Жаңа жылда ереуілге шығады

Париждегі әуежайда 22 желтоқсан-5 қаңтар күндері арасында ереуіл болады.

Жаңа жылда ереуілге шығады

Францияның бас қаласы Париждегі Orly әуежайының қызметкерлері еңбек келісімшарттарына енгізілуі жоспарланған өзгерістерге қарсы наразылық білдіру мақсатымен жаңа жыл демалысы кезінде ереуілге шығады.

Жалпы еңбек кәсіподағының хабарламасында әуежайы қызметкерлерінің ереуілге шығу шешімін қабылдап,  жұмысқа шықпайтындары білдірілді.

Жаңа келісімшарт қабылданған жағдайда қызметкерлердің шығынының көп болатыны білдірілген хабарламада 22 желтоқсан-5 қаңтар күндері арасында ереуіл болатыны атап көрсетілген.

Orly әуежайы жылдық 30 миллионнан астам жолаушысымен елдегі жолаушысы көп екінші әуежайы ретінде саналады.



Ұқсас жаңалықтар