүддин Исхактың баласы. Жастайынан әкесінен айырылған. Коневи жастығын өте мықты бір ғалымның қанаттары астында өткізеді. Оған алғашқы білімін және сопылық тәрбиесі берген аты ислам әлемінің жан-жағында үлкен құрметпен аталған ғұлама Мухйиддин Ибн Араби болып табылады. Әзірет Ибн Араби сондай-ақ шешесімен үйленген. Өз баласындай көрген Садреддинді ол басқа шәкірттерінен бөлек ұстап, қабілетін шыңдай түскен.

Кейін Эвхадүддин Кирмани сияқты бір ұстаздың разылығын ұстаған Садреддин Коневи кең бір географияда жасаған саяхаттарымен де қызығушылығы мен тәжірибесін арттырған. Ең ақыры Конияға жайғасып, осында Әзірет  Мәулана Джелаладдин-и Румидің көршісі мен досы болады.

Бір-бірін қатты жақсы көрген осы екі хақ ғашығы тәрбиелеген шәкірттер мен шығармалары арқылы Анатолы жеріне ғылым жарығын түсіреді.

Олардың бір-біріне деген сүйіспеншілік пен құрметі жайлы қысқа бір хикая айтыла келеді: Садреддин Коневи бір ғұлама мәжілісінде Әзірет Мәуланаға отырсын деп өз намаз жайын береді. Әзірет Мәулана болса мұны қабылдамайды және «Оны алатын болсам, ақыр заман келгенде сіздің намаз жайыңызға отырғаным себепті қалай есеп беремін?» дейді. Коневи болса намаз жайды ұстап далаға лақтырып: «Сіз баға бермеген бір нәрсе маған енді неге керек?» деп жауап қайтарады.

Садреддин Коневи Әзірет Мәулана сияқты шабытты бір ақын емес еді. Сөздерін ұйқаспен өлеңдетіп айта алмайтын. Ғылыми бір тәсіл қолданғандықтан шығармаларын оқу үшін едәуір жұмыстану керек болатын.

Кітаптарында ұстазы және рухани әкесі Ибн Араби сияқты теориялық түсіндірмелерді пайдаланатын. Бәлкім де сол себептен Конияның өзінде де көп таныла бермейді. Дегенмен Коневи ойлау тарихымыздың ең жарқын тұлғаларының бірі болып табылады. Сопылық тарихының зиялы жазушыларының бірі кітаптарымен сопылық ұғымына кең бағыт берген. Жазған әрбір жолында жаңа ойлау көкжиегінің есіктерін ашқан Коневидің Ибн Араби ойы мен ұғымын ұқтырған тұңғыш ақпарат көзі екені себепті әлемде әжептеуір қызығушысын табатынын қосып айтайық.

Садреддин Коневи дәл ұстазы Әзірет Мухйиддин Ибн Араби сияқты «Эсма-үл Хүсна» деп аталатын Алланың атауларын жол көрсетуші ретінде ұстанған бір ғалым. Оған қарағанда киелі атаулар бізді өз шындығымызға жеткізетін кілт болып табылады. Ақиқатты тек қана солар арқылы ұғу мүмкін.

Бірақ Коневи Эсма-үл Хүснаға неліктен жоғары бағаны береді? Өйткені бұл киелі әсем аттарда әрі Алланы, әрі өзімізді тануға көмектесетін маңызды мағлұматтар бар. Бәлкім осы себепті ислам діні өз сенушілерін тұрақтылықпен киелі атауларды тануға және жаттауға шақырады.

Олар не? Эсма-үл Хүсна әрқайсысы бір рақымшылықты түсіндірген киелі бір өлең. Қайырымды болу, сабырлы болу, абыройлы болу, ғалым және құдіретті болу, сенімді болу, жомарттық, реттеуші және әділетті болу сияқты қасиеттер.

Алла бұл атауларға толық ие, адам болса мүмкіндігінше. Міне Коневи сияқты сопылар мүмкіндігінше бар күштерімен осыларға беріледі. Тіршілікте олармен шұғылданудан артық таңдаулы және маңызды бір міндет болмайды деп ойлайды. Ғаламдағы ең таңдаулы болмыс болған адам өзінен бір бөлшек рухты тасыған Аллаға «Эсма-үл Хүснамен» бағытталу керек.

Айналамызда қарағанда не деген көп мазасыз адамды көреміз. Байғыз құстай ойланатын осы адамдар Нобель сыйлығын алу үшін басын қатырған ғалымдарға ұқсайды. Дегенмен ғылыми бір табыстың артынан жүрген жоқ. Олар тек қана ұсақ мәселелерге беріліп, өздерін қинайтын адамдар.

Керексіз нәрсені ұсақ-түйекті көп ойлау негізінде өте терең бір қайғының шығу тегі. Пәлсапа мен психология тарихы бұл тақырыпқа көңіл бөлген ойшылдарға толы. Барлығы былай айтады: Адам оқиғаларды көбінесе көрінгеніндей емес, сәл басқаша түсіндіреді. Сол себепті де көбінесе шындықтың өзінен аулақ жүреді. Міне, мұны реттеу деген сөз, әлемдегі бақытсыздықтың көздерінің бірін құрыту деген сөз.

Садреддин Коневи сияқты ғалымдардың да негізгі талпынысы осы бағытта. Нәпсіміздің жетегіндегі қате түсініктерді және бұдан туындаған қайғыларды жоюды қалайды. Әзірет Коневидің бізге бұл бағытта көрсеткен жетекшілері де ақыл, сана және киелі қасиеттер болып табылады. Қажетсіз сезім және ойлар себеп болған дауылдар Эсма-үл Хүснаның құзырында өзінен өзі басылады.

Садреддин Коневи - ұстазы Әзірет Мухйиддин Ибн Араби дамытқан «вахдет-и вүджуд» яғни бірлік түсінігінің маңызды бір өкілі. Ғаламдағы әр нәрсенің киелі бір бірлік пен гармония ішінде екенін алға тартқан «вахдет-и вүджуд» түсінігі адамдардағы жауапкершілік сезімін дамытуды нысанаға алады. Өйткені бір бірліктің бөлшегі болу оның ішінде орын алған барлық ұғымдарға қарсы міндетті екеніміз деген мағынаға келеді.Ең маңызды міндетіміз де киелі аттарды қадағалап, ол үшін жаралған рухани деңгейге көтерілу. Нәпсіміз бен замандас әлемге тән көптеген керек емес мағлұмат бізді бұл жолдан адастыруға тырысса да, негізінде бәрі өте ашық: Тіршіліктің ақиқаты ретінде біз - адамдарды үздіксіз өзін дамытуға және толықтыруға шақырады. Алланың ғаламшардағы халифаты болу осы және толығымен де мұны қажет етеді.



Ұқсас жаңалықтар