Еуропаның Ислам түсінігі

Жаһандық перспектива 45

Еуропаның Ислам түсінігі

Қысқа уақыттан бері Еуропада Еуропа Исламы пікірталастары ауқымды түрде жалғасуда. Әсіресе мұсылмандарға бағытталған бір пікірталасқа айналғанына қоса, мәселенің тараптары еуропалық мемлекеттер, қауіпсіздік мекемелері, батыстық академиктер және жазушылар болып табылады.

Пікірталас негізінде орынсыз емес. Жаһандану кезеңінде әртүрлі куәлік, мәдениет, дін және тілден азамат одан көп бір-біріне араласып, бірге өмір сүруде. Бір ортада өмір сүру мәдениеті Османлы мемлекеті сияқты елдерге өте танымал болғанмен, батыс үшін жат бір ұғым. Алдынғы ғасырларда батыс елдерінің әртүрлі дін және мәдениетке тән елдермен қарым-қатынасы отарлау немесе отарлану мәртебесінде болса, осы елдерден адамдардың батысқа көшуі арқылы батыстық елдер айырмашылықтары бар қоғамдармен танысты деуге болады. Сондай-ақ сол кезеңдер замандас, ұлттық-мемлекет ұғымы қалыптасқан кезең еді. Сондықтан айырмашылықтарды қабылдап, бір ортада өмір сүру өте қиынға соққан жылдар болатын.

Исламмен үйлесімді бір Еуропа мәдениеті

Тарихы, діні және мәдениеті әртүрлі адамдар қазір бір ортада одан да көп өмір сүріп жатқанда, осы жағдайға байлап, туындайтын мәселелер тұрғысынан әрине мемлекеттер, мекемелер және зиялы қауым осы тақырыппен шұғылдануда.

Еуропаның Исламы дегендегі мақсат Еуропаға шетелден келген әртүрлі исламдық ұғымдар емес, Еуропаның өз ішінен шыққан және исламмен үйлесімді бастамалардың алға шығуы болатын болса өте түсінікті жайт. Еуропаның Исламы дегенде  тіл, мәдениет, әдістер жиынтығы сияқты салаларда белгілі мөлшерде жергілікті болуын Исламның өзі де қабылдайды. Осы тұрғыдан Түркиядағы Ислам түсінігі мен Қиыр Шығыстағы, Балкандағы, Таяу Шығыстағы Ислам түсініктері және практикалары өзегі бірдей болғанмен, белгілі мөлшерде бір-бірінен өзгешелігі болуы мүмкін. Осы аяда еуропалық мұсылмандардың да өздері келген аймақтармен үйлесімді бір Исламдық практика мен түсінікті емес, Ислам шеңберінен шықпау шартымен Исламмен үйлесімді бір Еуропа мәдениетін, тіршілігі мен түсінігінің алға шығарылуы түсінікті жағдай. Африкадағы, Таяу Шығыстағы, Қиыр Шығыстағы күнделікті өмірді, ережелерді, фольклорлық тақырыптарды, көркем өнер, әдебиет түсінігін Түркияда немесе басқа бір елде гүлдендіруге тырысуды қалайша жақтырмаса, мұны Еуропада да жасауды жақтырмайтынын білу керек. Жек көрушілік негізі осы мәдениеттердің қателігінен емес, барлық қоғамдардың өз жағрапиясымен үйлесімді, өзіне тән мәдени құндылығы бар екенін ескерумен байланысты бір жайт. Өмір сүрген аймақ тұрғысынан осы ортақ мәдениеттен тыс, ашық және мәдени бір қоғамда әртүрлі мәдениеттердің өз дәстүрін жалғастыру талпынысы табиғи нәрсе.

Исламмен үйлесімді бір Еуропа мәдениеті тек қана Еуропаға келгендер тұрғысынан емес, Еуропаның тұрғысынан да бағалауға тиісті бір жағдай. Исламмен үйлесімді бір Еуропа мәдениеті деген кезде, Еуропаның мәдени генетикасында болған нәсілшілдік, фашизм және нацизим сияқты тақырыптарды да сыртта қалдыру керектігі жайлы айтқан боламыз.

Еуропа Исламына назар аудару кейбір жағдайларда Еуропаға келгендердің тепе-теңдік, еркіндік, адам құқығы, пікір алуандығы (плюрализм) айырмашылықтарына қоса, өмір салты сияқты жаһандық құндылықтарға ие болмағандарын айтуға бағыттау ретінде де қолданылады. Ал еуропалықтар жақын уақытта осы құндылықтардан одан да алыстады деп айтуға болады. Босқындарды адам деп есептемейтін бір ұстаным, артып отырған босқын мен Ислам дұшпандығы еске түсетіндердің алғашқылары арасында. Сауалнамаларға қарағанда «өзгеден» келген үрей жұмыстасы немесе көршісі ретінде өзгелерді қаламаушылар санын артуда.

Либертариан емес, қауіпсіз бір Еуропа Исламы ұстанымы

Жазылғандар мен батыстық мемлекеттердің істеріне қарағанда Еуропа Исламы пікірталасы азаматтық, мәдени және құндылықтарға бағытталған бір пікірталас сияқты емес. Еуропа елдері осы пікірталасқа одан көп қауіпсіздік тұғырынан қарайды. Әйтсе де осы себепті бұл жұмыстар әсіресе мәдениет, бір ортада өмір сүру, пікір алуандығы, айырмашылық емес, қауіпсіздік тұрғысынан барлау және қауіпсіздік мекемелері тарапынан жүргізілуде.

Бір қауіпсіздік мәселесі болса, әрине қауіпсіздік ауқымында шара қолданылады. Бұл талас болмайды. Алайда миллиондаған адамға қатысты азаматтық, әлеуметтік, мәдени, саяси проблемаларға тек қана қауіпсіздік перспективасынан қарау мәселелерді тек қана күрделендіре түседі. Мемлекеттерге жат жаңа жағдайлар үшін кеңес құру толығымен түсінікті және қажетті бір жағдай. Бірақ осы талпыныстар түсіністікке бағытталуға тиісті. Қысымға алуға, өзгертуге, соттауға бағытталмауы керек. Еуропалық мемлекеттер осы себепті құрылған Ислам кеңестері сияқты кеңестерге Исламмен байланысы жоқ тұлғаларды тағайындаудың орнына, осы кеңестердің мұсылмандар тарапынан құрылуын ынталандыру керек. Осы жұмыстар қауіпсіздік немесе барлаумен байланысты мекемелер тарапынан емес, одан да азаматтық мекемелер тарапынан жүргізілуге тиісті.

Мұсылмандардың міндеті...

Еуропа Исламы тұрғысынан мұсылмандардың өз міндетін орындамағанын атап көрсету және тек қана тиісті елдерді сынға алу ақлақтық бір ұстаным емес. Қазір батыста өмір сүрген мұсылмандардың оқуы, экономикалық, саяси, зиялы, академиялық қауымға қосылу проблемалары болса, қылмыс жасау көрсеткіштері жоғары, жұмыс мәдениеті жеткіліксіз десе, осы тақырыптарда мұсылмандар мен олардың ұйымдарына үлкен жауапкершілік түседі.

Әйтсе де өздері өмір сүрген елдерде өздеріне өкілдік жасау және түсіндіру проблемаларына назар аудару керек.

Тиісті ел лауазымдыларымен одан да жақын жұмыстанып тікелей және ашық қарым-қатынастар орнатып, қалыптасқан немесе қалыптастырылған үрей климатын жоюға бағытталған жұмыстарды ортаға қоюлары күтіледі.

Қоғамдық ролін жоғалтқан бір Ислам Еуропаға не әкеледі?

Кейбір орталардың Еуропа Исламы арқылы қол жеткізгісі келген нәрсе - қоғамға, жанұяға, адамға қатысты барлық қауесеттерден тазартылған бір Ислам немесе мұсылман арманы. Ал Еуропада бірлігі бұзылған жанұялар, иесіз қалған балалар, қан араласуы (ensest), гомосексуалды қарым-қастынастар, есірткі қолданысы әлемнің басқа елдерімен салыстырыла алмайтындай түрде кең тараған. Еуропа қоғамдық құндылықтар тұрғысынан, гуманитарлық әр нәрсе жылдам жоғалған, жоғары экономикалық қанағаттанарлық деңгейімен адамдарға заңды және жай қарым-қатынастар жетіспейтін азғырушы бір ғасырда өмір сүруде. Исламдық құндылықтар - бәлкім осы тақырыптарда әзірге құламай қалған соңғы қамал. Осы себептен қоғамға, жанұяға, адамға қатысты табандылығы жойылған бір мұсылманшылық тек қана Еуропаның құлдырауын жылдамдатады.

Христиан және еврейлер де мұсылмандарға қолдау беру керек

Осындай мұсылмандықтың ешбір пайда әкелмейтінін, иудалық (еврей) және христиандықтың осыған ұқсас кезеңдерінде байқадық. Қоғамдық құндылықтарға осыншама зиян келуіне, ақлақтық құлдырау, үлкен менмендікке христиандар мен еврейлерде мазасыз деп ойлаймын. Сондай-ақ адами құндылықтардың толығымен жойылғанына мазасызданған зайырлылар да. Негізінде христиандық пен иудалықтың да өзінде бар осы құндылықтардың жойылуына олар да наразылық көрсетуге тиісті.

Еуропалық мұсылмандар өз күн тәртіптеріне ие болуы керек

Осылардың барлығының аржағында мұсылмандар Африкада да, Америкада да, Қытайда да, Үндістанда да, Таяу Шығыста да және тақырыбымыз тұрғысынан күдіксіз Еуропада да өз күн тәртібіне ие болуы керек. Қалай? десеңіз, оны да келесі апта жалғастырайық!



Ұқсас жаңалықтар