Канада-Түркия Бизнес Форумы өтті

Майк Вард «Бұдан кейінгі жиналысқа тіпті көп адаммен қатысуымыз керек» деді.

Канада-Түркия Бизнес Форумы өтті

Майк Вард «Бұдан кейінгі жиналысқа тіпті көп адаммен қатысуымыз керек» деді.

Канада-Түркия Бизнес Кеңесі бас директоры Майк Вард канадалық фирмалардың Түркиядағы орайларды жақсы пайдалануы керектігін білдіріп, «Бұдан кейінгі жиналысқа тіпті көп адаммен қатысуымыз керек. Екі ел арасындағы сауда және жұмыс орайларын да арттыруымыз қажет» деді.

Канада-Түркия Бизнес Форумы Түркия палаталар және биржалар одағы залында ұйымдастырылды.

 Вард Форумда сөйлеген сөзінде Канаданың форумға кеншілік, энергия, жоғарғы технология, егіншілік, құрылыс және инфрақұрылым сынды маңызды секторларда жұмыс істеген іскерлермен қатысқанын білдірді.

Түркия мен Канада арасында маңызды бір экономикалық потенциальдың болғанын білдірген Майк Вард канадалық фирмалардың, әсіресе егіншілік, кеншілік, энергия, жоғарғы технология, қоршаған орта және инфрақұрылым сынды салаларда Түркиядағы орайларды жақсы пайдалану керектігін айтты.


Этикеттер: бизнес , энергия , Канада

Ұқсас жаңалықтар