Иранға бағытталған екінші саты санкциялар және Түркия

Түрік сыртқы саясатының бағдары 46

Иранға бағытталған екінші саты санкциялар және Түркия

АҚШ-тың Иранға қарсы эмбаргосының екінші сатысы 5 қараша күні іске қосылды. Екінші сатыда мұнай мен табиғи газдан бастап, энергиямен байланысты барлық өнімдердің саудасы, порт менеджменті, кеме, сақтандыру және халықаралық банк салаларымен байланысты қызметтер санкция құрамына алынды. Сол күннен бастап Иран Ұлттық мұнай фирмасы, Иран мұнай сауда фирмасы және Ұлттық танкер фирмасына халықаралық шектеулер келтірілді. Осылайша экономикасы көбінесе мұнайға бағынышты Иранның мұнай және өнімдерін экспорттауға жаңа санкциялар іске қосыла бастады. «Facts Global Energy» мағлұматтарына қарағанда Иранның мұнай экспорты сәуір айының өзінде азая бастаған көрінеді. Аталмыш көрсеткіштерге қарағанда санкция Иранның шамамен 3 миллион баррель болған бір күндік мұнай экспортын 2 миллион баррельге қысқартып, 1 миллион баррельмен шектеуді нысанаға алады. Қараша және желтоқсан айларында Иранның күнделікті мұнай экспортының 1,3 және 1,4 миллион баррель, ал 2019 жылдың ортасынан бастап экспорттың күніне 1 миллион баррельден төмен болатыны болжалуда.

Мұнай өндіруші елдер Иран санкциясының нарыққа ықпалын азайту үшін  өндірістерін арттыратындарын және аталмыш өндіріс мөлшерін жалғастыруға табанды екендерін атап көрсетті.

Осы жағдай жаһандық нарықтарда Иранға бағытталатын мұнай экспорты эмбаргосынан туындайтын ұсыныс бағасын теңгереді. Жаһандық мұнай бағаларының қысқа мерзімді өсуінің артынан жаңадан теңгеруі мүмкін. Сондықтан алдағы кезеңде мұнай бағаларының 75-85 доллар мөлшеріндегі бағытын жалғастыруы сюрприз болмайды. Қолдағы мағлұматтар мұнай нарығында ұсыныстың жоғарылап жатқанын көрсетеді. Халықаралық Энергия Агенттігінің (IEA) айлық мұнай нарығы рапортына қарағанда OPEC-тің шикі мұнай өндірісі күніне 100 мың баррель артып, 32 миллион 780 мыңға ұласты. Осы соңғы бір жылдағы ең жоғарғы мөлшер болып табылады. Қыркүйекте OPEC құрамында күнделікті тұрғыдан өндірісін ең көп арттырған Сауд Арабиясы болды. Осы елде күніне мұнай өндірісі 100 мың баррель артып, 10 миллион 520 мың баррельге ұласты.

АҚШ іске қосқан жаңа эмбаргоның маңызды бір ерекшелігі бар. Осы эмбарго тек қана Иранды емес, онымен жұмыс істейтін елдерді де нысанаға алады. Түркияға қоса бірнеше ел осы эмбаргодан шектеулі түрде, уақытша тыс қалдырылады. Трамп әкімшілігі осылайша Иранды қазірге дейін бұрын-соңды жасалмаған қаталдықта бір экономикалық қысымға алады.

Естеріңізде болар, Трамп президенттікке үміткер кезінде Иранмен 2015 жылы қол қойылған ядролық келісімге қарсы шыққанын жариялаған еді. Президент боп сайланған кезде келісімді «сценарий» деп атап, бағалаған аталмыш келісімнен бір жақты түрде шегінетінін білдірген болатын. Ақыры өткен мамыр айында осы уәдесін орындады және АҚШ-тың келісімнен бір жақты бас тартқанын мәлімдеді.

Осыған себеп ретінде Трамп әкімшілігі аталмыш келісімнің Иранға ядролық қаруларды жетілдіруден бас тартқыза алмайтынын алға тартты. Алайда эмбаргоның тағы бір себебі бар. Ол - Иран режимінің экспансиялық бір сыртқы саясат жүргізуі, Сирия дағдарысына араласуы және Хизбуллах пен басқа да террористік топтарға қолдау беруі.

Трамп эмбарго арқылы Иран режимін осы саясаттардан бас тартқызуды мақсат етеді. Жоспарға қарағанда эмбарго салдарынан ішкі экономикалық дағдарыс өрбіп, халық ашуланады және режимге қарсы бағытталған қысымдар арта түседі. Ақырында Иранда не билік төңкеріледі не болмаса Иран саясаттарын өзгертуге мәжбүр болады.

Түркия Иранға бағытталған санкциялар бір жақты болғандықтан бұған қарсы шығып отыр. Иран Түркияның табиғи газ импорты тізімінде екінші орында. Түркия Ираннан жылына шамамен 9,5 миллиард текшеметр табиғи газ сатып алуда және келісім шарттағы үкімдерге сәйкес Түркияның ұсыныс қауіпсіздігіне орай бұл сауда жалғаспақ. 2017 жылғы мағлұматтарға қарағанда Түркияның мұнай импорттаған елдер тізімінде бірінші орында Иран тұр. Түркияның Ираннан мұнай импортын уақыт өткен сайын басқа елдерге жылжыта алатыны алға тартылады. Қосымша ретінде Түркия қысқа мерзімде Иранмен жүргізген сауда-саттық қарым-қатынастарды отандық валюта арқылы жүзеге асыруды ұсынуы мүмкін. Сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерінің тұтынуында үнемдеу арқылы нарықтарда пайда болатын ұсыныстар мен сұраныстар теңсіздігін бұзуы мүмкін.

Бұрынғы үлгілерді салыстырғанда эмбаргоның автократиялық режимдерді өзгерткені онша кездеспейді. Халықаралық қатынастарда экономикалық санкцияларды қолдану тарихи тұрғыдан ерте кезеңдерде басталды. Бірақ санкциялар іске қосылған елдер немесе шешім қабылдаушылар назарында армандаған саяси өзгерістерді қамтамасыз етуде өте сирек табысқа жете алады. Саясаттану ғылымына қарағанда халықаралық және экономикалық тұрғыдан санкциялар сауда көлемі мен экономикалық өнімді азайтады және қоғамдық тыныштықты бұзады. Сондай-ақ санкцияға ұшыраған режимдердің зардап шегу түсінігі қалыптасқан қоғамдар басшылардың шаңырағында бірігуі мүмкін немесе санкцияны бастаған күштерге қарсы халықаралық одақтардың да қозғалғаны жөнінде көптеген анализді кездестіруге болады. Санкциялар өкінішке орай халыққа керісінше септігін тигізеді, қиыншылықтарды қашан да  азаматтар бастан кешеді. Осындай санкциялардың әсіресе диктаторлық режимдерге ықпалдарының бірі болса радикал сөйлемдерді арттырып, радикализмді асқындыруы. Иранға бағытталған жаңа санкциялардың осыған ұқсас нәтижеленуі әбден мүмкін. Бұл жағдайдың Иран режимінің Таяу Шығыс саясатын одан қатаң ұстанымға көшіруі мүмкін.

Қорытып айтқанда, аталмыш эмбарго халықаралық платформада жаңа дағдарыстарға жол ашады. Экономикалық салада болса мұнай бағаларында болжалмаған жаңалықтар көптеген елде инфляция мен әлсіздікке бағыт алуы ықтимал.



Ұқсас жаңалықтар