Памуккале (Денизли)

Памуккале – Түркияның табиғи сұлулығымен назар аударған аймақтарының бірі...

Памуккале (Денизли)

Памуккале – Түркияның табиғи сұлулығы бар аймақтарының бірі... Аймақтағы ежелгі Хиерополис 1988 жылынан бері ЮНЕСКО Әлем мұра тізімінде орын алады. Әрі мәдени, әрі табиғи мұра болып қабылданады.

*   *   *

Памуккале Түркияның батысында, Эгей аймағында орналасқан Денизли қаласында орын алады. Чалдағының оңтүстік етектерінен келген құрамында кальций оксиді бар көрікті ақ травертиндер келушілерге керемет бір сұлулық ұсынады...

Памуккале травертиндері 2 мың 700 метр ұзындығында және 160 метр биіктігінде… Осы себепті жылтырақ ақ түсімен бірнеше шақырымнан байқауға болады.

Денизлиге 2 шақырым қашықтықтағы осы алаң сондай-ақ әртүрлі ауруларды емдегені алға тартылған шипалы суларымен де атақты… Температурасы 35-36 градустық 5 жылы су көзі бар.

Аймақтағы археологиялық Хиерополис қаласы ежелгі дәуірлерден келе жатқан ең басты орталықтардың бірі болып табылады. Жас Эллендік және ерте христиандық дәуірлерге тиесілі жәдігерлері назар аударады.

Ежелгі қаланың б.з.б. 2-ғасырда Пергамун патшаларының бірі Эуменес II тарапынан құрылғаны, есімін болса Пергамунның құрушысы Телеппостың жұбайы Херадан алғаны болжалады. Христиан дінінің тарауында маңызды рөл атқарған Хиерополис сондай-ақ Иса пайғамбардың 12 серігінің бірі ретінде Әзіз Филиппус өлтірілген қала. Осы себепті б.з.к. 4-ғасырда оны еске алу үшін дін орталығы болып жарияланған, кейін Шығыс Рим империясының билігіне өткен және Епископ орталығы болған.

Ақпарат көздеріне қарағанда Хиерополис кезінде метал мен тас ұсталығы, тоқыма маталармен танымал бір қала болған...

*   *   *

Теңдесі жоқ табиғи сұлулығымен Памуккале мен ежелгі Хиерополис қаласына барсаңыз, аймақтағы шипажайларды пайдаланыңыздар. Әппәк травертиндердің үстінен Күннің батқанын қадағаламай, жақындағы үңгірлер мен сарқырамаларды көрмей қайтпаңыз!

Сондай-ақ Денизлинің танымал қол тоқымаларын алуыңызды, жергілікті тағамдардан болса пиде мен кәуапты ұсынамыз.



Ұқсас жаңалықтар